Ақпаратты жеткізу

Күні: 3. 10. 16
Сынып: 5
Күні:3. 10. 16: Сабақтың тақырыбы
Сынып: 5: Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі
Күні:3. 10. 16: Сабақтың мақсаты
Сынып: 5: Оқушыларда ақпарат саны түсінігі қалыптасады, ақпараттың өлшем бірліктерімен танысады, ақпарат санын анықтаудың тәжірибелік дағдылары қалыптасады.
Күні:3. 10. 16: Күтілетін нәтиже
Сынып: 5:

Ақпаратты өлшем бірліктермін жұмыс істеуді үйренеді.

Ақпаратты сақтау құралдарының өлшемдерін анықтауды біледі.

Ақпаратты жеткізу жылдамдығын түсінеді

Күні:3. 10. 16: Ресурстар:
Сынып: 5: Оқулық, дидактикалық материалдар, интерактивті тақта, парақшалар, слайд
Күні:3. 10. 16: Әдіс-тәсілдер:
Сынып: 5: Әдісі: АКТ, СТО, диалог
Күні:3. 10. 16: Сабақтың барысы
Сынып: 5: Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Күні:3. 10. 16:

Ұйымдастыру кезеңі

3 мин

Үй тапсырмасын тексеру

6 мин

Сынып: 5:

-оқушылармен амандасу;

-оқушыларды белгілеу;

-оқушыларды топқа бөлу.

Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында «Ыстық алақан» тренингін өткізу.

Мұғаліммен амандасады, бір-бірлерінің қолынан ұстап жылы лебіздерін білдіреді.

«Ақпарат» және «Информатика» деп 2 топқа бөлінеді

Күні:3. 10. 16:

Өзіңді тексер! тест

1. Ақпаратты сақтау үдерісін көрсет:

  1. Теледидар көру
  2. Дәптерге жазу
  3. Кітап оқу
  4. Телефонмен сөйлесу

2. Әдеттегі қойын дәптерді қолдану мақсаты:

  1. Ақпаратты өңдеу
  2. Ақпаратты сақтау
  3. Ақпаратты жеткізу
  4. Ақпаратты сақтау, өңдеу және жеткізу

3. Ақпаратты іздеуге не жатады?

  1. Электрондық поштамен ақпарат алу
  2. Компьютерлік желілер көмегімен ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізу
  3. Кітап мазмұнымен жұмыс істеу
  4. Мәтіндерді басқа тілге аудару

4. Ақпаратты жеткізу мысалы бола алатын үдеріс:

  1. Кітапханадан кітап іздеу
  2. Телефон арқылы сөйлесу
  3. Музыканы тыңдау
  4. Табиғат құбылысын бақылау

5. Ақпарат алу-ол:

  1. Үй жұмысын орындау
  2. Ағаш көшеттерін отырғызу
  3. Музыка тыңдау
  4. Математикадан есеп шығару
Сынып: 5: Тест тапсырмаларын жұмыс дәптерлеріне орындайды
Күні:3. 10. 16:

Қызығушылықты ояту

3 мин

Сынып: 5: Презентация арқылы жаңа сабақты таныстырамын.
Оқушылар презентациядағы материалды көріп бүгінгі тақырыптың мән-мағанасын өздері ашып береді.
Күні:3. 10. 16:

Мағынаны тану

10 мин

Сынып: 5:

Топтық жұмыс:

Жаңа тақырыпты игеру мақсатында екі топқа мәтін таратылады. Түртіп алу әдісі қолданылады.

«Ақпарат» тобына: Компьютер-электрондық машина. Компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерге жазу үшін, компьютердегі әрбір белгі (әріп, цифр, дыбыс, видио) сигналдар тіліне аударылуы керек. Сигнадың жоқ болуы 0 арқылы, бар болуы 1 арқылы белгілеу қабылданған. Олар «бит» деп аталады. Бит екі мәннің бірін ғана қабылдай алады. Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі «байт» деп аталады. 1 байт 8 битке тең.

«Информатика» тобына: Өмірде үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан ақпаратты өлшеудің ірі бірліктері де кезеседі:

1 Килобайт(Кб) = 1024 байт

1 Мегабайт (Мб) = 1024 Кб

1 Гегабайт (Гб) = 1024 Мб

1 Терабайт (Тб) = 1024 Гб

Хабарламаның ақпараттық көлемі-хабарлама-дағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т. с. с. өлшенген ақпараттың көлемі

100 Мб көлемге «сиятын» ақпарат саны:

Мәтін беттері 5

Түрлі түсті слайдтар 150

Музыкалық фрагмент 10минут

Фильм 15 секунд

Мәтінді оқиды, топта талқылайды, Түртіп алу кестесіне түсіреді
Күні:3. 10. 16:

Ой толғаныс

10 мин

Сынып: 5: Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
Компьютерде сақталған ақпараттың көлемін қарап шығыңдар.
1. Пуск-Компьютер батырмаларын таңдаңдар.
2. Пайда болған терезедегі дискілердің бірін тышқанмен оң батырмасымен шертіп, Свойства батырмасын басыңдар
3. Дискідегі толған және бос орындардың көлемін қарап шығыңдар
4. Дәптерге дискідегі бос орынның байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және Гбайтпен өлшенген көлемін жазып алыңдар. Санау үшін калькуляторды қолдануға болады.
В деңгейі
1. А деңгейдегі тапсырманы орындаңдар
2. Документы бумасын ашыңдар
3. 1Гбайт көлемді флешкаға қандай файлдардың сиятынын анықтаңдар.
С деңгейі
Сыныптарыңдағы барлық балалар туралы ақпараттың сендердің компьютерлеріңнің қай дискісіне сиятынын анықтаңдар. Көлемі 376 Кбайт мөлшерлі суреттер мен 10 беттік (әр қайсысы 64 символдық 48 жолдан тұратын) ақпарат мәтіндік файлда сақталған. Санау үшін Калькулятор программасын пайдаланыңдар.
Қорытынды
1. Ақпараттың өлшем бірліктерін ( ең кішісін ең үлкеніне дейін) атаңдар.
2. БайтКбайттан, Кбайт Мбайттан, Мбайт Гбайттан қанша шамаға кем ?
3. 1 байтта неше бит бар ?
4. « Кездесу қыркүйек айына тағайындалды» деген хабарламада қанша көлемдегі ақпарат бар ?
5. «Алақай ! Жазғы демалыс аяқталды!» хабарламасының ақпараттық көлемін өлшеңдер. Бұл көлемді битпен және байтпен көрсетіңдер.
Тапсырманы оқушы компьютерде орындайды
Күні:3. 10. 16:

Рефлекция

2 мин

Сынып: 5: БББ стратегиясы бойынша алған білімін бағалау үшін, стикерге жаздырып, тақтаға ілуіне нұсқау беру.
Білемін, Білдім, Білгім келеді деген сұрақтарға өз ойларын жазады.
Күні:3. 10. 16: Бағалау 1 мин
Сынып: 5: Ашық журналмен (критериалды) бағалау
Күні:3. 10. 16:

Үйге тапсырма

1 мин

Сынып: 5:

§4. Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.

Оқулықтағы 6-тапсырма (Оқулықтың бір бетінің және бүтіндей оқулықтың жуық ақпараттық көлемін өлшеңдер. Көлемі 600 Мбайт, 2 Гбайт болатын дискіге осындай кітаптың нешеуі сыюы мүмкін?)

Күнделіктеріне белгілеп алады

Ұқсас жұмыстар
Ақпаратты өңдеу тәсілдері
Информатика. Ақпарат. Ақпараттың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Құпия сұрақ
Ақпарат жинаушылар
Ақпаратты өңдеу
Вирусқа қарсы программалар
Лазерлерге қойылатын талаптар
Тригонометриялық функциялардың графиктері
Ақпараттық процестер
Информатиканың негізгі түсініктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz