Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Болар бала кісілікке үйір, тозар бала ішімдікке үйір
Тақырыбы: Өз тағдырыңа балта шаппа жеткіншек
Мақсаты. Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туры түсінік беру. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзінде, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүре білуге ат салысуға тәрбиелеу. Осы жаман әдеттердің зиянын білімділікпен түсініп, өз беттерінше қорытындылай білуге, олардан сақтану жолдарын дұрыс таңдап, салауатты өмір құрудың маңызын түсіне білуге бағыттау
Ұраны: <<Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде>>
<<Есірткіден есіруді көздегенше, салауатты салтымыздан қол үзбе>>
Көрнекілігі: суреттер, қанатты сөздер
Әдісі: тренинг, пікірталас, кездесу
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды 2 топқа бөліп отырғызу
1І. Ой қозғау
Екі топқа да ортақ бір сұрақ қою, оған жауап алу.
Салауатты өмірге қандай әрекеттер кері ықпалын тигізеді деп ойлайсыз?
Олай болса, балалар бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: <<Өз тағдырыңа балта шаппа жеткіншек>>
1-топ Шылымқорлық
Ұраны: <<Темекіден түтін сорсаң улайсың,өзіңді-өзің жіпсіз байлап шырмайсың>>
1-оқушы Темекі жапырағында никотин уы бар.Ол жүректі,миды,өкпені уландырады.Сондықтан да шылым шекпейтін адамдарға қарағанда,шылым шегетіндер көп ауырады.Темекі тарту жаман ауруға душар етуі де мүмкін.Темекіні тастап кету тым қиынға соғады.Ең жақсысы оны ешқашан тартпау,ауызға алмау.
2- оқушы
Бұл отырған шылымқор,сорады кеп шылымды ол
Қанша айтсанда алмайды тартпа деген тіліңді ол
Қой десеңде қоймайды,көк түтінге тоймайды
Сора сора уыты өн бойыңды жайлайды,
Бірақ шылым сорғанда аузы тыным таппайды
Шылымсыз тек жүрмейді,жоқ боп қалса тілейді,
Бірақ оның зиянын білсе дағы білмейді
3-оқушы : Көк түтінге жас өкпені ыстама,
Ащы суға өзіңді-өзің қыстама
Ер жетудің белгісі деп бұл да бір
Әуес көріп ұстамасты ұстама
2-топ Ішімдік
Ұраны: <<Болар бала кісілікке үйір,тозар бала ішімдікке үйір>>
1-оқушы : Маскүнемдік-үлкен қасірет.Адам ағзасының бауырын зақымдап бірден миға әсер етеді.Адам баласы өз іс әрекетіне жауап бере алмайды.
2-оқушы : Мен қорқамын темекінің тұтқыны болған жастардан
Мен қорқамын ішімдіктің құрығына түскен жандардан
Мен қорқамын зиянды затқа құмар боп
Денсаулықтан айырылған мына қауымнан
3-оқушы :
Арақ аздың ажалы
Ақшаның тажалы
Ырыстың қырсығы
Абыройдың мылтығы
Жақсылықтың жаңқасы
Төбелестің арқасы
ІІІ. Есірткі - жас өмірді улаушы" бұл туралы пікіріңіз.
1 оқушы. Қазіргі нашаның көп тарағаны - героин, яғни ақ ұнтақ. Одан адам санасы тез уланады. Бірінші рет көргенде ләззат алады, сол ләззатті өмір бойы іздеумен өтеді. Бір рет иіскеп көр, одан ештеңе болмайды деген сөзге ерсек, ол адам организмімін тез улап, жүйке жүйесін тез улайды. Одан адам тез өліп кеткенін білмей қалады.
2 оқушы: Адамның өзінен - өзі бұзылып кетпейтіні түсінікті ғой. Біреуге - біреу ықпал етеді. Жастардың арасында мода деген түсінік қалыптасқан. Еліктейді, біріне - бірі артық болып көрінгісі келеді. Қазір оның үстіне не көп түнгі клубтар көп. Нашаның басты таратылатын орны - осы түнгі клубтардағы дискотекалардан басталады. Сондықтан жас ұрпақ буыныңды үсікке шалдыра көрме.
3 оқушы: Нашақорлықты басқаша <<мидың қатерлі рагі>> деу керек. Егер ол асқынып кетсе дағдарысқа ұшырайды. Онда <<мен>> деген нәрсе болмайды, <<әке шешем мен үшін жүгіріп жүр ау, ертең ел - жұртқа қалай қараймын>>, яғни болашағына есеп бермейді. Мақсаты тек біреу - <<қайда бар, кімде бар, қалай ақша тапсам, қалай алсам!>> деп, есірткіні ойлаумен болады. Тіршіліктің бар мәні осы ғана деп түсінеді.
4 оқушы: Соңғы мәліметке сүйенсек, 13 - 15 жас аралығында жасөспірімдер айықпас удың тұтқынына айналуда. Нашақорлықтың орташа жасы 30 - дан да төмендеп кеткен. Соның салдарынан қылмыс көбейе түскен. Осындай ауыр апаттан жастарды арашалап қалу мақсатымен тиісті мекемелер ғана емес, бүкілхалықтық іс екенін, бірігіп жұмыс істеу керектігін әрқайсымыз жетік түсінуіміз керек.
5 оқушы. Бүгінгі жастардың ой арманы, мақсат - мүддесі, тілегі тіршілік тынысы біздің халықтың ХХІ ғасырдағы бет - бейнесін көп жағдаяттан анықтап берері даусыз. Сол себептен жастарды тұрмыс - салты орнықты, күш - қуаты тасыған, денсаулығы мықты, еліміздің нағыз патриоттары қатарында көруіміз керек. Есірткіні алғаш қолданар алдында ең алдымен ойлан. Ол ешқандай жақсылық әкелмейтінін ұмытпа.
6 оқушы. Егер сен қызық ретінде есірткі сатып алған болсаң, онда тез құтылуға асық. Танысың қанша жерден үгіттесе де қарсылық таныт!
IV. Мына мақал - мәтелдің, сөздің мағынасын қалай түсінесің?
1. Шылымды әр тартқаның,
Табытыңа темір шеге қаққаның
2. Тамырын умен суарып,
Денсаулық деген егістің,
Шірітіп апсың біразын.
Сонымен балалар сөзімізді қорытындылай келе,
"Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен" деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын сезіп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегенділіктің белгісі. Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе берейік! дегім келеді.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz