Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Құтты болсын қуаныш

Куні : 08.12.2016
Тақырыбы : Тәуелсіздігімізге 25 жыл.
Мақсаты : Балаларды Отан сүйгіштікке баулу , өз еліне жеріне деген патриоттық сезімін ояту арқылы егеменді еліміздің ертеңі иелерін Тәуелсіздік туралы мәлімет бере отырып тәрбиелеу.
Дамытушылық : Балалардың сөздік қорын молайту, байланыстыра сөйлеуді қалыптастыра отырып Тәуелсіздігімізге арналған тақпақ , мақалдарды жатқа айтуға үйрету.
Тәрбиелік: Есте сақтау қабілетін дамытып, көңіл күйлерін көтеру.

1.Барысы:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраннын орындайды .
Әнұран .Сөзін жазғандар : Жұмекен Нәжімединов, Нұрсұлтан Назарбайев. Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған <<Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік>> атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Тәуелсіздік туралы мағлұмат видиоролик.
* Біз қай мемлекетте тұрамыз ?
* Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін атаңдар ?
* Осындай улкен жерімізді басқарып отырған кім ?
* Елбасының негізгі жұмыс орны қай қалада ?
* Елордамыз қай қала ?

1 оқушы :
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
2 оқушы:
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
3 оқушы :
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан - елім менің

2.Хор : Менің Отаным Қазақстан.
4 оқушы:
Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан

3.Мұғалім :
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.

4. 0 <<а>> топ оқушылырдың орындауында ән <<Алға, қазақ, жігіттері>>

<<Орнында бар оңалар>> демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында <<Қазақстан>> егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 125 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ән: <<Жаса, Қазақстан!>> орындайтын Амантай Кәусар.
5 оқушы :
Желтоқсан - заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан - Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
6 оқушы :
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

7 оқушы :
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Ән: <<Қазақстаным>> Орындайтын: Жүсіпбек Дамир.
(Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)

Мұғалім :
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
25 жылдығына арналған <<Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік>> атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

Ұқсас жұмыстар
Жасыл шырша жанында
Нағашы атасы
Кел, жаңа жыл, жаңа жыл!
Жаңа жыл - жаңа жыр. бастауыш сынып
Жаңа жылдың жарқырайды шамдары
Қазақ елім
Жаңа жыл 2015
Аналарға – мың алғыс!
Құтты болсын қадамың, Құтты болсын талабың
Жаңа жыл кешінде
Пәндер