Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Табиғат - ұлы құрастырушы

Қолымыздан не келеді?

Табиғат- ұлы құрастырушы. Адамның табиғаттан үйренетін нәрсесі көп. Біз бұл үшін өзімізді одан күштіміз әрі ақылдымыз деп ойлаймыз, айналамызды мұқият бақылай білуіміз керек.
Әдемілікті және оның асқақ көрінісі - әсемдікті қабылдауға адам ғана қабілетті.
Тек адам ғана аспанға, су айдынына, жұлдыздарға бас пайдасы үшін емес, жан рахаты үшін қызықтап қарай алады.
Айналадағы табиғат бізге өмір мен шабыт сыйлайды. Біздің идеал түсініктеріміз содан көрініс табады.
Жапыраққа тамған шық тамшысы бұтақтың сылдыры, самал жел бәріненде біз өмір үнін естейміз, өмір көркін көреміз. Тек өмір, үздіксіз түрлену ғана емес табиғатты біз үшін әсемдікке бөлейді. Әсемдік - адам үшін ізгі мұратты білдіретін құндылыққа ие жағымды елеулі құбылыс.
Сондықтан да біз қолдан жасалған әлемді табиғат әлемімен үйлестіре отырып жасауды үйренеміз.
Оның пішіні мен бейнелеріне үңілетін боламыз. Бәлкім бүгін болмаса да көп жылдардан кейін істейтін жұмыстарыңыз шын мәнінде пайдасы тиюі мүмкін.
Араларыңыздан біреу бұрын адамдар жасап көрмеген жаңа көпірлерді сала бастауы мүмкін. Өсімдіктер мен жан- жануарлардың бітімінде немесе жансыз табиғат заттарында жөн сілтейтін бірдеңе бар ма деп қарап көрудің артығы жоқ екенін білетін болады.
Табиғат адамсыз мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп келеді, ал адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Өзіне бірдеңе құрастырып алғысы келген адам табиғаттан көп нәрсені үйрене алады. Егер оның құпияларын жақсылап зерттесе, олардан өзіңнің қолдан жасайтын әлемін құрастыруға пайдалана алады.
Балалардың өте кішкентай кезінен табиғат өнімдерімен жұмыс істеуіне мүмкіндік бар. Әдетте балалар көлемді жартылай өнімдерден: дән, жеміс, бұтақтар- дан және де тағы басқадай, пішіндер жасайды.
Біздің айналамыздағы әлем , таңғажайып ормандар, таулар, дала өзендер осының бәрі адамдарға әу бастан берілген сый. Егер айналамызға зер сала қарасақ, табиғат үніне құлақ түрсек - қаншама ғажайып құбылыстарды байқауға, қаншама жаңа- лықтарды ашуға болады!
Табиғаттың өзіне тән тәртібімен тепе теңдігі болады. Ол жыл мезгілдеріне, тәулік мезгілдеріне қарай өзгеріп отырады.
Сондықтан біз бүгін күз мезгіліндегі табиғат өзгерісіне ұшыраған табиғи өнімдерден жасалған, әдемі табиғи бұйымдар көрмесін ұйымдастырдық. Бүгінгі көрмеде әділ қазылар алқасы ең үздік шеберлі топты және қандайда бір атқа лайық шеберлерді бағалай алады.

Ұқсас жұмыстар
Бес жолды өлеңдер және эссе үлгілері
«үшөлшемді әдістемелік жүйе» технологиясына негізделіп география пәнінен жасалған жұмыс дәптері
Адам және табиғат
Блиц сұрақтар
Қаныш- жан-жақты тұлға
Александр Македонскийдің Орта Азияға жорығы
Экология процесіндегі математика
Экология негіздері. таңдау курсы
Шың Ағылшын тілі
Жеңі тұтас пішілген иықты бұйымдарды модельдеу.7сынып
Пәндер