Сандардың жуық мәндері және дөңгелектеу: білімді бекіту сабағы

Сабақтың тақырыбы: Сандардың жуық мәндері. Сандарды дөңгелектеу.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,

  1. Осы тақырып бойынша алған теориялық білімдерін есептер шығаруда қолдана алу.
  2. Ұйымшылдыққа, бірлікке, достыққа тәрбиелеу
  3. Сандарды жуықтаудың, дөңгелектеудің әртүрлі жағдайын дамыта оқыту.

Сабақтың көрнекілігі: мазмұны қатысты суреттер

Сабақтың әдістері : ойын, сұрақ жауап

Сабақтың түрі: білім бекіту сабағы

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Мақсат қою кезеңі
  3. Бекіту кезеңі
  4. Үйге тапсырма беру
  5. Бағалау
  6. Қорытындылау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  • Оқушылар мен мұғалімдердің сәлемдесуі;
  • Балаларды түгендеу;
  • Класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу;
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері) ;
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару:

Бағдарлау - мотивациялық кезең. Қызығушылығын ояту. (Флипчарт1)

Тапсырмалар тақтада беріледі:

  1. Сурет бойынша көлемі, салмағы, қасиеті қарама - қарсыларды бір - біріне жалғау керек
  2. Суреттегі формасы ұқсас заттарды сызық арқылы байланыстыр, жалға.
  3. Цифрограмма «Математикалық жұмбақ». Бұл математикалық жұмбақтың шешуі болатын «36» цифры ерекше көрсетілген.

Сызықтар бойына орналасқан сандардың әр қайсысының қосындысы бірдей 36 болуы үшін, бос шеңберлерге тиісті цифрларды жазу керек.

Ол қандай цифрлар?

Жауабы: Бұл математикалық жұмбақтардың бірнеше варианты бар. Ортадағы квадратты былай толтыруға болады:

  1. 17, 8, 6, 5, 9, 10, 12, 15, 5, 4, 14, 1

Осы жүйемен бос шеңберлерді толтырудың басқа варианты

  1. 4, 10, 5, 14, 11, 9, 10, 5
  2. 7, 7, 8, 11, 14, 6, 13, 2

ІІ. Мақсат қою кезеңі

  • Сабақтың тақырыбын, мақсаты мен міндеттерін хабарлау
  • Материалды оқып - үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету
  • Оқушылардың алдында оқу проблемасын қою

-Балалар, 1961 жылдың 12 - сәуірі әлемдік тарихта мәңгіге жазылып қалды. Адамзаттың асқақ арманы орындалып, қазақ жерінен ұшқан алғашқы ғарышкер Ю. А. Гагарин есімі дүниені дүр сілкіндірді. Осы мерей тойды қарсы алу барысында біз де бүгін ғарышқа аттанамыз.

Әр тапсырманы алдымен орындаған оқушыға жауһазым тапсырылады.

ІІІ. Бекіту кезеңі. (Презентация «Урок»)

  1. Топтық жұмыс.
  • Ғарышкерлер өте құатты, күшті болады. Олар өте көп уақыт спортпен шұғылданады. Біз қазір жүгіреміз.
  1. Ондық бөлшектерді дөңгелектеңдер:
  1. Бүтінге дейін : 7, 2 = ; 9, 8 = ; 3, 5 =
  2. Ондық үлестерге дейін : 4, 18= ; 2, 53= ; 14, 65=
  3. Жүздік үлестерге дейін: 18, 395= ; 27, 823= ; 36, 297=
  1. Координаталық сәуледе А нүктесіне сәйкес сан, В нүктесіне сәйкес сан қандай натурал сандарға жуық?

Жауабы: А(0, 2) ≈0; В(1, 8) ≈2

  1. 23; 57; 611\frac{2}{3}; \ \frac{5}{7}; \ \frac{6}{11}бөлшектерін ондық үлестерге дейін дөңгелектенген ондық бөлшекпен алмастырыңдар:

2 3 ; 5 7 ; 6 11 ; \frac{2}{3}\sim\ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ ; \ \frac{5}{7}\sim\ \ \ \ \ \ \ \ \ \ ; \ \ \ \frac{6}{11}\sim\ \ \ \ \ \ \ \ ;

  1. Бір килограмм кәмпиттің бағасы 380 тг:
  1. 430 г кәмпиттің бағасы неше теңге?
  2. 810 г кәмпиттің бағасы неше теңге? (жауабын бүтінге дейін дөңгелектеңдер)
  1. Жұлдызшаның орнына дөңгелектеу дұрыс болатындай етіп, цифрлардың үлкенін жазыңдар:
  1. 5, 23 * ≈5, 24
  2. 42, * ≈42
  3. 93 * ≈940
  4. 1, 098 * ≈1, 099
  1. Оқулықпен жұмыс .
  • Ғарышкерлер өте төзімді, шыдамды, ұқыпты болады . Сондықтан өзіміздегі осы қасиеттерді жаттықтырайық. №1207 (1273) , 1194 (1260)
  • Оқушылар, алдымен есепті дұрыс есептеген 2 оқушының біреуі бортинженер, ал екіншісі экипаж командирі болады. Қалған оқушылар экипаж мүшелері ретінде тіркелеміз.

Әр балада қанша жауһазым бар екенін анықталады, санына қарай әртүрлі өлшемді жұлдызша ларға ауыстыру.

  • Зымраға отырып ғарышқа аттанамыз!

ІҮ. Оқушыларға үй тапсырмасын хабарлау, оны орындау методикасын түсіндіру. №1201, №1187

Ү. Оқушыларды бағалау

«5» - «4» - «3» -

ҮІ. Сабақты қорытындылау. «Қалай адамдар ғарышты игерді?» презентациясы.

Аты - жөні

  1. Ондық бөлшектерді дөңгелектеңдер:
  1. Бүтінге дейін : 7, 2 = ; 9, 8 = ; 3, 5 =
  2. Ондық үлестерге дейін : 4, 18= ; 2, 53= ; 14, 65=
  3. Жүздік үлестерге дейін: 18, 395= ; 27, 823= ; 36, 297=
  1. Координаталық сәуледе А нүктесіне сәйкес сан, В нүктесіне сәйкес сан қандай натурал сандарға жуық?

Жауабы: А(0, 2) ≈0; В(1, 8) ≈2

  1. 23; 57; 611\frac{2}{3}; \ \frac{5}{7}; \ \frac{6}{11}бөлшектерін ондық үлестерге дейін дөңгелектенген ондық бөлшекпен алмастырыңдар:

2 3 ; 5 7 ; 6 11 ; \frac{2}{3}\sim\ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ ; \ \frac{5}{7}\sim\ \ \ \ \ \ \ \ \ \ ; \ \ \ \frac{6}{11}\sim\ \ \ \ \ \ \ \ ;

  1. Бір килограмм кәмпиттің бағасы 380 тг:
  1. 430 г кәмпиттің бағасы неше теңге?
  2. 810 г кәмпиттің бағасы неше теңге? (жауабын бүтінге дейін дөңгелектеңдер)
  1. Жұлдызшаның орнына дөңгелектеу дұрыс болатындай етіп, цифрлардың үлкенін жазыңдар:
  1. 5, 23 * ≈5, 24
  2. 42, * ≈42
  3. 93 * ≈940
  4. 1, 098 * ≈1, 099

Ұқсас жұмыстар
Паскаль тілінің қарапайым операторлары: білімді бекіту сабағы
Сызықтық теңсіздіктерді шешуді білімді бекіту сабағы (әдеби-монтаж)
Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу: есеп шығаруға арналған білімді бекіту сабағы
Квадрат теңдеулердің түбірлерін формулалар арқылы шешуге арналған білімді бекіту сабағы
2-сынып математикасы: білімді бекіту сабағы - кесте құру, логика және амалдар арқылы дағдыларды дамыту
Жай бөлшектің ондық жуықтауы: анықтама және дөңгелектеу ережелері
9-сынып: мәтіндік есептерді теңдеулер жүйесі арқылы шешуге арналған білімді бекіту сабағы
Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы және модасы
9-сынып: Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдану - білімді бекіту сабағы
Қазақ тілі: Тұрлаулы мүше - Бастауыш бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары (білімді бекіту сабағы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz