Қазақстандағы жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты мен қағидалары

Жаңартылған білім беру -білім берудің жаңа мазмұны

Білім беру елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегия болып табылады. Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай бағдарлама. Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Оқушылар бастауыш сыныпта оқытылатын әр пәндік саланы түсінетіндігін көрсете отырып, алдағы уақытта осы білімдерін басқа жағдайларда қолдана білулері қажет. Сондықтан оқушыларды өз білімдерін кез келген жағдайға қалай бейімдеу керектігін біліп, болашақта кездесуі мүмкін кез келген күрделі тапсырмаларды шешуге икемді болуға баулу маңызды болып табылады. Бағдарлама сауат ашу, қазақ тілі, ана тілі пәндерінен оқушының тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Математика, жаратылыстану сабақтарында логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, зерттеу дағдыларын қалыптастыру . Сонымен қатар, бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламаларының маңызды қағидаты білім беру бағдарламасының спиральділік қағидаты болып табылады. Оқу бағдарламалары спиральді білім беру бағдарламасы моделіне негізделеді, оның негізінде оқушылар келесі сыныпқа ауысқан сайын зерделенетін материалдар мен білім қайталанып отырады.

Бүгінгі таңда оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, алған білімдерін өмірде қолдана алатын оқушыларды тәрбиелеу қажет. Сондықтан жаңартылған білім беру заман талабы екенін білуіміз қажет.


Ұқсас жұмыстар
Жаңартылған білім беру мазмұнында шет тілі сабағын ұйымдастырудың әдістемесі мен тиімді жолдары
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бағалау: қалыптастырушы және жиынтық әдістер
Жаңартылған білім беру жүйесінде кинематика бөлімін оқыту әдістемесі
Математика сабағында жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері мен тиімділігі
Жаңартылған оқу бағдарламасының жаңашылдығы мен критериалды бағалаудың тиімділігі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мысалында
Кеңестік Қазақстандағы XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы білім беру мен ғылым: жетістіктері мен кемшіліктері
Экологиялық білім беру: тұжырымдамасы, Қазақстандағы принциптері және психологиялық негіздері
Жаңартылған білім мазмұнына көшу және критериалды бағалау: бастапқы қадамдар мен түйткілдер
Қазақ тілі: қысқа мерзімді сабақ жоспары үлгісі және жаңартылған білім беру контекстіндегі скаффолдинг пен критериалды бағалау
Жаңартылған білім беру жағдайында инновациялық технологиялар арқылы оқыту: Коррозия және металдардың тірі ағзалардағы маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz