Сабақтың көрнекіліктер

Сабақтың тақырыбы : Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың математика пәніне қызығушылықтарын арттыру. Танымдық белсенділіктерін, математикалық ой-өрісін дамыту, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: интеллектуалдық-танымдық ойын.
Сабақтың көрнекіліктер: Компьютер, интерактивті тақта, активстудия, флипчарт.
7 «а», 7 «ә» класс аралығындағы қатысуға қызығушылық білдірген оқушылар қатыса алады. Барлығы 6 оқушы қатысады. Ойын 4 турдан құралған.
Ойынның шарты:
І турда: «Өзіңді өзің тексер», Құрлықтан. . . деп аталады. Бұл турда үй жануарлар сұрақ береді. Сайысқа қатысушылар өздері таңдаған жануардың сұрақтарына тез-тез жауап беруі керек. Бұл турдан ұпайы аз бір оқушы ойыннан шығарылады.
ІІ турда: « Логикалық сұрақтар », Судан. . . деп аталады. Суда мекендейтін құстар мен кеменің сұрақтарына жауап береді. Бұл жарысқа бес оқушы түседі. Қойылған сұрақтарға берген жауаптары бойынша бағаланады. Ұпайы аз бір оқушы ойыннан шығарылады.
ІІІ турда: «Талаптыға нұр жауар», Орман, қыраттан. . . деп аталады. Орман, тауда жүретін жыртқыш аңдардың сұрақтарына жауап береді. 4 оқушы сайысқа түседі. Аз ұпай жинаған 2 оқушы шығып кетеді.
IY турда : «Талпынған жетер мұратқа», Биік шыңнан. . . деп аталады. Бұл сайысқа 2оқушы қатысады.
Шығармашылық тапсырма бойынша бағаланады.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
Жүргізуші: Ұпай есептеу үшін әділқазы мүшелерін сайлайық
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын - дей отырып, ойынымызды бастаймыз.
Жүргізуші: І турда: «Өзіңді өзің тексер», Құрлықтан. . Сұрақтар интерактивті тақтадан флипчартта жауабы жасырылып тұрады, тышқанды сұраққа алып барып оң жағын шертсе жауабы шығады.
1сұрақ: Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)
2сұрақ: Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)
3 сұрақ:Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)
4сұрақ: Алгебра сөзі қайдан шыққан? (Әл-жебр грек сөзі)
5сұрақ: Қандай түзулердің ортақ нүктесі жоқ?(параллель)
6 сұрақ: Үшбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы?(периметр)
ІІ турда: « Логикалық сұрақтар », Судан. . . деп аталады.
1. сұрақ:Күннің көзі жылына неше рет шығады?(365)
2. сұрақ:Алмас ақиқат тұжырым айтты. Нұрлан оның сөзін қайталап еді, жалған болып шықты. (Менің атым-Алмас)
3. сұрақ:Үш әке, үш бала бес орынды жеңіл машинамен қала сыртына демалысқа шығады. Жолда оларды МАИ қызметкерлері тоқтатып, құжаттарын тексереді. Ол жүргізушіге ешқандай шара қолданбай жібереді. Машинада артық адам бар емес пе?Кане, ойланайық, неге байқамады? ( Барлығы 4 адам :әке, баласы, немересі, шөбересі)
4. сұрақ:Алманың жартысы неге ұқсайды?(Екінші жартысына)
5. сұрақ:Адам төсекке жатар алдында не істейді? (төсекке отырады)
6. сұрақ:Төрт бұрышты үстелдің бір бұрышын кесіп алса, неше бұрыш қалады? (5)
ІІІ турда: «Талаптыға нұр жауар», Орман, қыраттан. . . деп аталады.
1. сұрақ: «Ноль» қай елдің сөзі (5ғасырда, Үндістанда)
2. сұрақ:Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері мен гипотенузасының арасындағы қатысты дәлелдеген грек математигі кім?
3. сұрақ:Математиканың королі кім?(К. Гаусс)
4. сұрақ: Мақал-мәтел, не жұмбақ айтып бер.
IY турда : «Талпынған жетер мұратқа», Биік шыңнан. . .
1 сұрақ:Электр поезы шығыстан батысқа жүйткіп келеді. Қарсы бағыттан жел тұрса, жел поезд түтінін қай жаққа қарай айдап әкетеді?(электр поезында түтін болмайды)
Шығармашылық тапсырма. Әртүрлі фигуралардан құс не жануарды бейнеле.
Қорытынды: Жеңімпаз марапатталады. Хош сау болыңыздар . Рахмет.
.
Ақтөбе облысы, Темір ауданы
Жансен Кереев атындағы орта мектебі
7 сынып
атты сыныптан тыс жұмыс жоспары
Дайындаған: математика пәнінің мұғалімі Нұрғалиева Ж. І
2011 оқу жылы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz