Ілияс Жансүгіровтің Анам тілі өлеңіне арналған аралас сабақ: мақсаттары, әдістері және бағалау

Сабақтың тақырыбы : І. Жансүгіров «Анам тілі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: І. Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығынан
мәліметтер беру, өлеңнің идеясы мен тақырыбын ашу.
Дамытушылық: Ойлау мен пайымдау қабілеттерін дамыту
арқылы өлеңнен алған әсерлерін бүгінгі өмірмен салыстыру.
Тәрбиелік: Ақын өлеңдерін оқыту арқылы оқушылардың бойында ана
тіліне деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың типі : Жаңа білімді меңгерту және игерілген білімді пысықтау
Сабақтың әдіс-тәсілдері : сұрақ-жауап, түсіндіру, сын-тұрғысынын ойлау элементтері
Сабақтың көрнекілігі : І. Жансүгіров, М. Жұмабаев портреттері, слайд сызбалар, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс : тарих, информатика
Ұйымдастыру ткезеңі :
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
Сынып және оқушылар тазалығына көңіл бөлу;
Оқушылардың назарын сабаққа аудару мақсатымен оларды топқа бөлу;
Сабақ кезеңдері :
I. Қызығушылықты ояту
II. Мағынаны ажырату
III. Ой-толғаныс кезеңі
IV. Қорытынды, бағалау
V . Үйге тапсырма
«. Оқушыларға І. Жансүгіров өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру.
(слайд №3-8)
2. Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтеректің бірі, артына мол мұра, асыл сөз қалдырған І. Жансүгіровтың орны бөлек.
Шалқар мұхиттай мол мұрасына-балаларға арналған өлғең-жырлары да жатады. Соның бірі «Анам тілі» деп аталады.
(слайд №9)
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде
Мәңгі өшпес алаулаған арай бар , -демекші Ілияс ана тілін жырлап өткен ақынның бірі.
Енді, балалар, «Анам тілі» деген тіркесті естігенде ойларыңа не келеді?
Соны жазып шығыңдар
(слайд № 10)
II. 1. Олай болса ақын өлеңімен танысайық.
-Ақын өз өлеңін қалай бағалайды?
-Өлең құрылысына талдау.
-4 шумақ, 16 тармақ, 2-3 бунақты, 11 буынды қараөлең ұййқасы.
Ендеше тілге арналған басқа ақындардың қандай өлеңдерін білесіңдер? Әр топтан бір-бір оқушы шығады.
2 . Келесі тапсырма бойынша әр топ тіл туралы мақал-мәтел айтады. Оқыған кезде мақал-мәтелдің екінші рет қайталанбауы қадағаланады.
3 . Венн диаграммасы арқылы М. Жұмабаевтың «Қазақ тіл і» өлеңімен І. Жансүгіровтың «Анам тілі» өлеңін салыстыру.
(слайд №11, 12)
III. Дулат ақын толғаған өмір сыры, Махамбет жырлаған халық мұңы, Абай айтқан асыл сөз, Жамбылдан жеткен жауһар сөз, Әуезов аспандатқан сөз әлемі жалғасын тауып жатыр ма?
Ой толғау «Тіл- асыл қазына» (слайд №13)
IV. Қорытынды бағалау
V. Үйге тапсырма : (слайд№14)
1. Өлеңді жаттау
2. «Ана тілін білмеген адам қазіргі заманда өмірден өз орнын таба ала ма?» деген мәселе төңірегінде ойланып, пікірлерін дайындап келу.