Киім және аяқ киім

Әлия Еділбайқызы Бердалина
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданындағы
Астрахан орта мектебінің
қазақ тілі және әдебиет мұғалімі
Қазақ тілі
(Мектепалды тобына арналған сабақ)
Сабақтың тақырыбы: Киім және аяқ киім
Мақсаты: Өткен тақырыппен байланыстырып, меңгерген білімін қайталау. Киімдерді дұрыс айтуға қалыптастыру.
Білімділік:
- Киім тақырыбы төңірегінде сөйлей білуге үйрету. Киім туралы білімдерін кеңейту
- Осы тақырып бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс қолдана білуге машықтандыру.
Тәрбиелік:
- Әдемі, таза киіну әдеттерін қалыптастыру мақсатында тәрбиелік әңгімелер жүргізу.
- Қазақ тілінге қызығушылыққа баулу.
Дамытушылық:
- Сөздік қорды молайту арқылы тілдесім әрекетіне жетелеу.
- Білетін сөздерді бекіту, күнделікті сөйлесуде қолдана білу.
- Сөз ішінде қазақ тіліне тән дыбыстарды (ә, ө, ү, ұ, қ, ғ, і, ң, һ) дұрыс айтуға жаттықтыру.
Сөздік жұмысы: көйлек, жейде, шалбар, бәтеңке, етік, мәсі, құлақшын, тымақ, қолғап, тон, шәлі, орамал, қамзол, сәукеле, бөрік, күртеше.
Көрнекіліктер: үлестірме карточкалар, сандық, киім түрлерінің суреттері, слаидтар, қуыршақтар, косымша материалдар.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, бекіту, ойын-жаттығулар орындату.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
Сәлем берем халқыма,
Сәлем берем жалпыңа,
Сәлемдесу кіреді,
Ата-дәстүр салтына.
- Балаларды түгендеу.
ІІ. Жаңа сабақ
Кіріспе сөз.
- Бүгінгі сабағымыз бастан аяғына дейін «Қуыршақтарды құтқару» ойынына арналады. Жаймашуақ ашық күнде қуыршақтар қыдырып жүргенде, оларды үлкен аю ұрлап әкетеді.
(қуыршақтарды садықтын ішіне жасыру)
- Енді, біз қуыршақтарға көмектесейік.
- Үлкен аю болды қауіпті,
Әкетіп жүр қуыршақтарды.
- Үлкен аю бізге қобдишаны беріп жіберіпті.
Ішінде хат бар, хаттың саны неше қуыршақ болса, сонша тапсырмасы бар екен.
(Балаларға қобдишаның ішінен тапсырманы алып шығып, оқу)
- Егер, осы тапсырмаларды орындасақ, ол қуыршақтарды бір- бірдеп жемей қоя береді.
- Ал орындай алмасақ, қуыршақтарды жеп қояды. Сондықтан, біз тырысуымыз керек.
- Балалар, қуыршақтарды құтқарамыз ба?
- Олай болса, бастайық.
1-тапсырма. «Кім жаңылыспайды» ойыны.
1-ден 10-ға дейін тура санау және кері санау.
1, 2, 3, 4, одан кейін бес дейміз
6, 7, 8, 9. Санап толық бітпейміз.
Тура санау: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10
- Оннан қайта кері санап бірге дейін жетеміз
- Жарайсыңдар, балалар. Аю бір қуыршақты босатты.
Сергіту сәті . Аспанға қарап ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
2-тапсырма. «Жұмбақ - сурет» ойыны.
«Жұмбақ суретте» , бүгінгі мақал жасырылған соны тауып алындар.
(бірінші қатарда: 1- сурет. Адамның суреті және 2 - сурет. Матадан пішкен киімнің суреті;
Екінші қатарда: 1- сурет. Ағаш және 2-сурет . Түрлі түсті жапырақтар.
- Дұрыс. Адам көркі - шүберек, ағаш көрк і- жапырақ.
(Аю бір қуыршақты босатады)
- 3-тапсырманыорындайық. «Кірпіш»ойыны.
(Бұл ойынға үш бала тақтаға шығады. )
- Мен сендерге бірнеше сөздерді орысша айтамын, сендер ол сөздің қазақша аудармасын айтасындар.
- Бастайық. (10 сөз өткен тақырыптардан)
(Мысалы: дедушка, семья, ножницы, ручка, синий, петух, узор, иголка, учитель, певица, строитель, дом, школа)
- Өте жақсы. Аю тағы бір қуыршақты босатты.
- Келесі, 4-тапсырманыорындайық.
«Киім мен аяқ киімдері» ойыны.
(1-сурет. «Қысқы және жазғы киімдер суреті»; 2-сурет. «Қазақ халқының ұлттық киімдері». )
- Суреттер бойынша киімдері атап шық.
- Бәрекелді балалар, бұл тапсырманы жақсы орындап шықтық. Сол үшін аю тағы бір қуыршақты босатты.
Сергіту сәті: Топ-топ, топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық!
Жаса, жаса, алтын күн,
Жаса, жаса, жарқын күн!
- Өте жақсы балалар. Келесі5-ші тапсырманыорындайық. «Кім тапқыр»ойыны.
- Бұл ойында біз дүкеншілерге көмектесуіміз керек. Бір дүкенші «Киімдер дүкенінен», ал екінші дүкенші «Аяқ киім» дүкенінен. Олардың киімдері араласып кетіпті. Біз әр дүкеннің затын орнына орналастыруымыз керек.
- Ол үшін бір бала орталарыңнан шығып, тапсырманы бұлжытпай орындау тиіс.
- Жарайсыңдар, балалар! Аю тағы бір қуыршақты босатты.
- Келесі тапсырманы тездетіп орындайық. Соңғы қуыршағымыз жалғыз қорықып қалар.
- 6 - тапсырма. «Суретші»ойыны. Тақияның суретін бояу.
(Балалардың ішінен кімде-кім тез орындап шықса ондай балаларға слаид тапсырмаларын ұсынуға болады интерактив тақтаның қасында)
Мысалы мынандай:
1 слайд
2 слайд
3 слайд
4 слайд
5 слайд
- Сонымен біз, соңғы қуыршаққа көмектестік.
- Жарайсыңдар. Бәрің де.
- Үлкен аю қорқатын болады сендерден. Себебі, сендер өте ақылды, білімді, тиянақты балаларсындар.
- Бүгін сабақта, өте жақсы жұмыс істедіңдер. Сол үшін, барлықтарыңа, үлкен «Күннің» суретін беремін. Сендерде осы күн сияқты әрдайым жарқырап жүріңдер.
Соңғы сергіту сәтінде балалар «Қара жорға биін билейді».
- Келген қонақтарды да ортаға шақырамыз.
- Назарларыңызға рахмет ! Сау болыңыздар!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz