Халық ауыз әдебиеті: айтыс - жігіт пен қыздың өлеңдік диалогы (Новокаменка, Қызылжар ауд.)

Халық ауыз әдебиеті

Айтыс өлең

Жігіт:

Мен келдім ауылыңа суды кешіп,

Қандырдым сусынымды суын ішіп.

Екеуміз өлең айтсақ ел сүйсінер,

Көктен де құстар қонар, жерге түсіп.

Қыз:

Бойыңды кең далада көрді көзім,

Тарадың шаштарыңды өріп өзің.

Ерлікпен шөл далада қала орнаттың,

«Рахмет», «Құтты болсын!» айтар сөзің.

Жігіт:

Жылқы ойнар кең далада тайдай болып,

Көрінді қара қасың жайдай болып.

Өсірген ата-анаңа рахмет,

Құлпырдың он төрт күндік айдай болып.

Қыз:

Ішінде алты қыздың атым- Зере,

Жүремін қыздарменен алма тере.

Ән салып өлең айтып сен келген соң,

Балқыдым, бойым жылып майдай ере.

Жігіт:

Жер мынау көлеңкелі майда тал-ды,

Сұлу қыз шашын сілкіп белге салды.

Әдейі өлең айттым қарасын деп,

Қарайлап қаршығадай мойным талды.

Қыз:

Жеріңіз жер екен-ау ойдым-ойдым,

Өзіңді келе ме деп сертке қойдым.

Келмеген соң «Кешігіп не болды?» деп,

Ішіп тұрған шайымды жерге қойдым.

Жігіт:

Есілдің өзенінде тас болады,

Жарасқан ақ бетіңе қас болады.

Көзіңнен құралайдай жалтылдаған,

Көрген жан балқиды да мас болады.

Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы,

Новокаменка орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Каржауова Мақпал Малдыбекқызы.


Ұқсас жұмыстар
Айтыс: ұлттық ауыз әдебиеті, көркемдік ерекшеліктері және тәрбиелік рөлі
3-сынып: Құмырсқаның қанағаты тақырыбындағы халық ауыз әдебиеті сабағы
Халық ауыз әдебиеті: түрлері мен салт-дәстүрлерді қайталау бойынша модульдік сабақ
4-сынып ана тілі: Халық ауыз әдебиеті - Батырлар жыры (Ер Тарғын) сабақ жоспары
Халық ауыз әдебиетін пысықтауға арналған бақылау сабағы
Жылу құбылыстарына шолу: халық ауыз әдебиеті элементтері негізіндегі қортынды сабақ
Халық ауыз әдебиеті арқылы ана тілін тәрбиелеуге бағытталған сайыс сабақ жоспары
Қысқамерзімді сабақ жоспары: 5-сынып, Халық ауыз әдебиеті №1 сабақ - Таза, мінсіз асыл сөз
Халық ауыз әдебиеті мен желілі-рөлді ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту
Шешендік сөздер мен Төле бидің төрелігі: халық ауыз әдебиетіндегі адалдық пен шешендік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz