Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ақпараттарды кодтау

Сабақтың тақырыбы: Ақпараттарды кодтау. Ақпараттың өлшем бірліктері
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың ақпаратты техникалық құралдар мен дербес компьютердің көмегімен беру, сақтау және ұсыну тәсілдерімен, қабылданған екілік санау жүйесімен, АSСІІ кодтарымен таныстыру
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұптылыққа, тиянақтылыққа үйрету

Сабақтың көрнекілігі: ASCII кестесі, Морзе әліппесі, ақпараттың өлшем бірлігінің суреттері, оқулық

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру: үйге берілген тапсырманы орындағанын дәптерлерін тексеру арқылы тексеріп шығу
3. Білімді тексеру кезеңі:
1. Таңбалы ақпарат қандай түрде беріледі?
2. Қатынас тілдерінің түрлерін ата

4. Мақсат қою кезеңі: Оқушыларға ақпаратты екілік, ондық, сегіздік және оналтылық символдардың көмегімен кодтауды үйрету және оларды сауаттылыққа үйрету.
5. Материалды түсіндіру кезеңі:
Ақпаратты жеткізу үшін оның түрін өзгертеді, яғни оны түрлендіреді. Мысалы, ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазады. Мұндай процесті кодтау деп атаймыз.
Әр тілдің өз алфавиті, яғни символдар жиыны бар, бұл осы тілдің таңбалары. Мысалы, қазақ тілінде алфавит 42 символдан, орыс тілінде алфавит 33 символдан, ағылшын тілінде 26 символдан, ал телеграф хабарының Морзе тілі екі-ақ символдан ".", "-" тұрады.

Символдардың кдталу комбинацияларының (тіркестерінің) жиынтығын кодтау кестесі деп атайды.
Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланылатын код - ASCII, американдық ақпарат алмасудың стандартты коды болып табылады, оның кодтау кестесі төменде көрсетілген.

Кодтау кестесінің 16 жолы және 16 бағаны бар. Кестедегі символдың орны оның оналтылық коды арқылы анықталады. Кесте екі бөліктен тұрады: стандартты және баламалы.
Стандартты бөліктегі - бірінші 128 символ, 0-ден 127-ге дейінгі кодтар: цифрлар, латын алфавитінің әріптері мен компьютер жұмысын басқаратын арнайы символдар.
Баламалы бөліктері - екінші 128 символ, 128-ден 255-ке дейінгі кодтар, бұлақ ұлттық алфавиттер әріптерін (орыс, қазақ, жапон, т.б.), псевдографикалық және кейбір арнайы символдарды орналастыруға арналған.

6. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі:
Төмендегі тапсырма орындату арқылы тексеру.

7. Бекіту кезеңі:
Сонымен бекіту сұрақтары арқылы сабағымызды қорытындылайық.
Кодтау мен кері кодтау деген не?
Бит, байт деген не?
Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды?
Оқулықтағы 13 беттегі 1-2 тапсырмаларды орындау

1. Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.2-тақырып оқып келу. 13-беттегі 3-4 тапсырманы орындап келу
Тексерілді: ......................
25.09.2011ж

Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға ақпаратты кері кодтауға үйрету
7 сынып орта мерзімді жоспар
Unicode және ASCII символдарын кодтау кестесін салыстыру
МӘТНДІК АҚПАРАТТАРДЫ КОДТАУ ПРИНЦИПТЕРІ
Компьютердің негізгі құрылғыларын ата
Информатика пәнінен оқу бағдарламасы
Мәтіндік ақпараттарды өңдеу
Компьютердiң жады
Штрих кодтау
6 сынып информатикадан тест
Пәндер