Жапырақтың суретін салу

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Шапхатова Салтанат

«Толағай» тобы

Күні: 10. 04. 2013

Білім беру салалары: Шығармашылық

Бөлімдері: Сурет салу

Тақырыбы: «Әлемнің сиқырлы кітабы »

Мақсаты:

Білімдік: Балаларды дәстүрден тыс сурет салу техникасы «қағазды умаждап, саусақпен салуды» таныстыру. Табиғат көрінісімен таныстыру. Қол, саусақ маторикаларын дамыту және бала тілін дамытып ойын арқылы дыбыстарын жетілдіру. Қарындашты (қылқаламды) қатты баспауға үйрету.

Дамытушылық: Балалардың коммуникативтік- ақпараттық құзіреттілігін молайтып, ой- түйсігін, қиялын дамыту. Әлемнің сырын сезіне білуге, көркемдік талғамдарының жетілуіне ықпал ету.

Тәрбиелік: Балалар табиғатты қорғай білуге, табиғат сырын ұғуға, бір- бірімен жақсы қарым - қатынаста бірлесіп жұмыс жасай білуге үйрету.

Алдын ала жұмыс және сабаққа дайындық: керекті құрал- жабдықтарды дайындау.

Қажетті құрал- жабдықтар : сурет қиындылары, сіріңке, бояу, сүлгі, ақ қағаз.

Әдіс- тәсілдер: Эксклюзивті, түсіндіру, әңгімелеу, сын тұрғысынан ойлау, сұрақ- жауап, көрсету, модульдік, қағазды умаждау арқылы саусақпен сурет салу.

Қызмет кезендері
Педагогтің басқару іс-қимылдары
Балалар қызметі
Қызмет кезендері:

1 кезең

уәждік-түрткі болу

Педагогтің басқару іс-қимылдары:

Баланың әрекетке кірісуіне түрткі болу:

Балалар бізге бүгін қонақ апайлар келіп отыр, қане салемдесіп алайық!

-Енді осы жақсы көңіл-күйімізді бір- бірімізге қарап күлімдеп шын жүрегімізбен сыйлайық.

Сол жақсы көңіл- күйімізді енді қонақтарға сыйлайық.

Проблемалық жағдай орнату

-Балалар қараңдаршы мына жерде бір сандық тұр. Мистер Джонның сандығы.

Мистр Джонның Сиқырлы сандық жұмбағын шешіп көреміз бе?

Мистер Джонның Жұмбағын шешу, сандықтан кітапты алып тапсырмаларын орындау.

Балалар қызметі:

-Сәлеметсіздерме?

Бір- біріне қарап күлімсіреп көңіл-күй сыйлайды

Балалар назарларын сандыққа аударады

Иә шешіп көреміз

Балалар жұмбақты шешіп сандықтың тапсырмаларын шешеді

Қызмет кезендері:

2 кезең

проблемалық-ізденістік

Педагогтің басқару іс-қимылдары:

Балаларды проблеманы шешуге бағдарлау:

1 бет. Күз суреті жұмбағын шешіп корелік

2 бет. Апельсин мен лимондар тапсырмасы.

3 бет. Мерекелік отшашудың тапсырмасын орындау.

Жапырақтың суретін салу

Сергіту сәті «Сылақшы»

4 бет Қандай заттың пішіні шаршы болады?

5 бет « Балықтар аквариумда жүзеді»

6 бет Кішкентай шырша тоңып қалды қыста

Жұмбақ жауабын шешу

7 бет Күн сәулелерінің ұсынысы

«Шуақты күн» суретін бояу

8 бет Әдемі құс тапсырмасы

Баланы қызмет үрдісіне психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу:

9 бет Не домалақ пішінді болады?

Балалар қызметі:

Балалар Күз суреті жұмбағын шешеді

Апельсин мен лимондардың тапсырмасын шешеді

Мерекелік отшашудың

тапсырмасын орын-

дайды, жапырақтың

суретін салады

«Сылақшы» жаттығуын жасайды

шаршы пішінді затты атайды, балықтардың түстерін ажыратады

Шыршаның жұмбағын шешеді

Күннің суретін салады

Әдемі құс тапсырмасын орындайды

Домалақ пішінді затты атайды.

Қызмет кезендері:

3 кезең

рефлексті-түзетімдеуші

Педагогтің басқару іс-қимылдары:

Балалар қызметінің нәтижелерін талдау:

12 бет

Үй тапсырмасы “Сүйікті ойыншық” (суретін салу)

Балаларды мадақтау, бағалау, сабақты қорытындылау.

Балалар қызметі: Балалар салған суреттерін тапсырады, тәрбиешінің қорытынды сөзін тыңдайды.

Күтілетін нәтиже:
Балалар табиғатты қорғай білуге, табиғат сырын ұғуға, бір- бірімен жақсы қарым - қатынаста бірлесіп жұмыс жасай білуге үйренді. Қол, саусақ маторикаларын дамыта алды. Ойын арқылы дыбыстыры жетіледі, ақпараттық- коммуникативтік құзіреттілігі дамыды.

Білу тиіс:

Бірлесіп жұмыс жасауды білуі тиіс. Қағазды умаждау арқылы сурет салуды білуі тиіс.

«Райхан» балабақшасы

Тақырыбы: «Әлемнің сиқырлы кітабы»

Тәрбиеші: Шапхатова С.

«Толағай» тобы

Индер 2013 жыл


Ұқсас жұмыстар
Жапырақтың құрылысы. жапырақтың алуантүрлілігі, олардың өсімдік тіршілігіндегі рөлі. 6 сынып
Компьютерлік графика түрлері
Жапырақ. Тұқым және жеміс
Вегетативті мүше
Алтын күз
Қоңыр күз
Қысқы пейзаж
Атай шалқан отырғызды (орыс ертегісі)
Қызылша жетілдіру және жинау машинасы
Гүлдің құрылысы . Өсімдіктердің көбею мүшесі, гүлдің құрылысы, гүл бөліктерінің атқаратын қызметі туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz