9-сынып физикасы: Энергияның мәні, түрлері және оның сақталу заңы

Физика 9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Энергия . Энергияның бір түрден екінш түрге айналуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік энергия ұғымын физикалық шама ретінде, энергияның сақталу заң ретінде түсіндіру. Физикалық шама, заң ұғымдарын қайталау, энергия, шамаларын бекіту. Теориядан алған білімдерін есеп шығаруға қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін, теориялық білімі мен физикалық тілін, теорияны практикада қолдана білу мен өз ойын қорыта айта білу біліктілігін, ойлау қабылеттілігін арттыру.

Тәрбиелік: «Қазақстан-2010» стратегиясындағы энергия туралы таныстыру, материалистік -диалектикалық көзқарасын қалыптастыру, белсенділікке, өз бетінше жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, иллюстративті, практикалық, тірек-сызбалармен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдісі, сатылай кешенді талдау технологиясы.

Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: Электронды оқулық, оқулық, тірек-сызбалар, слайдтар, компьютер.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Сатылай кешенді талдау технологиясы арқылы.
  2. Шығармашылық жұмыс «Реактивті қозғалыс» тақырыбына презентация жасау арқылы түсіндіру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

а) (Мақал-мәтел, Венн диаграммасы, алгоритм «Формула»)

б) Есептер шығару.

V. Оқушылардың білімін бағалау.

VІ. Үйге тапсырма §22, 23 20ж

Сабақтың барысы:

  1. Қызығушылығын ояту.

Бір жас бала данышпанға келіп айтыпты «Мен өз өміріме қуаныш қабылдаймын» бірақ қуанғым келмейді, неге екенін түсінбеймін.

Данышпан - ол жас жігіттің алдына қасық, кесе, шам қойып «нені таңдайсың?» - деп сұрапты.

Қасықты - депті жас бала.

Данышпан оны бес рет қайтала депті. Жасөспірім бес рет қайталайды.

Міне көрдің бе? Бір күнде миллион есе қайталасаңда ол орындалмайды.

Онда не істеу керек?

Оған қолыңды созып алу керек. Сол үшін бүгінгі сабақта сендер өз білімдеріңді алып, практикада қолдануларыңды тілеймін.

а) Мағынаны тану.

Энергия дегеніміз не?

Энергия дегеніміз - дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама.

1 тірек - сызба.

Энергия ұғымын физикалық шама ретінде талдау.

Е k қозғалыстағы дене күйін сипаттайды, оның екі белгісі бар.

  1. Еkжылдамдыққа тәуелді.
  2. Оның өзгерісі денеге әсер етуші күш атқаратын жұмысқа тең.

А=∆Eκ; A=Eκ₂ −Eκ₁; A= mv₂²⁄2 − mv₁²⁄2

Е n потенциалдық күштер әрекет еткен дене күйін сипаттайды, оның екі белгісі

  1. Еnдене координаталарына тәуелді.
  2. Оның өзгерісі потенциалдық күштер атқаратын жұмысқа тең

А=∆E n ; A=-(E n ₂ − E n ₁) =-(mgh₂- mgh₁) немесе
A=-(E n ₂ − E n ₁) =-(kx ₂²⁄2 - kx ₁²⁄2 )

Механикалық жұмыс - энергия өзгерісінің өлшемі жұмыс атқарылғанда энергияның әйтеуір бір түрі өзгереді. А= Е k немесе А=- Е n

Бір-бірімен өзара әрекеттесетін денелердің әрі кинетикалық, әрі потенциалдық энергиясы болады. Мысалы: ЖЖС (жердің жасанды серігінің) кинетикалық энергиясы бар, өйткені ол қозғалып жүр. Ал «ЖЖС-жер» жүйесінің потенциалдық энергиясы бар, өйткені олар бүкіләлемдік тартылыс күші арқылы өзара әрекеттеседі. Сол сияқты соқтығысқан шарлардың

кинетикалық әрі потенциалдық энергиялары болады. себебі олар қозғалыста және серпімді деформацияланған.

Өзара әрекеттесетін денелер жүйесінің Е k және Е n қосындысы Е m береді.

Е m k n

Мысалы: (1жағдай) осы жағдайда Е k және Е n қоры

Е m = mv 1 2 + mqh,

2

m

h 1 v₁

v₂ h 2

2 жағдай Дене h 2 биіктіктен түсті, V 2 қозғалыс кезінде ауырлық күші жұмыс істейді ү

А = mq (h 1 - h 2 ) , ол жұмыс толығымен дененің кинетикалық энергиясын арттыруға жұмсалады.

A= mv₂²⁄2 − mv₁²⁄2;

mg h₁ - mg h₂= mv₂²⁄2 − mv₁²⁄2 немесе mv₂²⁄2 − mv₁²⁄2 ) =-(mgh₂- mgh₁) ;

егер дененің потенциалдық энергиясы артса, онда оның кинетикалық энергиясы кемиді және керісінше.

Е k2 n2 = Е k1 n1


Ұқсас жұмыстар
Энергияның сақталу заңы және механикалық энергияның түрленуі
Педагогикалық шеберхана: Энергияның сақталу заңы және механикалық энергияның түрленуі
9-сынып физика: Энергияның түрленуі мен сақталу заңы және ғылым мен техникадағы қолданылуы
Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы
Мирзабаева Нұргүлдің 9-сыныпқа арналған Энергияның сақталу заңы бойынша рефлексивтік есебі
8-сынып: Жылу құбылыстарын қайталау - ішкі энергия, жылу беру түрлері және энергияның сақталу заңы
Сабақ: Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы
9-сынып физикасы: Дене импульсі және импульстің сақталу заңы - сабақ жоспары
9-сынып физикасы: Энергия және энергияның сақталуы мен бір түрден екінші түрге айналу заңы - қысқа мерзімді сабақ жоспары
Энергияның сақталу және түрлену заңы: механикалық энергия, кинетикалық және потенциалдық энергиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz