Зерттеушілік тапсырмалар арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту: коучинг сессиясының жоспары

«Бекітемін» «Келісемін»

«№ гимназиясы» КММ Директордың әдістемелік

Директоры жұмыстары жөніндегі

Абдиева М. М. орынбасары

«__»2016 ж. Ғайыпбаева К. Қ.

«__» 2016 ж.

Коучинг сессия жоспары

Коуч: Математика пәні мұғалімі Ажибаева Шолпан Аманжолқызы

Тақырыбы: Зерттеушілік тапсырмалар арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту

Мақсаты : Зерттеушілік есеп, ойлау дизайны туралы мәлімет беру, объектіні жан жақты зерттеу, сын тұрғысынан ойлану арқылы есепті шешу әдістерін қарастыру, шешімдерін талдай отырып, оңтайлысын таңдауға бағыт бере отырып зерттеушілік есепті шешу үшін оны жан-жақты сипаттауға үйрету

Көрнекілігі: магнит тақта, презентация, стикерлер, А3, A4 парақшалар, тілек жібі мен моншағы

Ресурстар: ТРИЗ педагогика материалдары

http://thinkingschool. ru/festival-pedagogicheskih-tehnologiy/sektsiya-4-triz-pedagogika/

http://nsportal. ru/blog/shkola/all/2011/11/06/aa-gin-priyomy-pedagogicheskoy-tekhniki

Іс-әрекет түрі
Коучтың іс-әрекеті
Қатысушылардың іс-әрекеті
№: 1
Іс-әрекет түрі: Сәлемдесу. Қатысушылардың жұмыстарын сәттілік тілеу
Коучтың іс-әрекеті: Қатысушылармен сәлемдеседі. Қатысушыларды алда келе жатқан Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, жұмыстарына сәттілік тілейді.
Қатысушылардың іс-әрекеті: Қатысушылар коучпен және бір-бірімен сәлемдеседі. Бір-бірінің жұмыстарына сәттілік тілейді
№: 2
Іс-әрекет түрі:

Қатысушылармен танысу.

Топқа бөлу

Коучтың іс-әрекеті: Қатысушыларға сикерлер тарата отырып, стикерлерге өздерінің аты жөнін жазуды тапсырады. Топқа бөлінеді.
Қатысушылардың іс-әрекеті: Қатысушылар стикерлерге өздерінің аты-жөндерін жазады. Топқа бөлінеді.
№: 3
Іс-әрекет түрі: Білу. Домино ойыны
Коучтың іс-әрекеті: Қатысушыларға домино тасы жинақталған конверт таратады да, домино тасын А4 параққа орналастыруды тапсырады. Домино тасында берілген сұрақтардың тұсына сәйкес жауаптарын тауып, жапсыруды тапсырады. Уақыт белгілейді.
Қатысушылардың іс-әрекеті: Қатысушылар топпен ақылдаса отырып, домино тасында берілген анықтамалар мен мәліметтерді сәйкестендіре отырып, жапсырады. Белгіленген уақыттан соң жұмыстарын өзге топтың жұмыстарымен салыстырады.
№: 4
Іс-әрекет түрі: Түсіну. Зерттеушілік тапсырмалар. Мәлімет беру
Коучтың іс-әрекеті: Зерттеушілік тапсырма туралы слайд презентация көрсетіледі. Презентациямен танысу арқылы қатысушылар зерттеушілік тапсырманы шешудің оқушы және мұғалім үшін маңызы туралы мәлімет алады.
Қатысушылардың іс-әрекеті: Интербелсенді тақтадан тақырып мазмұнын ашатын слайд презентациямен танысады, ой бөліседі
№: 5
Іс-әрекет түрі:

Қолдану. Талдау

Зерттеушілік тапсырмаларды шешу

Коучтың іс-әрекеті: Төрт топқа зерттеушілік тапсырма жазылған А4 парақша таратылады. Осы тапсырманы орындауға байланысты нұсқаулық парақшаға жазылған. Осы нұсқаулық бойынша, топтардың сөйлеу реті жазылған. Нұсқаулықта басқа бір топтың есебінің жауабы кілт сөзбен берілген. Қатысушылар қай топтың есебінің жауабы екендігін таба білулері керек.
Қатысушылардың іс-әрекеті: Зерттеушілік тапсырманы өз тобымен ақылдаса отырып, шешеді. Белгіленген уақыттан соң топ атынан бір немесе екі спикер шығып, жұмысты қорғайды. Қалған топтар тыңдайды, өз ойларын айтады.
№: 6
Іс-әрекет түрі: Жинақтау. Обьектіні сипатта
Коучтың іс-әрекеті: Қатысушыларға қаламды көрсетеді де, оны сипаттауға бір минут уақыт береді. Белгіленген уақыттан соң әр топтан сипаттау сөзі сұралып, тақтаға жазылады. Коуч ойлауға байланысты қорытынды пікір айтады, яғни төменгі сынып оқушылары қаламды сипаттау кезінде оны біреуді түртуге, үпіруге, бас қасуға ж. т. б. ға қолданамын деп жауап беретіндігін хабарлайды, яғни сыни ойлау дағдысы төменгі сынып оқушыларында жақсы қалыптасатындығын ескертеді.
Қатысушылардың іс-әрекеті: Қатысушылар қаламды сипаттайтын сөздерді ойланып, айтады. Коучтың қорытынды пікірін тыңдайды, да өз ойларын қосады
№: 7
Іс-әрекет түрі: Бағалау. Кері байланыс
Коучтың іс-әрекеті: Әр топтан бір қатысушыға бүгінгі коучингтен алған әсері туралы пікір немесе құрылымына, мазмұнына қатысты ұсынысты ауызша кері байланыс арқылы беруді сұрайды. Жазбаша кері байланыс үшін стикерлер таратылады.
Қатысушылардың іс-әрекеті: Қатысушылар өз еріктері бойынша әр топтан бір спикер сайланып, ауызша кері байланыс береді. Өзге қатысушылар өз еріктері бойынша стикерге жазбаша кері байланыс жазып қалдырады.

Таныстырылымның 7, 8, 9, 10 слайдтарына қосымша жапсырылатын сілтемелер

1-топ.

Есепті қорғау: 3

Басқа есептің кілт сөзі: екі алқа

2-топ

Есепті қорғау: 1

Басқа есептің кілт сөзі:

атын өзгерту

1-топ.Есепті қорғау: 3Басқа есептің кілт сөзі: екі алқа:

3-топ

Есепті қорғау: 4

Басқа есептің кілт сөзі: жұту

2-топЕсепті қорғау: 1Басқа есептің кілт сөзі:атын өзгерту:

4-топ

Есепті қорғау: 2

Басқа есептің кілт сөзі: екіншісін қасына қосу


Ұқсас жұмыстар
Экономика пәнінде оқушылардың танымдық қабілетін дамыту әдістемесі
6-сыныпта жергілікті жердің жоспары тақырыбы бойынша деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың танымдық әрекетін дамыту
Талантты және дарынды балаларды анықтау мен дамытуға арналған коучинг сессиясының жоспары
Информатика пәнінде дарынды оқушылардың зерттеушілік әрекетін дамыту әдістемесі
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды енгізу: оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Мұғалімдерге арналған АКТ қолдану бойынша коучинг-сессиясының жоспары
Бастауыш сыныптарда интеллектуалдық ойындар арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту
Бастауыш сыныпта оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру және дамыту
Қазақ тілі мен әдебиет арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: коучинг тәжірибесі
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz