Үлгірімі төмен оқушыларға тапсырма

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Антонимдер

Сабақтың мақсаты: Білімділік - антоним сөздерді бір-біріне салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығаруға бағыт беру,

Дамытушылық - оқушының білім мен танымын кеңейту және тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін толық жеткізе алуына баулу, ойлау қабілетін арттыру;

Тәрбиелік - оқушыларды адамгершілік асыл қасиеттерге жетелей отырып, сөз өнерін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, тілдік талдау, топтастыру.

Көрнекілігі: оқушылардың таным қабілеттерінің даму деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалар, интерактивті тақтада слайдтар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақ барысы.

І. Мотивация. Ұйымдастыру, зейіндерін аудару. Оқушыларды топтарға бөлу. Топ жетекшілерін сайлау /дауыс беру арқылы/. Оқушы білімін есепке алу картасын слайдтан көрсетіп таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.

«Миға шабуыл». Әр топқа арнайы сұрақтар қоя отырып өткен сабақты еске түсіру:

1. Лексика дегеніміз не?

2. Омонимдердің анықтамасын айт. Мысал келтір.

3. Сіздер күнделікті өмірде омоним және синоним болатын сөздерді қаншалықты жиі қолданасыздар?

Омоним мен синоним сөздерге жазып келген өлеңдері мен мақал-мәтелдерін оқыту.

ІІІ. Мақсат қою. Жаңа тақырыпқа жазылған мысалды оқытып, өздеріне ереже шығарту, мақал-мәтелдер, жұмбақтар арқылы білімін кеңейту, антоним сөзі қай тілден шыққанын, жасалу жолдарын таныстыру.

ІV. Жаңа сабақ.

Өзіндік ізденіс - білім негізі.

Интерактивті тақтадан биік тау мен аласа таудың суреті, кактус гүлі мен адыраспан шөбін салыстыру арқылы оқушыларға не түсінгендерін және ереже шығару керектігін ескертемін.

-Балалар, антоним грек тілінде anti -қарсы, onota - атау дегенді білдіреді. Ендеше сіздер мысалдарға сүйене отырып қандай қорытындыға келдіңдер?

- Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздерді антонимдер деп атаймыз.

-Балалар, антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды, болымсыздық мағыналар бірдей емес. Оларды былайша салыстырып көруге болады.

Тақтаға жазылған мақал-мәтелдерді оқып, антонимдер мен болымды, болымсыздық мәндегі сөздерді табамыз.

Антонимдер
Болымды, болымсыздық мағыналар
Антонимдер: 1. Күшті мен алысқан әлсіз өз қолын сындырады. (Сәйф Сарайи) .
Болымды, болымсыздық мағыналар:

Піл күшті,

Піл күшті емес , тіл күшті.

Антонимдер:

2. Жаман сөз жылатады,

Жақсы сөз жұбатады.

Болымды, болымсыздық мағыналар: Көп сөйлеген қалайда жақсы емес. (Құтып)
Антонимдер:

3. Білімді - алтын көзі ашылатын,

Надан жан - қара бақыр шашылатын. (Йүгінеки)

Болымды, болымсыздық мағыналар: Білімді білімсіздің мыңын жеңер. (Йүгінеки)

Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады.

1- топ тапсырмасы:

Мағыналық жағынан бір-біріне қарама-қарсы болып келетін тұрақты тіркестерді ойлап жазу.

Ит арқасы қиянда - таяқ тастам жер. т. б.

2-топ тапсырмасы:

Құрамында антоним сөздер кездесетін мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар ойлап жаз және мағынасына, жасалу жолына назар аударыңдар.

Мақалдар.

  • Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.
  • Дұшпан күлдіріп айтады,

Дос жылатып айтады.

  • Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Жаңылтпаштар.

  • Ақтайлақ ақ па?

Қара тайлақ ақ па?

  • Күнбе, түнбе,

Пілге мінбе.

  • Екеуінің жасы шамалас,

Бірінің шашы - қара шаш,

Екіншісінің шашы ақ шаш аралас.

Жұмбақтар.

  • Түндебармын,

Күндіз жоқпын. /жұлдыз/

3- топ тапсырмасы:

Сын есім
Етістік
Зат есім
Есімдік
Үстеу
Сын есім:

ауыр-жеңіл,

кең-тар,

ыстық-суық,

жас-кәрі

артық-кем,

аш-тоқ,

арық-семіз,

оңай-қиын

Етістік:

озу-қалу,

кету-келу,

қону-ұшу,

шашу-жинау,

ашу-жабу,

кіру-шығу,

күлу-жылау,

сату-алу

Зат есім:

өтірік-шын,

обал-сауап,

алғыс-қарғыс,

рахат-бейнет,

бақ-сор,

өмір-өлім,

пайда-зиян,

жаз-қыс,

күн-түн

Есімдік:

анау-мынау,

әне-міне,

осы-сол

Үстеу:

ерте-кеш,

ақырын-шапшаң,

жоғары-төмен,

алыс-жақын,

әрі-бері

Талантты, дарынды оқушыларға тапсырма. (жеке жұмыс)

Сурет бойынша өз шығармашылығына сүйене отырып әңгіме не өлең жазу (ішінде антоним сөздер болуы шарт) .

Үлгірімі төмен оқушыларға тапсырма. Берілген мәтін сөйлемдері ішінен антоним болатын сөздерді тауып астын сызу.

V. Сергіту сәті. «Кім тапқыр?» ойыны. Мақалдың жалғасын табу.

Ашу . . . (дұшпан) Ақылдан жақын . . . (дос) жоқ,

Ақыл . . . (дос) . Ашудан жаман . . . (қас) жоқ.

VІ. Бекіту кезеңі:


Ұқсас жұмыстар
Сөйлем туралы . Сөйлем туралы бұрыннан таныс білімдерін жүйеге келтіру
Вирустар және фагтар
Сынып жетекші балаларды анықтау
Күш
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар. 4 сынып
Дарынды балалар
Ғылыми жұмыс
Сыни тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы
Оқушыларды математика пәнінен ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдары
Танымдық белсенділік және жеке тұлғалық қасиет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz