4-сынып математикасы: шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер сабағы

C:\Users\Владелец\Desktop\Фото0434.jpg

ШҚО, Семей қаласы №15 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мухтарова Манзия Сатбековна

Математика 4 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер

Мақсаты: Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептерді шығаруға дағдыландырып, білік, дағды, іскерліктерін тиянақтау, жүйелеу.

Міндеттері: Шамалар арасындағы тәуелділікті салыстыру, оқушылардың ой-өрісін, белсенділігін, математикалық тілін, өмірмен байланыстыра білуге үйрету; Елін-жерін сүюге, құрметтеуге, үнемшілдікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Флипчарт, тапсырмалар, топ аттары жазылған қима қағаз

Сабақ түрі: Танымдық сабақ

Сабақ типі: Білім, білік, іскерлік қалыптастыру

Әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары, проблемалық оқыту, АКТ, сұрақ-жауап, ой туғызу, өмірмен байланыстыру.

Сабақтың жоспары және барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты үш топқа бөлу І топ - Семей қаласы , ұраны: Тәуелсіз елдің тірегі білімді ұрпақ. ІІ топ - Алматы қаласы , ұраны: Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін. ІІІ топ - Астана қаласы, ұраны: Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

Балалар, еліміздің Президенті халқына өзінің кезекті жолдауын «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» деген тақырыпта жолдаған болатын. Экономика ол есептеумен тікелей байланысты. Сондықтан бүгін біз математика сабағында еліміздің экономикасын көтеруге ат салысайық. Жолдау бойынша елбасы алдымызға 10 мақсат, міндеттерді айқындап беріп отыр.

II. Өткен сабақты қайталау

1 тапсырма: Басқарушылардың білікті саяси негізгі табын дайындау

Өлшемдері: Білімі, тәрбиесі, оқудағы жетістігі.

Бүгінгі сабағымызда осы өлшемге сай оқушыларды анықтап президент қасында жұмыс істеуге жолдама береміз. Әр қаланың әкімдері сабақ соңынан тапсырманың орындауына оқушылардың қатысуына байланысты есеп береді. Сол бойынша бағалайтын боламыз.

Сұрақтарға жауап беру

Шама дегеніміз не? Шамаларды өлшеу үшін не істеу керек? Оларды біз қайда қолданамыз?

Шама-заттың немесе құбылыстың қасиетін сипаттайды.

Ұзындық, уақыт. масса, сыйымдылық, аудан, көлем, жылдамдық т. б.

Кез келген шаманы өлшейді. Ол үшін ол шаманы өлшеудің негізгі бірлігін басқа да бірліктерін іріктеп алады. Олардың арасындағы қатынастарды тағайындайды-сәйкес шаманы өлшеудің жүйесі шығады. Шамаларды біз күнделікті өмірде әр салада қолданамыз.

2 тапсырма . Тұрғындарға қызмет көрсету

Барлық қызмет көрсету электронды түрге көшірілу керек. Сондықтан сендердің компьютерді, көбейту таблицасын қалай игергендеріңді байқайық. Интерактивті тақтада көбейту, бөлу таблицасын қайталау.

3 тапсырма. Қолжетімді баспана Арендалық үйлер жалға берілетін болады. №1

Заттың бағасы
Заттың саны
Заттардың құны
Заттың бағасы: 20 мың теңге
Заттың саны: 60
Заттардың құны: 1 200 000 теңге
Заттың бағасы: 40 мың теңге
Заттың саны: 30
Заттардың құны: 1 200 000 теңге
Заттың бағасы: 80 мың теңге
Заттың саны: 15
Заттардың құны: 1 200 000 теңге

Кестедегі бағандарды салыстыр. Не өзгерді? Не тұрақты болды? Заттың құны тұрақты болып, оның саны кемісе, онда бағасы қалай өзгереді?

Халыққа арендалық төлем ақыны қандай мөлшерде төлеген тиімді?

4 тапсырма . Ауыл шаруашылығын дамыту №2

Қойдың салмағы 20 кг, тайыншаның салмағы 40 кг, жылқының салмағы 80 кг

Заттың массасы
Заттың саны
Жалпы массасы
Заттың массасы: 20 кг
Заттың саны: 8
Жалпы массасы: 160 кг
Заттың массасы: 40 кг
Заттың саны: 4
Жалпы массасы: 160 кг
Заттың массасы: 80 кг
Заттың саны: 2
Жалпы массасы: 160 кг

Кестедегі бағандарды салыстыр. Не өзгерді? Не тұрақты болды?

Заттың жалпы массасы тұрақты болып, оның саны кемісе, онда заттың массасы қалай өзгереді?

Сендердің ойларыңша не өсірген тиімді?

5 тапсырма. Индустриалдық-инновациялық жобалар

Балқаш жарық электр станциясын салу қолға алынады. Ол үшін қаптармен цемент және алинекс жеткізілуде. Есеп құрап шығарайық.

№6

Қаптың массасы
Саны
Қаптардың жалпы массасы
Қаптың массасы: 60 кг
Саны: 6
Қаптардың жалпы массасы: ? Бірдей
Қаптың массасы: 40 кг
Саны: ?
Қаптардың жалпы массасы: ? Бірдей

Шешуі: 60*6=360 кг 360/40=9(қ)

Жауабы: 9 қап

Жарықсыз бір күндеріңді елестетіп көріңдерші.

6 тапсырма . Зейнетақы жүйесін жетілдіру №7

Ойлаған санды 45 есе кеміткенде 90 -ның 30-ға бөліндісіне тең болады.

Шешуі: х/45=90/30

Жауабы: 1350

1350 теңгеге адамның 1 күнде ұстайтын шығындарын есептеп көрейік.

7 тапсырма Өңірлерді дамыту. №3

Көп елді мекендерде су құбырын тартып елді ауыз сумен қамтамасыз етілуде.

4 құбыр салу үшін 5600 теңге жұмсалады. Осындай 12 құбыр салу үшін қанша қаражат кетеді?

Шешуі: 5600/4=1400 тг 12*14=16800 тг

Жауабы: 16800 тг

Судың қолданысы туралы не айтасыңдар?

8 тапсырма 7. Адами капиталдың сапалық өсуі

Қатысып отырған мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін тапсырмалар береміз.

Логикалық тапсырма.


Ұқсас жұмыстар
4-сынып математикасы: шамалар арасындағы тәуелділік бойынша есептер - сабақ жоспары
4-сынып математикасы: егіннің түсімділігі, ауданы мен өнім массасы арасындағы пропорционалдық есептер және кері есептер
4-сынып математикасы: Шамалар мен оларды өлшеу - уақыт, ұзындық және масса бірліктері
Түсімділік пен ауа-райының әсері: шамалар арасындағы тәуелділікті есептеу және модельдеу
6-сыныпқа арналған ұзақ мерзімді жоспар: Шамалар арасындағы тәуелділіктердің аналитикалық, кестелік және графиктік берілу тәсілдері
3-сынып математика: Өтілген материалды бекіту - шамалар арасындағы байланыс, теңдеу құру және амалдар тәртібі
4-сынып математикасы: Теңдеу құру арқылы есептер шығару - ашық сабақ жоспары
Шамалар және оларды өлшеу: аудан бірліктері мен есептер (17-24 мысалдар)
3-сынып математикасы: Есептер шығару сабақ жоспары
1-сынып математикасы: Есептер шығару - қайталау мен жинақтау сабағы (мақсаттары, әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz