Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Графикалық редактордың сурет салу кезеңдері

Сабақтың тақырыбы: Кесте. Кестелерді құру. Кестелерді редакциялау.
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларды кесте жасауға ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды үйрету.
2) Жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
3) Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекіліктері: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта.
Ұйымдастыру кезеңдері:
а) оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару;
б) оқушыларды ынталы болуға үйрету.
ІІ. Үйге тапсырма: Құжатты баспадан шығару. ( Оқу).
ІІІ. Жаңа сабақ. Word мәтіндік процессорында кестелерді екі түрлі әдіспен: меню жолындағы Таблица командасының және аспаптар панеліндегі Вставить таблицу батырмасын пайдаланып құруға болады. Меню жолында Таблица <<Вставить>> Таблица командасын орындасақ экранда вставка таблицы диалогтік терезесі шығады.

Бұл терезеге баған саны мен жол санын жазып ок батырмасын басамыз.

Число столбцов опциясының өрісіне кесте бағандарының саны енгізіледі.
Число строк опциясының өрісіне кесте жолдарының саны енгізіледі. Кейін Таблица - Вставить - Строки командасын орындап, жол санын көбейтуге болады.
Ширина столбца өрісінде үнсіз келісім бойынша орнатылған авто параметрін қалдыруға болады, не бағандардың ені бірдей өзгереді.
Кей жағдайларда дайын кестеге баған, жол немесе жекелеген ұяшықтарды қосуға туады. Ұяшық немесе ұяшықтар тобын қосу үшін, алдымен жанына жаңа ұяшық немесе ұяшықтар тобы орналасатын ұяшықты белгілеңдер. Содан кейін Таблица - Вставить - Ячейки командасын орындау керек. Добавление ячеек диалогтік терезесінде жаңа ұяшық кейін не істейтінін: жол, баған қосу немесе ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсетіңдер.
Кестенің жолын, бағанын немесе ұяшығын өшіру үшін, ең алдымен ұяшықтарды ерекшелеп, содан кейін Таблица - Удалить - Ячейки командасын орындап, Удаление ячеек диалготік терезесінде ұяшықтың солға, жоғары ығысуы және жол немесе баған өшірілуі көрсетіледі.
Кестелер тақырыбын құру, ұяшықтарды біріктіру және бөлу.
Бір қатарда бір - біріне жақын орналасқан бірнеше торларды біріктіру үшін келесі әрекеттер орындалады:
- біріктіретін ұяларды белгілеп алу керек;
- Кесте ұяшықтарын біріктіру командасын орындау қажет. Таблица - Объединить ячей.
Ұяшықтарды бөлу.
Таблица - Разбить ячейки командасын орындау керек. Экранға Разбиение ячеек диалогтік терезесі шығады. Осы терезеде бағаналар саны енгізу өрісіне бағаналар санын бейнелейтін жаңа санды енгізіп, ОК - ді басу жеткілікті.
Кестелерді жиектеу.
Word мәтіндік процессоры жеке ұяшықтарға, қатарларға, бағаналарға және толығымен кестеге жақтаулар қосуға мүмкіндік береді. Жақтауды барлық кестеге немесе оның жеке элементтеріне орнату үшін келесі әрекеттер орындалады:
Жақтау ішінен алынатын торларды таңдау
Формат - Границы и заливка командасын орындап, Границы и заливка сұхбат терезесіндегі Граница парағына көшу керек.
Тип тізімінен стиль түрі мен жақтау сызығының қалыңдығын таңдау қажет.
Түс тізімінен сызық түсін таңдау қажет.
Соңында ОК - ді басу керек.
ІҮ. Сабақты бекіту: Бекіту тапсырмалары.
Кесте құр:
1) баған саны-3, жол саны-7.
2) баған саны-5, жол саны-2
3) баған саны-2, жол саны-10
Ұяшықтарды қосу үшін Таблица - Вставить - ячейкикомандасын таңдау қажет. Қатар және баған қосу үшінТаблица - Вставить командасын таңдау қажет.
1-топ: <<Кестелер туралы мәлімет>>
2-топ: <<Кестелер құру>>
3-топ: <<Кестелерді редакциялау>>
Циклді түрде постерде қорғайды.
Формативті бағалау <<2 жұлдыз, 1 ұсыныс>>
Ү. Бағалау: Оқушыларды біліміне сай бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма: Кестемен жұмыс. Дәптерге <<Табиғатқа шыққанда алатын тағамдар>> атты кесте құру. Тағамның аты, мөлшері, бағасы, барлығы, осыған шығатын шығынды жазу керек. Әрқайсысын бір бағанға жазу керек. (Әр түрлі әдістерді пайдаланып, кесте құру ).

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. Графикалық
редактордың сурет салу кезеңдері.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру, графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету;
2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және графикалық бейнелеу жұмысы арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту;
3. Оқушыларды эстетикалық талғамын қалыптастыру, істеген жұмысынан қорытынды ала білуге машықтандыру;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Көрсете баяндау, пікірлесе- түсіндіру, жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайттар, тест.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV.Сарамандық жұмыс
V. Үйге тапсырма
VІ. Қортындылау
І. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапысырмасын пысықтау.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Бекіту сұрақтары:
:: Компьютер жанындағы өсімдік .
:: Баспаға шығару құрылғысы .
:: Жалпы желіге қосылу үшін не керек?
:: WordPad-ты іске қосу.
:: Ақпарат (информация) қай тілден шыққан?
:: Вирусқа қарсы программа.
:: Дыбыс шығару құрылғысы.
:: Бос орын қалдыру пернесі.
:: Capslock-тың қызметі.
:: Мәтіннің қаріпін, өлшемін қалай өзгертеміз?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Компьютер графикалық кескіндерді салудың ең қолайлы және қуатты құралы болып табылады. Графикалық кескіндермен жұмыс істейтін Windows қолданбаларын графиктік редакторлер деп атайды.
Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға
арналған.
Редактор:
1. Құрал-саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;
2. Суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;
3. Суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;
4. Бар графикалық объектілерді түзетуге;
5. Схемаларды сызуға жәнс т.б. мүмкіндік береді.
PAINT сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға,оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.
PAINT бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows - тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға,сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.
Редакторды іске қосу үшін:
a. Іске қосу (пуск) батырмасын шертеміз.
b. Бас менюден Программалар (Программы) командасын таңдаймыз.
c. Ашылған бағынқы менюден Стандартты командасын таңдаймыз.
d. Келесі бағыныңқы менюден Рaint графикалық редакторын таңдаймыз.
Енді бұл тізбекті мына түрде жазамыз: Іске қосу-Барлық программалар-Стандартты- Рaint (Пуск-Программы-Стандартные-Рaint)
Командалар орындалғаннан кейін, экранда Рaint бағдарламасының терезесі пайда болады.
Терезенің үлкен бөлігін бос кеңістік-сурет салу алаңы алады. Оның сол жағында таңбашалар тобы-құралдар тақтасы орналасқан. Терезенің төменгі жағында түстер палитрасы бар.
Түстер палитрасы
Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түсті таңдауға болады: негізгі-біз онымен сурет салатын түс және қосымша-бұл фон беретін түс. Программаны іске қосқанда, ешқандай әрекет болмаса, келісім бойынша кескіннің түсі-қара, ал фонның түсі ақ болып шығады.
Палитраның сол жағында бірін-бірі жабатын екі квадрат орналасқан. Жоғарғысы сурет түсін көрсетеді. Ол таңдаған түсте тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады. Төменгі квадрат фон түсін көрсетеді, ол үшін таңдаған түсте тышқанның оң жақ батырмасын шерту қажет.
Сурет салу кезендері
1. Құралды таңдап алу керек.
Рaint бағдарламасында 16 құрал сайман бар.
1. Қажет аймақты белгілеу құралы, бұл қисық пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады.
2. белгілеу құралы деп аталады және суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады.
3. Өшіргіш/түрлі түсті өшіргіш, суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған;
4. Құю құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды;
5. Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе оның фонын суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді;
6. Масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.
7. Қарандаш, бұл кез келген сыщықты әр түрлі қалыңдықта сызуға арналған;
8. Қылқалам, қалаған сызықтарды салуға арналған.
9. Бүріккіш, пульверизатор эффектісін береді;
10. Жазу, сурет ішіне мәтін орналастырады.
11. Сызық, түзу сызықтар салуға арналған;
12. Қисық, тегістелген, қабаттасқан сызықтар салуға мүмкіндік береді;
13. Тік төртбұрыш, тік төртбұрыштар салуға арналған;
14. Көпбұрыш, кез келген пішінді тұйық көпбұрыштар салады;
15. Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған;
16. Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш, бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.
2. Сызықтың қалыңдығын, қылқаламның түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау.
Мұны құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бір нүктеден бес нүктеге дейінгі өлшемде салуға және қылқаламның, төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.
3. Кескіннің түсін таңдау.
Сурет салатын түсті таңдау үшін, палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып, сол жақ батрмасын шертеміз.
4. Фонның түсін таңдау.
Фонның түсін таңдау үшін, палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып, оң жақ батырмасын шертіңдер.Бұл фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істеген қажет.
ІҮ. Перфокартамен жұмыс жасаймыз.
V. Сарамандық жұмыс
Ал, енді сурет саламыз.
Деңгейлік тапсырмалар орындаймыз
І-деңгей
1- тапсырма:
Бір көзіңмен <<кідір>> дейді,
Бір көзім <<жүгір>> дейді.
Бір көзім <<абайла>> дейді
<<Қарап ал маңайға>> дейді
(бағдаршам)
Берілген фигуралардан жұмбақ жауабының суретін құрастырып, Paint терезесінде сал
2- тапсырма:
Ұзынды-қысқа қос тіл,
Он екі цифрмен дос бұл. (сағат)
Берілген фигуралардан жұмбақ жауабының суретін құрастырып, Paint терезесінде сал.
Жауабы:
№3 тапсырма.
Сызық құралын қолдана отырып жайра (дикобраз) суретін сал.
Үсті-басы ине
Бұл не деген бейне.
Кірпігі ұқсас заты,
Жайра оның аты.
ІІ-деңгей
Paint бағдарламасын іске қосыңыздар
1. Эллипс құралын пайдаланып мына суретті салыңыздар
2. Суретті өз қалауларың бойынша бояңыздар
3. Суретке "Бейне" атын беріп сақтаңыздар.
ІІІ-деңгей
1. Барлық құралдарды пайдаланып еркін тақырыпта мазмұнды сурет салыңыздар.
2. Суретке тақырып қой.
3. Салынған суретті сақта
V. Қорытындылау:
Техникалық диктант
Paint бұл графикалық редактор. Paint графикалық редакторында негізгі екі түспен сурет салынады. Олар негізгі және фондық түстер. Paint графикалық редакторында 16 сайман бар. Paint графикалық редакторының тақырып жолында терезені жабу, жасыру, үлкейтіп-кішірейту батырмалары орналасқан.
VІ. Үйге тапсырма:
Paint графиктік редакторы тақырыптарын оқып, мазмұндау.
VІІ. Оқушыларды бағалау

Тақырыбы: Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу.
Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау. Құжатты баспадан шығару
Мақсаты: Оқушыларға мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу. Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау. Құжатты баспадан шығару туралы ақпараттар беру. Компьютерде машықтық жұмыстарды өз бетімен жасауға үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру, практикалық жұмыс
Сабақтың әдісі: ойын сабақ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: (оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу,қауіпсіздік ережелерімен танысу)
> Компьютерді тоққа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге, штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйм салынады;
> Мұғалімнің рұсқатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды;
> Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;
> Дербес компьютердің жанын портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс;
> Пернелік тақа үстіне артық заттар қоюға болмайды;
> Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тйым салынады.
Үй жұмысын тексеру: <<Кім епті>> компьютермен жұмыс орындайды.
Сұрақ - жауап ауызша сұрақтарға жауап береді

Жаңа сабақ:Мәтінді теріп болған соң түзету және пішімдеу үшін мәтін бөліктрерін (фрагмент) ерекшелей білу керек.
Тышқанның көмегмен ерекшелеу үшін құжаттың сол жақ, <<ерекшелеу ернеуі>> деп аталатын, ернуін қолданады.Тышқанның сілтемесі оңға қарай бұрылған стрелка түріне айналады.
Пернетақтадан ерекшелеген кезде Shift және Ctrl пернелері тіркесімен бірге басу керек.

Тышқанның сол жақ батырмасын үш рет шерту мәтінді тұтастай ерекшелейді:

Мәтінді тұтастай бірден ерекшелеу үшін пернетақтадан бір мезгілде CTRL пернесі мен цифрлық қосымша пернетақтадан А әріпімен басуға да болады. Мәтін бөліктерін түзетуге: жою , қосу , жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыруды жатқызуға болады.
Әріптің кескінің форматтау панелінің көмегімен өзгертеміз

Әріптің көлемін өзгертуге болады. Үлкейту ге, де кішірейтуге де болады. Ол үшін мына батырманы қолданамыз
− мәтін жолдың басында, сол жақта орналасады. Негізгі мәтінді осылай жазады
− мәтін ортаға теріледі.
Тақырыптарды осылай жазады.
−мәтін жолдың соңынан, оң жақта теріледі.

Жаңа сабақ:
Беттердің параметрлері.

беттердің түстерін өзгертуге де болады ол үшін разметка страницы дан цвет страницаны тандап керекті түсті басып

Беттерді книжная (тігінен) және альбомная (көлденеңнен) өзгертуге болады. Ол үшін разметка страницы дан орентацияны тандап керекті беттің бағытын таңдаймыз.

Бетке жиек қою үшін границы страниц - страница - рисунок - деп ресунок тапдап керекті беттерге қою үшін ок деп басамыз.

Беттерді бөліктерге бөлу үшін разметка страницы −колонки деп керекті бір,екі, үш немесе оданда көп бөліктерді таңдай аласыз.
Берілген құжатты баспаға жіберу үшін алдымен файл - печать − предварительныий просмотр−арқылы беттерімізді қарап аламыз. Содан соң печать деп жібереміз. Бізге керекті бетті таңдаймыз немесе барлық беттерді қанша дана керектігін қоса белгілеп баспаға жіберу керек.

Көз жаттығулары
1.1-4-ке дейін санап көзді қатты жұмыс, сонан кейін ашып, жайбарақат ұстап, 1-6-ға дейін санай отырып, алысқа қарау қажет, 4-5 рет қайталау қажет.
2.1-4-ке дейін санай отырып, екі көзді оларға қатты күш салмай, бір-біріне қаратып, соңында 1-6-ға дейін санай отырып алысқа қарап, 4-5 рет қайталау керек.
3.1-4-ке дейін санап, басты қозғамай, оңға қарап бір нүктеге көз тоқтату, соңында 1-6-ға дейін санап, алысқа қарау. Осы тәрізді басты қозғамай, солға, жоғары, төмен қарау керек.
4.1-6-ға дейін санай отырып, көзқарасты диогоналы бойынша: оң жақ жоғарыдан-сол жақ төменге аударып, сонан соң алысқа қарау; сонан соң сол жақ жоғарыдан-оң жақ төменге аударып, алысқа қарау. 4-5 рет қайталау. Көз гимнастикасын орындау кезінде жалпы дене гимнастикасын да жасауға болады. Тұрақты түрде көз және жалпы дене гимнастикасын жасау көзге түскен қысымды жеңілдетіп, денені сергітеді.
Машық жұмысы: Деңгейлік тапсырмаларды компьютерде орындау.Практикалық жұмыс Тапсырма №1
<<Наурыз>> мәтінін теріңдер және оны тағы да 2 рет көшіріңдер. Әріптің кескіні Times New Roman мен көлемін 14 пен жаз және тақырыптың пішінін жуанқылып астын сызындар да мәтінді қисайтып (курсив) пен жазыңдар.
Наурыз
<<Наурыз>> сөзі <<жаңа күн>> деген мағынаны білдіреді. Бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер және т.б. атап өтеді.
Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі 22 наурыз күні не сәйкес келеді.
Практикалық жұмыс Тапсырма №2
Мәтінді теру және түзету ережелерін сақтай отырып хабарлама хатын жазыңыздар.
Алакөл негізгі жалпы білім беретін
мектебінің информатика пәнінің
мұғалімі С.А.Қамидоллиеваға
5−сынып оқушыларынан
Хабарлама
5−10 қаңтар алығында ауа райының күрт суытып кетуіне байланысты 5−сынып оқушылары <<Жас информатика>> атты байқауға қатыса алмағанымызды хабарлаймыз.

Хабарлама беруші. 5−сынып оқушылары

Практикалық жұмыс Тапсырма №3
Мәтінді теру және түзету ережелерін сақтай отырып мәтінді тер және өзгертулер енгіз.
Дос - дегеніміз өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтынуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, бір-біріне тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе, қиын-қыстау күндерінде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінеді.
<<Шын дос үшін қалайда
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда
Досың менен қасыңды>>.
Тапсырма №1
Берілген мәтінді теріңдер және оны үш дана көшіріп баспаға екі дана қылып жібер
Балаға арналған дәстүрлер Бесікке салу. Ат қою. Қырқынан шығару т.б
Бесікке салу. <<Кең жайлау жалғыз бесік жас балаға>>. Бесік - баланың ұйықтауына таза болуына өте жақсы. Бесікке ауылдың өнегелі, ұрнағы өскен, ел құрметіне бөленген бәйбішіге (кәртең) салғызады. Бесік жырын айта отырып бөлейді. Баланы бөленген соң қарияға <<бесік салу>> құрметіне сыйлық беріледі.
Ат қою. Балаға ат қою - қазақта аса салтанатты жағдай. Әдемі, атақты, құрметті адамдардың атын қоюға тырысады. Сол атқа лайықты болуын қалайды. Атты сыйлы құрметті адамға қойғызады. Ат қойған адам сәбиге батасын береді. Ат қою кейде қандай жағдайда, жылдың қай мезгілінде келгеніне байланысты қойылады. Мысалы, наурыз айы болса Наурызбай, ораза уақыты болса - Ораз, Оразалы, айтта туса - Айтбай, Айтгүль деп те қойып жатады.

Практикалық жұмыс Тапсырма №2
Рефераттың алғашқы бетін жаз және оны баспаға жіберу үшін алдын ала тексеріп баспаға жібер.
Алакөл негізгі жалпы білім беретін мектебі

Реферат

Тақырыбы:___________________

Дайындаған:
Тексерген:

2013 - 2014 оқу жылы

Алакөл негізгі жалпы білім беретін мектебі

Реферат

Тақырыбы:___________________

Дайындаған:
Тексерген:

2013 - 2014 оқу жылы

Практикалық жұмыс Тапсырма №3
Бетті үш бөлікке бөлде <<Сара Алпысқызы мейірімді жан>> деп жазып, беттердің жиектерін таңда.
Баспаға жібер алдында алдын ала тексеріп ал.
Бекіту:
1. − қандай қызмет атқарады?
а) мәтін жолдың басында, сол жақта орналасады.
б) мәтін ортаға теріледі. Тақырыптарды осылай жазады.
в) мәтін жолдың соңынан, оң жақта теріледі.
2. −− қандай қызмет атқарады?
а) мәтін жолдың басында, сол жақта орналасады.
Негізгі мәтінді осылай жазады
б) мәтін ортаға теріледі. Тақырыптарды осылай жазады.
в) мәтін жолдың соңынан, оң жақта теріледі.
мәтін ортаға теріледі. Тақырыптарды осылай жазады.
3.− қандай қызмет атқарады?
а) мәтін жолдың басында, сол жақта орналасады.
Негізгі мәтінді осылай жазады
б) мәтін ортаға теріледі. Тақырыптарды осылай жазады.
в) мәтін жолдың соңынан, оң жақта теріледі.
мәтін ортаға теріледі. Тақырыптарды осылай жазады.
4. − қандай қызмет атқарады?
а) көшіру б)жою в)қиып алу
5.Жабу белгісі қандай?
А) ә) б)
6.Сызғыштың көмегімен не істеуге болады?
а) Шегіністерді орнатуға
б) Түзеуді баптауға
в) Жоларалық интервалды аңықтауға
7. − қандай қызмет атқарады?
а)Абзацтың шегіністерін баптайды
в) Абзацтың түзеуді аңықтайды
с) Маркерленген тізім құрады

Қайыссы қандай қызмет атқарады? Сәйкестендіру

Беттің түсін өзгерту үшін
Беттің түсін өзгерту үшін
Баспаға жіберу үшін
Баспаға жіберу үшін
Беттің бөліктерге бөлу үшін
Беттің бөліктерге бөлу үшін

Бетерге жиек қою үшін
Бетерге жиек қою үшін
Беттерді тігінен және көлдеңнен бағыттарға өзгерту үшін
Беттерді тігінен және көлдеңнен бағыттарға өзгерту үшін
Үйге тапсырма: тақырыпттарды оқу, тест тапсырмаларын құрастыру.
Аты − жөні
Үй тапсырмасы
Машық жұмысы
Тест тапсырмасы
Қорытынды
Аққайрова Ш

Жаңбыршиева Д

Есентемиров Қ

Қазиев Д

Қосмағұлова А

Орынбасар Б

Темиров Е

Қорытынды, Бағалау: бүгінгі сабақ қорытындылап оқушыларды бойынша төмендегі кесте бойынша бағалау

Ұқсас жұмыстар
Айдың суретін салыңдар
Paint графикалық редакторын іске қосу
Редактордың командалары
Paint графикалық редакторының құралдары. 7 сынып
Paint графикалық редакторы. Негізгі түсініктері. Іске қосу
Графикалық редакторлар. қысқа мерзімді сабақ жоспары. 7 класс
Paint графикалық редакторының мүмкіндіктері
Ақпарат және ақпараттық үрдістер. авторлық бағдарлама
Paint графикалық редакторы
Шығармашылық тапсырма Paint редакторында сурет салу
Пәндер