Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Естемес мәтін басында

Талдықорған қаласы №4 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Сәуле Төлендіқызы Бейсенбинова
Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы : Әңгімедегі өнер тақырыбы
Сабақтың мақсаты :
1. Білімділік: Т. Ахтановтың <<Күй аңызы>> әңгімесін мазмұндата, талдата отырып, оқушылардың әңгіме жайлы білімдерін тереңдету және әңгіме тақырыбы бойынша жаңа білімді игерту ;
2. Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін, ойларын нақты, дәл жеткізе білу, позициясын қорғай білу дағдыларын, сөйлеу тілін,сөйлеу мәдениетін, дүниетанымын дамыту;
3. Тәрбиелік: төл өнерге деген сүйіспеншіліктерін ояту, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, күй өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : дәстүрлі аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар т.б
Пәнаралық байланыс : тарих, ән-күй
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі :
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру, сыныпты түрлі-түсті қағаздар тарату арқылы топқа бөлу
1 - топ - Естемес
2 - топ - Жаңыл
3 - топ - Оразымбет
2. Топта жұмыс жүргізу ережесімен таныстыру
Топта жұмыс жүргізу ережелері:
1. Топ мүшелері бірлесіп, түгел жұмыс жасайды.
2. Топ мүшелері өзара ақылдасады, ортақ шешімді қабылдайды, жауапты топ мүшелері таңдаған адам жариялайды.
3. Жұмыс жүргізгенде уақытты ескереді.
4. Берілген жауаптар толық, тиянақты, дұрыс болуы тиіс.
5. Жұмысты өзара бөлісіп алады.
6. Өзге топтарға құрметпен қарайды, оларды мұқият тыңдайды, қажет болса, олардың жұмысына сын айтып, қатесін түзетіп, баға береді.
7. Топ мүшелері сабаққа белсенді қатысады.
3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, сәттілік сәті.
<<Кел ойнайық>> сәттілік сәті
1. Жақсы адам болғылары келетіндер, орнынан тұрады.
2. Бүгінгі сабаққа жақсы көңіл-күймен келгендер, орындарына отырады.
3. Жалқаулық жаман қасиет дегендерің, қолдарын жоғары көтереді.
4. Бүгінгі кездесуге қуаныштылар қол шапалақтайды.
6. Оқушылар сабақтарын 5-4 оқысын, бүгінгі сабаққа жақсы өтсін дегендер, бір-біріне қол жалғап жылу сыйлайды, сабақты жоғары көңіл күймен бастайды!
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау :
1. Т. Ахтанов <<Күй аңызы>> әңгімесі бойынша <<Сөздерді сөйлет>> ойынын ойнату, топтар интерактивті тақтаға шыққан сөз қатысатын оқиғаны мазмұндап береді
1 - топ: қамзол, қамшы, қайнар, отбасы
2 - топ: дұға, ұстаз, қараша үй, сусын
3 - топ: тостаған, қолқа, күй, көз жасы
ІІІ. Жаңа сабақ:
1) Күй тыңдату арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтату
2) Топтық жұмыс:
1 - топ
1. Күйшілер неге ел аралап жүр, Естеместің арманы қандай?
2. Әңгіменің тақырыбын анықтаңдар. Мәтіннің тақырыбы бірден байқала ма?
3. Жаңыл қандай қулық істеді? Жаңылға мінездеме беріңдер.
4. Осы мәтінде дүниеге келген күй қалай аталады?
5. Күй құдіреті туралы өздерің не білесіңдер?
2 - топ
1. Күйшіге ой тастаған қыздың сөзін тауып оқып беріңдер. Қыз сөзінде қандай сыр бар?
2. Күй неге бұл үйде дүниеге келді?
3. Оразымбет қандай күйші? Оразымбет күй шерткенде неге шелекке сүт сауылдады?
4. Оразымбетке мінездеме беріңдер
5. Қандай күй аңыздарын білесіңдер? Айтып беріңдер.
3 - топ
1. Жаңыл неге Естеместің жүрегінде жағылған отты сөндірді?
2. Естемес мәтін басында: <<Күйге қыз берген қазақты көріп пе едің>>, - деген сөзді неге айтты?
3. Ботасы өлген аруана күйшіге қалай әсер етті?
4. Естемес Жаңылдың істеген қулығын сезді ме? Естемеске мінездеме беріңдер
5. Жазушы неге осы тақырып жайлы тебірене жазған?
3) Шығармашылық жұмыс
Берілген <<Үш тағанды>> бір-бірімен байланыстырып, бүгінгі сабаққа қатысты 3 сөйлеммен тақырыпқа анықтама беріңдер
Өнер

Күй Домбыра
4) Интернетпен жұмыс
Ғаламтор мүмкіншілігін пайдаланып, сабақ үстінде <<күй, өнер, домбыра>> туралы мағлұмат тапқызу, оқыту
5) <<Күй аңызы>> - бейнефильмін көрсету
6) Венн диаграммасы

<<Күй аңызы>> әңгімесі мен видео бойынша
IV. Сабақты қорыту:
Ұжымдық шығарма
Топ болып әңгімеден, сабақтан алған әсерлерін 5 сөйлемге сыйдырып, мәтін құрап жазыңдар
V. Білімді бағалау: Оқушылардың қолындағы смайликтер суреті бойынша білімдері бағаланады.
VI. Үйге тапсырма: Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындап келу

Ұқсас жұмыстар
Сұрақтар көшкіні кестесі
Күй поэмасы
Тілшілер тобы
Т. ахтанов "күй аңызы"
Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. қаріп. абзацты пішімдеу. 6-сынып беттердің параметрлері. жиек. алдын ала қарау. құжатты баспадан шығару
Мәтінді пішімдеу. Сабақ жоспары
Жамбылдың қай шығармасынан
Үйге тапсырма. САБАҚ ЖОСПАРЫ
Графикалық редактордың сурет салу кезеңдері
Ф дыбысы мен әрпі
Пәндер