2-сыныпқа арналған ашық сабақ: Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы
Сайрам ауданы
№48 «Қайнарбұлақ» жалпы орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі»
2 сынып
Бастауыш сынып мұғалімі: Дүйсенбекова Зухра
Тілесқызы
2012-2013 оқу жылы
Сабақтың тақырбы: Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі
Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту;
- Оқушылардың ойлау, есте сақтау, салыстыру және таным белсенділігін арттыру;
- Тазалық гигиенасын сақтау, тазалыққа баулу.
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, жасанды жеміс, көкөністер, сүт тағамдарының суреттері
Техникалық құралдар: интерактивті тақта, компьютер
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушыларды түгелдеу, балалардың назарын сабаққа аудару
- Үй тапсырмасын сұрау.
- Үйге қандай тапсырма берілді? (үйде әр кім өз отбасында сақталған дәстүр туралы айту)
Үй тапсырмасын бекіту мақсатында «Іскерлік»ойыны ойналады.
Мазмұны: сыныпта бір оқушы журналист болып тағайындалады. Журналист кез келген оқушыға келіп, сұрақтар қойылады.
- Сенің отбасыңда қандай дәстүрлер сақталған?
- Салт-дәстүр туралы айтып берсеңіз?
Ой түйіндеу
Наурыз тойы
Бесікке салу
(интерактивті тақтада орындалады)
Осылайша өткен тақырып бекітіледі. Психологиялық дайындық
Бүгінгі сабақта мынандай маңызды сұрақтарға жауап береміз:
- Біз неге дұрыс тамақтануымыз керек?
- Неліктен жемістер мен көкеністерді жуып жеу керек?
- Неліктен ас ішер алдында қолды жуып, тісті тазалау керек?
- Балалар, өткен сабақтарда біз отбасы мүшелері туралы айттық.
Отбасы мүшелеріне не жатады?(әке-ана, ата-әже, аға-іні, әпке-сіңлі)
- Дұрыс сол кісілердің қандай болғанын қалайсыңдар?( Дені сау, ұзақ өмір сүргені)
- Олай болса, балалар бүгін сабақта «салауатты өмір сүрудің бір ережесі - дұрыс тамақтану» туралы мәлімет аламыз.
- Қанеки, барлығымыз тақтаға көңіл бөлейік. Қандай сурет көріп отырсыңдар?( интерактивті тақтада бір өте семіз адамның және өте жүдеу адамның суреті бейнеленген)
- Неге бұл адамдар осындай сырт көрініске тап болды деп ойлайсыңдар? (оқушылар ойларын айтады)
- Жалпы балалар, сендердің айтып жатқан ойларың дұрыс. Бұл адамдар дұрыс тамақтанбаудың салдарынан, денсаулықтарын жоғалтқан.
Жаңа сабақ:
Кіріспе әңгіме: тамақтану - адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік. біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Адам күш-қуат жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтану керек. Дұрыс тамақтану - денсаулық негізі.
Өткен кезеңнің данышпан адамдары «Біз тамақтану үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз»деген. Дұрыс тамақтану дегеніміз бұл аз-аздан әр-түрлі тамақтарды қабылдау. Ағза үшін жұмыс атқарады, сондықтан уақытылы тамақтануды талап етеді. Ағзада қоректік заттар қарапайым заттарға ыдырайды да, қуат бөліп шығарады.
Тағам өнімдері өсімдік және жануартекті болады. Өсімдіктекті тағамдарға: жемістер мен көкеністер, нан, қант, өсімдік майы жатады. Жануартекті тағамдарға: ет, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, балық, құс еті, сары май жатады.
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
Тамақты жеткіліксіз, артық мөлшерде ішу ағза үшін зиянды.
Балалардың күнделікті тағамында жеміс-жидектер, витаминдер көп болуы тиіс. «Витамин» терминін американ ғалымы Казимир Фуик ойлап тапқан. Ол күріш дәнінің сыртындаға қабықшасын ағзаға қажетті деп есептеп, «vita» сөзі(өмір) мен «амин» сөзін қосып, витамин деп атаған.
А витамині сәбізді, алмада көп болады, ол көздің көруін жақсартады. Орамжапырақта С витамині көп, оның көмегімен тістерің мықты және әдемі қалпында сақталады. Салат жапырағында болатын В витамині ұйқыны жақсартып, көңіл-күйді көтереді. Адам белгілі бір мөлшерде күніне 4-5 рет уақытылы тамақтану қажет.
- «Мынау не?» дидактикалық ойыны ойналады.
Мазмұны: мұғалім оқушыларға көздерін жұмып отыруды тапсырады. Оқушылар көздерін ашқанда тақтада пияз, сарымсақ немесе лимонның суреті тұрады. Мысалы: 1 оқушы лимонның түрін, түсін, дәмін, иісін, оның құрамында қандай дәрумендер бар екенін әңгімелейді. Оны басқа оқушылар толықтырады.
Білімін тексеру: Дұрыс тамақтанудың диагностикалық картасы құрастырылады.
Оқушылар өз беттерінше дұрыс тамақтану және дұрыс тамақтанбаудың ережелерін жазады, неге екенін дәлелдейді.
Оқушылармен жұмыс
- Енді балалар барлығымыз көңілімізді оқулыққа аударайық. Оқулықты ашып тапсырмаға көңілдеріңді бөліңдер.
Іштей бір рет оқып шығыңдар. Енді тапсырмаға көңіл бөлейік.
Тапсырма:
- Оқулықтан жануартектес азық-түліктерді кім тауып береді?
- Өсімдіктектес азық-түліктерді кім тауып береді?
- Тамақтану барысында қандай ережелерді сақтағанымыз жөн?
Суретпен жұмыс: