Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақ қызы

Тақырыбы: Қызға - нәзіктік, ұлға батылдық
Мақсаты:
-адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан-дүниесінің үндестігі, сұлулықтың мәні туралы түсінік беру;
Міндеттері:
- оқушыларды қыздың нәзіктігін, ұлдың батылдығын ажырата алуға үйрету;
- оқушыларды сыртқы сұлулықты дұрыс түсіне білуге үйрету;
- нәзіктілік, батыл болуға тәрбиелеу;
І. Шаттық шеңбері: Балалар, бәріміз ортаға шығып <<Шаттық шеңберін>> құрып қол ұстасайық.
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Осындай мейірімді, ақылды, өмірге, білімге құштар балаларымды көргеніме өте қуаныштымын. Сендермен бірге болғаныма тек мен ғана емес, шуақты күн де қуанып тұрғандай. Ендеше біз бір-бірімізге күлімсіреп, алақандарымыздың жылуын байқай отырып, салем берейік! Бүгінгі күніміз көңілді, әрі жарасымды аяқталуы үшін өзімізге және келген қонақтарға жақсылық, көтеріңкі көңіл күй тілейік. Осындай жылы тілектерге толы шеңбер аясында бәріміз бірге қуанышпен ән салайық.
<<Балдәурен>> әні орындалады
ІІ. Дәйексөз
<<Озар елдің қызы мінезді, ұлы өнерлі келеді>>
(халық мақалы)
Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?
Оқушылардың гендерлік түсініктерін тереңдету мақсатында қазақтың ділімен ұштасып жатқан халық мақалымен танысуды ұсынады: <<Озар елдің қызы мінезді, ұлы өнерлі келеді>>. <<Мінезді қыз>>, <<мінезге бай>> деп қандай адамдарды айтамыз? Мінезі жақсы қыз бен өнерге бай ер бала өз елінің болашағына, халқының келешегіне, мемлекетінің беріктігіне қалай ықпал етеді деп ойлайсыңдар деген тәрізді сұрақтар қою арқылы адами қарым-қатынас, жақсы мінез-құлықтың қоршаған әлемге ықпалы туралы оймен қорытынды жасаймын.
ІІІ. Қазақ қызы туралы ой толғау
ІҮ. Мәтінмен жұмыс
Әңгімелесу. Ойланайық, пікірлесейік яғни күннің көзін ашу үшін мынандай сұрақтарды балаларға қоямын.
<<Жайма-шуақ>> С.Сарғасқаев. оқулықтың 53-57 беті.
Достық сезімі адамға қандай жауапкершілік жүктейді?
Қыз бала мен ер беленың арасында нағыз достық болуы мүмкін бе?
Қыздарды қандай қасиеттері үшін сыйлайды? Ұлдарды ше?
Қыздар мен ұлдардың арасында сыйластық қалай қол жеткізуге?
Қыздар мен ұлдардың арасында түсінісбеушілік болуы мүмкін бе? неліктен?
Махаббат деген сөзді қалай түсінеміз?
Ұлдар мен қыздардың дос болуы дұрыс ба?
Ү. Жағдаяттарды талқылау. 4 топқа бөліп, әр топқа жеке-жеке мәтіндер беріледі. Мәтіннің соңындағы сұрақтарға оқушылар түрлі жауаптар айтуы тиіс.
ҮІ. Дәптермен жұмыс
Тапсырманы қорытындылау мақсатында оқушыларға <<Қыздар сұлу көрінер... >> және <<Ер жігітке жарасар...>> тақырыптарына қалауы бойынша шығарма жазу тапсырылады.
1-ші, 2-ші тапсырмаларды жазбаша түрде орындау ұсынылады.
Имандылық
Бақыт
ҮІІ.Топпен жұмысІ топ - ІІІ топ -
Батылдық
Достық
ІІ топ - ІҮ топ -
Топтың аты, ұраны, анықтамасы, мақал-мәтелдер, өлеңдер, антоним, синоним сөздерін табу қажет. Әр топ өздерін қорғап шығулары тиіс.
ҮІІІ. Жаңа ақпарат:
Қыз балаларға табиғатынан нәзіктік пен ұяңдық, ер балаларға - батылдық пен ұстамдылық тән. осыны түсіне білсе, олар күнделікті өмірде бір-біріне көмектесуге дайын тұрады.
Ер балалар мен қыз балалар арасындағы достық өзара түсіністік, келісім және сыйластықтан басталады.
ІХ. <<Махаббат ағашы>>. Оқушыларға түрлі сөздер жазылған ескертпе қағаздар беріледі. Олар әрқайсысы оқи отырып қайсысы жақсы, қажет деп тапқан сөздерді ағашқа келіп іледі. Мұғалім сол сөздерді тақтадан оқып тұрады.
Мысалы: кекшіл, мейірімділік, дұшпан, сенімділік, келіспеушілік, қол ұшын беру, жек көру, махаббат, араздасу, жәрдемдесу, күмәндану, кешірімділік, жалқаулық, адалдық, қорлық, әділдік, қамқорлық, жауапкершілік, сүйіспеншілік, т.б.
Х. Жүректен жүрекке. Оқушылар гүлдерді ұсыну арқылы бір-біріне тілек айтады. Соңынан <<Қазақ қызы>> әнін үнтаспадан тыңдау.
<<Қазақ қызы>>
Сөзі - И.Сапарбаевтікі Әні - Р.Таймановтікі
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.
<<Қыз өссе, елдің көркі>> деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,
Арулар аз болды ма атқа қонған.
Көңілде қалған сыз бар өткен күннен.
Өмірде қалған із бар <<Ақтабаннан>>
Жасырмай айтар болсам жан сырымды,
Тағдырым қарауылға қанша ілінді.
Ерліктің қос қанаты деп білем мен,
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.
Сабақ аяқталды, сау болыңдар!

Ұқсас жұмыстар
Орыс әдеб математ дүнипетан еңбек
Қазылар алқасының төрағасы
Суретке түсіру
Қар қызы повесі
Сайыс шарттарымен таныстыру
Қаһарман қызы қазақтың Мәншүк Маметованың 100 жылдығына арналған мектепішілік шара
Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы
Мешітке келіп тұрыңдар
Жүсіпбек Аймауытұлы – классикалық қазақ прозасының негізін салушы ұлы тұлға атты оқырмандар конференциясы
Шығыс шынары
Пәндер