Рационал сандарды көбейту және бөлу: таңбалар мен есептерді бекіту сабағы

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды бөлу және көбейту.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Таңбалары әр түрлі және таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісін табуды үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, танымдық, ойлау қабілеттерін дамыту, есептерді қатесіз шығара білуге дағдыландыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Алғырлыққа, тапқырлыққа, білімділікке, дәлдікке, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабақтың типі : Бекіту сабағы.

Сабақтың құрал-жабдығы : Тақта, бор, карточка, топшамалар, слайд, интерактивті тақта. т. б.

Сабақтың әдіс-тәсілдері : Топпен жұмыс.

Сабақтың өткізілу жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үй тапсырмасын тексеру.
  3. Оқушылардың топпен жұмыс жасауы.
  4. Үй тапсырмасын беру және сабақты қортындылау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сергіту кезеңі (бой жазу биі)

Сынып бөлмесінің сабаққа дайындығы. Оқушылардың сабаққа дайындығы.

Оқушыларды 2-топқа бөлу, әр топқа атын беру. 1топ - алғырлар. 2- білімділер.

ІІ. Үй тапсырмасы тексеру: Сөзжұмбақ шешу

- Рационал сандар деп?

- Рационал сандарды көбейту деп?

- Рационал сандарды бөлу деп?

- Рационал сандардың таңбаларының берілуі?

1. Оң сандар мен теріс сандар бір- біріне . . . -қарсы. (қарама)

2. Картадағы кескін ұзындығының жер бетіндегі қашықтыққа қатынасы . . . (масштаб)

3. Екі қатынастың теңдігі . . . (пропорция)

4. Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын кесінді . . . (диаметр)

5. Координаталық түзу бойындағы санды кескіндейтін нүктенің санақ басынан бірлік кесінді есебімен алынған қашықтық . . . (модуль)

6. Күнделікті өмірде қолданылатын сандар . . . (натурал)

7. Екі санның бөліндісі сол сандардың . . . (қатынасы)

8. Қарама -қарсы сандардың 0 - ге көбейтіндісі нешеге тең ? (нөлге)

ІІІ. Топпен жұмыс. Есептер шығарту.

  1. Рационал сандарды көбейтіндер: ( Әр топқа бөлек есептер беріледі, әр есеп 1 алмаға бағаланады)

-15·(-6) = 90 -27·0=0 11·(-0. 5) =-5, 5 -0. 3·(-40) = 12

-93, 84:(-3, 4) =27, 4 -3 *(-6) =18 -1 :19 =-19 -3, 2:2, 5 = -1, 28

-12·(-7) = 84 -0. 8·6=-4, 8 -100·0. 81=-81 -100·(-1) = 100

2. Екі топқа бірдей есеп беріледі (Әр есеп 2 алмаға бағаланады)

Қызыл белгідегі есеп: 0; 1; 65, 7/8.

Көк белгідегі есеп: 0; ¾; 0, 99.

3. Өрнектің мәнін табу (әр есеп 1 алма)

3, 26х мұндағы х = -10, х = 100 мұндағы х = 7, х= - 49

3, 26 * (-10) = -32, 6 3, 26 * 100 = 326 (2; -14)

4. Тест тапсырмасын орындайық. 1. С 2. В 3. А 4. В

5. Логикалық есептерді шешейік (Әр есеп 2 алмаға бағаланады)

- 1-ден 100-ге дейінгі сандарда 7 саны неше рет кездеседі?(19 рет)

- Бір әкеден «Неше балаң бар?» деп сұраған екен. Ол: «Төрт ұлым бар, (5) әрқайсының туған әпкелері бар» деп жауап беріпті. Әкейдің неше баласы бар?

- Төмендегі кестедегі бүкіл сандардың қосындысын тап (яғни оларды қосамыз 7+3+4+ . . . ) .





Жауабы:Бірінші жұптың қосындысы - 10, екіншісінікі де. Бұлбасқатырғыштың қарапайым екендігін ескере отырып, барлық жұптар қосындысы 10 болады деп жорамалдауға болады. Біржолда 17 жұп бар, 17*6=102 жұп, сонда 102*10=1020

ІV. Қорытынды. Қай топта алма саны көп болса, сол топ жеңімпаз болады және белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасы беру: топшамалардан есептер шығару, деңгейлік тапсырмалар.


Ұқсас жұмыстар
Рационал сандарды бөлу: таңбалар ережесін пайдалану және есептерді пысықтау (сабақ жоспары)
6-сынып: рационал сандарды бөлу және таңбалар ережесі - ашық сабақ жоспары
Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу: есеп шығаруға арналған білімді бекіту сабағы
Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу: ереже, есептер және бекіту
6-сынып математика сабағы: Рационал сандарды көбейту
Рационал сандарды көбейту: ойын арқылы өткен тақырыпты қайталау және бекіту (5-сынып)
Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу: бекіту сабағының жоспары мен деңгейлік тапсырмалары
Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу: қайталау және практикалық бекіту
6А сыныпқа арналған рационал сандарды көбейту сабағы
6-сынып: Рационал сандарды қосу және азайту - таңбалар ережесі мен координаталық түзуде кескіндеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz