Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тренинг жоспары

<<Бекітемін>>
Мектеп директоры:
Ж.Ахмедов

ОҚО білім басқармасының <<Жамбыл Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты>> КММ

Ортаңғы буын сынып оқушыларының ата-аналарына арналған тренинг сабақ

Тақырыбы: <<Мен және жанұям>>

Орындаған педагог-психолог А.Ниязбекова

Атбұлақ 2016 жылы

Тақырыбы: <<Мен және жанұям>>
Мақсаты: Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Оқушылар мен ата-анасының арасындағы қарым-қатынасын нығайта түсу. Сондай-ақ <<Мектеп - ата-ана>>, <<Оқушы - ата-ана>> байланыстарын бір жолға қою.
Күтілетін нәтиже:
Бала мен ата-анасының арасындағы жылылықты орнату.
Тренинг жоспары:
1. Кіріспе сөз;
2. <<Біз біргеміз!>> жаттығуы;
3. <<Идеалды отбасы>> жаттығуы;
4. <<Сіз балаңызды білесіз бе?>> жаттығуы;
5. <<Жалғасын тап>> ойыны;
6. Қорытынды.
Барысы:
1. Кіріспе сөз
Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегінде сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл - жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Бала - ата-ана өмірінің жалғасы. <<Баламның табанына кірген шөнге, менің маңдайыма кірсін>> деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып, не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, <<Өзімді алып, баламды аман қалдыр!>> деп құдайға жалбарынған. Бала тәрбиесі - қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.
Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойларымен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.
Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын тренинг сабақтардың маңызы орасан зор.
2. <<Біз біргеміз!>> жаттығуы.
Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата-аналар мен балаларға қолдау көмек көрсету.
<<Қолынан танып біл!>> көздері байлаулы аналары баласын тауып алу керек. Талдау:
1. Сізге балаңызды табуға не көмектесті?
2. Балаңыздың қолынан ұстағанда не сездіңіз?
3. <<Идеалды отбасы>> жаттығуы.
Жеткіншек жастағы балалар идеалды отбасын қалай елестетеді? Онда ата-аналар қандай қызмет атқарады? Жеткіншектердің балаларды <<дұрыс>> тәрбиелеу, <<жақсы>> балалар жайлы түсініктері қандай? Ата-аналардың олардан не күтетінін қалай түсінеді? Бұл тақырыптарды тек талқылау ғана емес, сурет түрінде бейнелеуге болады.
Кіші жеткіншектер идеалды отбасын ата-аналарының балаларына деген махаббатымен түсіндіреді. Олардың пікірінше, махаббат дегеніміз - баланың қалағанын сатып әперу де, ештеңеге қарсылық көрсетпеуден тұрады. Ал бала барлық уақытта ата-анасын тыңдайды, айтқан нәрсенің барлығын істейді. Ата-аналары өз балаларын ешқашан жазаламайды.
4. <<Сіз балаңызды білесіз бе?>> жаттығуы.
Аналар мен балаларға қаламсап пен ақ парақ беріледі. Сұрақтар қойылады. Сұраққа өздері туралы жауап берсе, ал аналары баласы туралы жауап жазады. Содан соң, ана мен баланың жауаптары салыстырылады. Екеуінің жауабы қаншалықты сәйкес келсе, анасы баласы туралы соншалықты білетіндігі анықталады. Сұрақта:
1. Балаңыздың аты-жөні?
2. Балаңыздың ең жақын досы?
3. Сүйікті пәні...
4. Сүйіп тыңдайтын әні..
5. Сүйікті тағамы..
6. Жақсы көретін түсі...
7. Көзінің түсі...
8. Аяқ киімінің өлшемі...
9. Шаршаған да, не ашуланғанда демалатын орын...
10. Жақсы көретін мұғалімі...
5. <<Жалғасын тап>> ойыны. Ойын барысында 4 сөз беріледі. <<Ана>>, <<Бала>>, <<Дана>>, <<Асығу>>. Осы сөздерді қолдана отырып, өлең шумағын құрастырамыз. Талдау: Өлең шумағын бірден оқып, талдайды.
6. Қорытынды: Мәселен, былай құрастыруға болады:
Бас иеді барлық адам - Анаға,
Жақсылықты ол тілейді - Балаға,
Мақсатына жеткізуге - Асығып,
Өз баласын теңейді ол - Данаға. Ата-аналар мен оқушылардан кері байланыс алу мақсатында рефлексия орындалады. Қортынды сөз айтуға болады. Бүгінгі сабақта белсенділік танытқандарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Бүгінгі тренингімізді қорытындылай келе, <<Мен және жанұям>> атты тренинг-сабағымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой өлкесі,- деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу керек екенін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолыңыздағы алтыныңызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адамда өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да, мына жайттарды есімізге ұстайық: <<Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер!>>,- деп ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.

Орындаған педагог-психолог: А.Ниязбекова

Ұқсас жұмыстар
Нарқызыл негізгі мектебіндегі Инабат қыздар ұйымында өткізілетін қыздар жиналысының жоспары
Nis бойынша әр сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспары
Заманауй кітапхана және ақпараттық кеңістік
Сабақ жоспарлары
Тортай мінген ақбоз ат
Оқу үшін не кедергі
Тренинг тақырыбы
Ұқсастық шегі жаттығуы
Психологтың айлық, апталық жоспары. 2013-2014ж
Тренинг ережесі
Пәндер