Ондық бөлшектерді көбейту: сабақ жоспары, әдіс-тәсілдер және бағалау

I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Тұсау кесер
III. Үй тапсырмасы
IV. Жаңа сабақ
Сергіту сәті
V. Жаңа сабақты бекіту
VI. Қорытынды
VII. Үйге тапсырма
Оқушылармен амандасу. Психологиялық дайындық.
Оқушыларды топқа бөлуге тапсырма беру.
Топтың ережесін естеріне саламын.
Жұптық жұмыс. Үй жұмысын тексеру.
Дұрыс шешімін тақтадан көрсетемін.
Топтық жұмыс:
а) Анықтаманың ішінен дұрыс - дұрыс емесін табу.
ә) Ауызша есептеу.
Оқушыларды сергіту сәті ретінде билетемін.
Топтық жұмыс:
- Деңгейлік тапсырмалар арқылы арқылы үш топқа бөліп тапсырмалар беру. Постер қорғату.
Топтық жұмыс: Тізбектей амалды орындау.
Үйге берілген тапсырма бойынша бағыт-бағдар беру.
Тақтаға әртүрлі көңіл күйді білдіретін белгілерді шығарамын. Формативті бағалауды ескере отырып, жиынтық бағалауды пайдаланып, күнделіктеріне баға қоямын.
Мұғаліммен амандасады.
Оқушылар өздері таңдаған фигуралар бойынша (үшбұрыш, дөңгелек, квадрат, тіктөртбұрыш) бөлінеді.
Әр топ бір-бір ережелерді айтады.
Бір-бірлерінің дәптерлеріне қарап үй жұмысын тексереді.
Топпен ойланып, тақтаға бір оқушы 2 оқушы қорғауға шығады. Тақтаға шыққан оқушыларды басқа оқушылар тыңдайды және толықтырады.
Топтағы оқушылар тез жылдам жауап береді.
Оқушылар әуенге билеп, белсенділігі артады
Оқушылар есептің шығарылуын постерге жазады, қорғайды. Топтағы оқушылар сұрақ қояды, бағалайды.
Топтағы оқушылар тізбектегі амалды орындап келесі топқа береді. Тапсырмаларды орындап болған соң дұрыс жауапқа қарап тексереді. Қате жіберілсе, қай топтың жіберген қатесі екенін анықтайды, түзетеді.
Күнделікке жазады. Сұрақтар қояды.
Көңіл-күйіне байланысты тақтаға қарап, өзіне тиісті белгіні қояды