5-сынып сабақ жоспары: Тарихи карталар және қазақ жерінің картографиялық бейнеленуі

C:\Users\Арайлым\Pictures\Samsung\SCX-3200_20140428_13363901.jpg Сыныбы: 5 «а»

Пән аты: Қазақстан тарихы

Пән мұғалімі: Серікбаева Гүлшара Жауғашарқызы

№19 орта мектеп Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті.

Сабақтың тақырыбы . Тарихи карталар

Сабақтың мақсаты :

Білімділік : Оқушыларға карта тарихы, қазақ жері жайлы карталық мәліметтер туралы түсінік

беру.

Дамытушылық: Оқушыларға сұрақтар, тапсырмалар беру арқылы ойлау, есте сақтау қабілетін

дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды бірлікке, адамгершілікке, елін, жерін сүйе, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі

Сабақтың типі : Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі : Ауызша баяндау, сұрақ -жауап.

Көрнекілік : Сызбалар, кесте.

Құрал - жабдық : Карта.

Сабақ барысы : І. Ұйымдастыру .

а) Сынып оқушыларын түгелдеу.

ә) Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бағалау.

Тақырыбы: Тарих және кеңістік .

1. Кеңістік ұғымы

2. қазақ халқының кеңістік туралы ұымдары.

ІІІ . Өткен сабақты бекіту.

1. Кеңістікті қалай түсінесің ?

2. кестені толтыр.

Сақтардың әлемнің үш құрылымы туралы түсінігі
Ежелгі түріктердің кеңістік туралы ұғымы
Қазақтар кеңістікті қалай атаған ?
Сақтардың әлемнің үш құрылымы туралы түсінігі:
Ежелгі түріктердің кеңістік туралы ұғымы:
Қазақтар кеңістікті қалай атаған ?:

3 . Тест тапсырмалары.

1) Күнге табынудан қазақ жерінде қандай ескерткіштер қалған ?

А) пирамида ә) «мұртты қорған» б) обалар В) кесенелер

2) Ежелгі түріктер неге табынған ?

А) тәңірге ә) жаратушыға б) күнге В) тауға

ІҮ. Жаңа сабақ

1 . Карта тарихы

немісше - «түпнұсқа»

Карта

грекше - «жазу папирусы»

Карта түрлері

Тарихи географиялық саяси экономикалық

Алғашқы карталар - Қытайда жасалды

Карта жасау ісі дамыды - Ежелгі Грекияда

Ежелгі карталар

р\с
Ежелгі карталарды жасушылар
Қамтылған жері
р\с: 1
Ежелгі карталарды жасушылар: Геродот
Қамтылған жері: Жердің кескін картасын алғаш жобалап жасады. Оған Ежелгі Грекия жері енді.
р\с: 2
Ежелгі карталарды жасушылар: Птолемей
Қамтылған жері: Б. з. б. ІІ ғ. «география» кітабын жазып, оған қосымша дүние жүзінің картасын жасайды. 26 мемлекеттің аумағы қамтылады. Еуразия, Африка құрлықтарының бедері қазіргі кескініне біраз жақындайды.
р\с: 3
Ежелгі карталарды жасушылар: Ұлы ойшыл, саяхатшылар әл - Идриси, Ибн Хаукал
Қамтылған жері: Дүние жүзі және Орта Азия картасының түпнұсқасын құрастырып, қолжазбаға енгізген.
р\с: 4
Ежелгі карталарды жасушылар: Махмұд Қашғари
Қамтылған жері: ХІ ғ . қазақ жерінің саяси - этностық тарихы туралы дерек береді.

ХҮІ - ХҮІІ ғ . - Италия, Голландия елдерінде карта жасау ісі жолға қойылды.

«Худад әл - Әлемде » ортағасырлық құнды еңбек, қарлұқтар жайлы дерек бар.

Әл-Идриси «Сурат әл- ард»( «Жер беті суреті») - Қазақ жеріндегі ежелгі қалалар, таулар мен

өзендер жайлы, қимақтың 16 қаласы аталады. Ертіс өңірін мекендеген тайпалар

Орыс ғалымы С. Ремезов - ХҮІІ ғ. «Сібірдің сызба кітабы» - алғаш рет қазақ жерін өзі жазған

кітабындағы картаға түсірген.

И. Г. Ренат - Тұтқындағы швед офицері - қазақ жерінің картасын Жоңғария ханының

тапсырмасымен жасайды.

Ш. Уалиханов - Ыстықкөлді алғаш рет топографиялық картаға түсірді.

Ү. Жаңа сабақты бекіту.

1. Карта не үшін қажет ?

2. Әлемде алғаш карталар қалай жасалды ?

3. Көне және ортағасырлық сауда мен көш жолдары туралы не білесің ?

ҮІ. Қорытындылау.

ҮІІ . Үйге тапсырма

Тарих және карталар

Өздерің тұрған елді мекеннің картасын жасап келу.


Ұқсас жұмыстар
Жердің глобуста және картада бейнеленуі: картографиялық ерекшеліктер мен масштаб
5-сынып қазақ әдебиеті сабақ жоспары: Қ. Шаңғытбаевтың Сабалақ өлеңін тарихи тұрғыдан талдау
Географиялық карталар мен олардың жіктелуі (6-сынып, физикалық география)
5-сынып қазақ тілі сабағы: Тарихи сөздер - анықтамасы, түрлері және жаттығулар
Қазақ әдебиетінде жылқының түр-сипаты мен бейнеленуі
9-сынып қазақ тілі: Тіл - тарихи құбылыс (ашық сабақ)
5-сынып қазақ әдебиеті сабақ жоспары: Жұмбақ шешу
5-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Қобыланды батыр жырының тәрбиелік және тарихи құндылығы
Сыныптан тыс сабақ: Қаракерей Қабанбай батырдың өмірі, ерлігі және тарихи орны (5-сынып)
5-сынып қазақ әдебиеті сабақ жоспары: Ілияс Жансүгіровтің Күй поэмасын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz