Көңіл күй әлемінде

Қ. Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің психологы Тауова Нұрсұлу Раулқызы
Тақырыбы: "Көңіл күй әлемінде"
Мақсаты:
- қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәнін түсіндіру.
- өзара жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту.
- мейірімділікке тәрбиелеу
- оқушыларды эмоционалдық психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету және жағымды ахуал орнатуға ықпал ету.
Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлеметсіздер ме, бүгінгі семинар қонақтары!
Бүгін сәтті күндердің бірін сіздермен бірге өткізгеніме қуаныштымын!
Көңіл күй- адамның өзіне, өзгеге, қоршаған ортаға деген қатынасының көрінісі. Махаббат, бауырмалдылық, жанашырлық сияқты жақсы сезімдер адамның көңіл-күйін көтереді, жанын шуаққа бөлейді, жүрегіне қуат береді. Кейде адамның Көңіл күйі жалпы өмірге деген қатынасын сипаттайды. Мысалы, адамның қызметі жақсы, жұмыс істейтін ұжымы ынтымақты, отбасы жарасымды болса, мұндайда оның Көңіл күйі де көтеріңкі болады. Адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйесіндегі ерекшеліктері де көңілге әсер етеді. Тіршілік үшін маңызды да мәнді нәрсе көңілге ерекше із қалдырады. Егер көптен айналысып жүрген іс оңға басса, орындалса, онда, кісі шат-шадыман күйге түседі. Керісінше, кісі сәтсіздікке ұшырап, көздеген мақсатына жете алмаса, қиналып мазасызданады.
Семинар жұмысының алғашқы баспалдағы "Көңіл күй әлемінде" тақырыбында өткелі тұрған тренингке әр білім ордасынан келіп отырған қонақтарды ортаға шақырамын.
Танысу бөлімі:
Америкалық педагог, психолог Дейл Карнеги "Адам есімі - қай тілде болса да ең тәтті және жағымды дауыс" деген екен, яғни «Есім - құлаққа ең жағымды естілетін сөз». Сондықтан есімімізді атап танысып өтейік.
Түйін: Әрдайым есімдеріңізге сай мінездеріңізбен сүйкімді болып жүре беріңіздер деген тілекпен жалғастырамыз!
-Баршамыз да тыныш, бақытты өмірді аңсаймыз. Бірақ, кей жағдайда өзге адамның қатысуымен біздің көңіл-күйіміздің бұзылып, мұңаюымызға, ренжіп, өкпелеуімізге, тіпті кейде кектенуімізге душар қылатын жағдайларға тап болып жатамыз. Жанымызға салмақ түсіп, ойымыз өзгеріп, негізгі бағытымыздан ауытқып, бүліне бастаймыз. Сондағы қозғалтқыш күш не? Ол-реніш.
Жаттығу: "Реніш-Кешірім"
1- жағдаят: Анаңыз көптен уәде беріп жүрген затын сатып алып бере алмады. Сен достарыңа мақтанып та улгердің. Алып берген кездегі қуанышыңды елестеттің: достарыңа көрсетіп, олардың қызығып бәрі сені қоршап алып кезекпен кезек қолдарына ұстап қарағанын, ой елегінен өткіздің! Енді. . . ол бұл тәтті елес орындалмайды, қуанышың су сепкендей басылды! Яғни анаңыз сізге реніш сыйлады (Реніш деген смайлик ұсыну)
"Кешірім, Реніш" деген смайликтердің біруін оқушы таңдау арқылы жауап береді.
2-жағдаят: Досың уәделескен уақытта келмей қалды. Сен көп күттің. Сеніңд үйде шаруаң көп, сабақ тапсырмалары да бар, соған қарамастан уәделі уақытта кездесуге келіп едің, бірақ, досың келмеді әрі хабарласпады.
"Кешірім, Реніш" деген смайликтердің біруін оқушы таңдау арқылы жауап береді.
Түйін:
Реніш пен өкпе арқылы адамның бойында үлкен стресс, яғни узақ уақытқа созылмалы уайым жүреді. Реніштің барлық кеселі мен зардабын тартатын тек өзіңіз! Сонда бұл күйіңізден кімге зиян, кімге зауал? Ойланып көріңіз!
Кеңес: "Кешіру арқылы бақытты өмірге қадам
"
Неғұрлым адам кешірімшіл болса, соғұрлым ол өз-өзіне сенімді, мықты бола түседі. Себебі, ол «реніш» атты үлкен қамалды бұза білді. Ал, ең ауыр өкпесін жеңе білген адам өмірде барлық қиындықтарды да жеңе біледі. Ол - жеңімпаз! Ең бастысы, бойында реніші жоқ адам, өмірдің берер сыйынан жасқанбай, күнделікті қуаныштарын толыққанды сезіне алады.
Ой шақыру мақсатында бейнекөрініс: "Кешірім"
Тәмсіл: " Ренішті құмға, қуанышты тасқа жазып үйрен!"
Екі дос шөл далада келе жатыпты. Бір кезде екеуі сөзге келіп қалады да, біреуі екіншісінің бетінен ұрып жібереді. Сонда досы бетінің ауырғанын сезсе де, үндемей, құмға: "Бүгін ең жақын досым мені бетімнен ұрды" деп жазып қояды. Олар әрі қарай жүріп келе жатып, жазира далаға тап болады. Далада өзен бар екен, екеуі өзенге түсіп шомылып жатқанда, әлгінде досынан таяқ жеген жігіт суға батып кетеді. Сол кезде досы оны құтқарып, жағаға арқалап алып шығады. Есін жиған соң, жігіт: "Бүгін ең жақын досым мені құтқарды" деп тасқа қашап жазады.
Алдымен бетінен ұрып, кейін досын құтқарған жігіт одан: "Сені ренжіткен кезімде құмға жазып едің, енді тасқа қашап жаздың, не үшін?" деп сұрайды.
Сонда досы: "Біреу бізді ренжіткен кезде ренішті жел шайып кету үшін құмға жазуымыз керек. Бірақ біреу бізге жақсылық жасағанда, оны ешқандай жел шая алмау үшін тасқа қашауға тиіспіз. Ренішті құмға, қуанышты тасқа жазып үйрен", - деп жауап берген екен.
Түйін: "Ренішті құмға, қуанышты тасқа жазып үйрен" деген ой айтқым келеді.
"Әріптер сөйлейді" жаттығуы
Шарты: Оқушылар таратылған әріптер бойынша сұрақтарға жауап береді.
1. Бүгінгі көңіл күйің қандай?
2. Мектебің ұнай ма?
3 Ең жақсы көретін сөзің?
4. Қандай пәнді ұнатасың?
5. Егер бір нәрсеге ренжісең, өкпелесең не істейсің?
6. Қазіргі заман жастары қандай болу керек
7. Бүгінгі семинар қонақтарына тілер тілегің?
"Көңілді түстер"
Шарты: Оқушылар таратылған түстердің мәнін ашады. Көңіл-күй - адамның психикалық процестерге, барлық қызметіне, соның ішінде оқу материалын меңгеруге әсер ететін эмоционалдық жағдайы. Көңіл күйіне қарап адамдарды: шат, жайдары, көңілді, жылы жүзді, ызбарлы, ызалы, т. б. деп ажыратуға болады. Көтеріңкі көңіл адамға қуат бітіріп, бойын сергітеді, ал уайым-қайғы жүнжітіп, жабырқатып жібереді.
Көңілді түстер: қызыл, сары, күрең қызыл, жасыл, көк "Көңілді жемістер"
Шарты: Жемістердің суреттері бойынша көңіл күйге ісерін табу.
- Киви жемісі - адамның көңіл-күйін көтеріп, күйзелістен арылуға көмектеседі. Ғалымдар 54 адамға 6 апта бойы зерттеу жүргізіп, осындай нәтижеге көз жеткізді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz