Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Көркейіп қазақ елі мәңгі жасап, Арайлап ата берсін таңдарымыз

Бекет Өтетілеуов атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Калиева А.К

Тәуелсіздікке 25 жыл.
<<Туған жердей жер болмас>>
(халық даналығы)
Тәуелсіздік сөзін естіген кезімде жүрегімде жылулық сезімі пайда болатындай. Туған жерім тәуелсіздіктің жолында көпке шыдап бақты. Елім, жерім, Отаным деп қаншама азаматтарымыз өз жандарын құрбан етті. Алты алаш құрылғаннан бастап, яғни Керей мен Жәнібектерден, Абылайларға дейінгі қазақ халқының халі мәз болған жоқ.
Біз қазақ дегенмал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз , -
деп бабамыз өзін-өзі таныстырған ғой. Шыныңда да соғысу, араздасу, жауласу ұлтымызға тән қасиет емес. Сол жай жатқан, ешкіммен қақтығысы жоқ жерімізді Ресей үкіметі отарлауға кіріскен еді. Естеріңде ме? Махамбет пен Исатай, Шернияздар бұл алапатқа қарсы тұрған еді. Махамбеттің жалынды да ызаға толы сөздері ел-жұрттың құлағына жылы естілді. Бұл жерде зар заман ақындарын еске алсам орынды болар еді деп ойлаймын. Шортанбай атамыздың <<Зар заман>>, <<Замана>> немесе Мұрат Мөңкеұлының <<Насихат>> рухты өлеңдері халық көңілінен тиесілі орнын тапқан еді. Сұрапыл соғысты еске алатын болсақ, Әлия, Мәншүк пен Бауыржандай аға-апаларымыз көзіме бірден түседі. Жауға қарсы тұрып, лаулаған оттай жанып, Отан алдындағы борышын өмірін қиып дәлелдеп берді емес пе? Сонау <<желтоқсан оқиғасын>> ой елегінен өткізсек, қаншама алауыздықты, көл болып аққан көз жасын еске түсіреміз. Сәбира, Қайрат пен Ләзаттар желтоқсан ызғарының құрбандары болған емес пе? Мен үшін жоғарыда айтылып кеткен әрбір тұлға мақтауға лайықты және ел есінде мәңгі қалуы тиіс. Себебі, олар - елміздің берекесі үшін, дербестігі үшін жанын да, тәнін де, күш-қуаты мен өмірлерін аямағандар.
Міне, 1991 жылы желтоқсан айының он алтыншы жұлдызында барлық қиындықтан сүрінбей өтіп, алашым тәуелсіз елдердің қатарынан өз орнын таба білді. Бұл елеулі күн - қазақ халқымыз үшін ең бақытты, ең қуанышты, ең маңызды күн болып табылатынына шүбәм жоқ. Қазақстан атты дербес жеріміз бүкіл әлемге бір мезетте танылғандай болды. Еліміздің, ұлтымыздың көшбасшысы Нұрсұлтан атамыз - барша үшін үлгі болар азамат. Тәуелсіздікті алғаннан бері қазақ жерім тек бақытты күндерін кешуде. Ұлттық тіліміз, дініміз, салтымыз, тарихымыз - бәрі де Қазақстан Республикасының мақтанышы. Биыл <<ЭКСПО-2017>> бағдарламасы іске асады. <<Қазақстан-2030>> бағдарламасы бойынша, бұл жылдардың ішінде 50 дамыған елдердің қатарына қосыламыз. <<БҰҰ>>, <<ООН ЮНИСЕФ>> ұйымына судай сіңіп кеттік. Ата заңымыз қабылданып, барлығымыз да бір заңға бағынатын болдық. Ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық өнеріміз, яғни айтыс аса қарқанды дамып жатыр. Айтқандарымның барлығы - 25 жылдың жемісі. Бұл әр қазақстандық азамат үшін зор мәртебе мен үлкен мақтаныш.
Биыл елеулі мереке, яғни тәуелсіз ел болғанымызға көп болмаса да, аз болмас 25 жыл болып отыр. Мектеп бағдарламамызда <<25 игі іс>> атты іс-шаралар өтіп жатыр. Ел бойынша да көптеген мекрекелер өткізгелі тұр. <<Тәуелсіздікке тағзым>> атты республикалық ақындар сайысы ұлттық телеарнадан өз орнын алды. Мен бақытты бойжеткенмін, себебі менің Қазақстандай мекенім және Нұрсұлтандай көшбасшым бар. Жылдан жылға еліміздің елеулі тойлары көбейе берсін! Қазақстан республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы құтты болсын, ағайын! Жерімізге тыныштық пен құт-береке тілей отырып, өзім шығарған өлеңімді сіздердің назарыңызға ұсынамын.
Нұрсұлтан ата әрқашан аман болсын!
Тыныштық бейбітшілік заман болсын!
Ақын мен батыр болсын ұлдарыңыз!
Данышпан дана болсын қыздарыңыз!

Болашақ біз жастардың қолында ғой,
Орындалсын әрқашан арманымыз!
Көркейіп қазақ елі мәңгі жасап,
Арайлап ата берсін таңдарымыз!

Ұқсас жұмыстар
Еліміздің астанасы - Астана қаласы
Тәуелсіздік - тірегім
Астана шежіресі
Астанаға саяхат шолу
Менің Отаным - Қазақстан Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер
М. мақатаев. « отан туралы »
Елін сүйген, елі сүйген ЕЛБАСЫ ( Нұрсұлтан Назарбаев )
Жалқы және жалпы есім
Ашық тәрбие сағаты Елін сүйген,елі сүйген Елбасы
«астанам-айбыным»
Пәндер