Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ішкі энергия

<<Өзін-өзі тану>> пәнімен интеграцияланған физика
сабағының жоспары

Мектеп Құрық орта мектеп-гимназиясы
Мерзімі : 2 желтоқсан
Мұғалім : Даукиев Сайран
Сынып 10 сынып
Оқушы саны 16
Тақырыбы: Ішкі энергия. Ішкі энергияның өзгеру тәсілдері.
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: Білім іздеу, сенім, адалдық

Сабақтың мақсаты:
Ішкі энергия және ішкі энергияны өзгеру тәсілдері туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
1 Оқушылардың ішкі энергия туралы білімдерін (8-сынып) өз бетінше ой-қорытындылар жасай білу негізінде тереңдету.
2. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдеріне есептер шығару арқылы оқушылар бойында өз дүниетанымына сенімділік орнату.
3.Оқушыларды топтық жұмыс жасату
және бірін- бірі бағалату арқылы
адалдыққа тәрбилеу.

Ресурстар: оқулық,интербелсенді тақта,плакаттар,видео.

Сабақтың барысы:.
Сыртқы интеграция
Оқушылармен бірге 5 <<Т>> ережесін еске түсіру.

Тыныштық сәтi. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
Топпен ән айту.
Жан-досым
Әні: Сейдолла Бәйтереков
Сөзі:Т.Молдағалиев

Iздегенде табылатын қасыңнан,
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн,
Кiм бар екен бала күнгi досыңнан!

Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесін!

Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
Қатар жүріп сырымызды сан аштық.
Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық,
Адассақ та бiрге жүрiп адастық.

Қайырмасы:

Өмiр өзi арқамызға жүк салып,
Бәрiмiздi қияларға жұмсады.
Қатар ұшқан құска ұқсадык әлде бiз,
Қатар жанған қос жұлдызға ұқсадық.

Ескерту
Оқушылыардың күнделік, оқулық, дәптер, бейджик, пеналын тексеру.

Баяу музыка жіберіледі.
Хрустальная грусть
А.Захаренко
Ішкі нтеграция.
I.Үй тапсырмасын тексеру.
<<Кім шапшаң?>> ой қозғау сұрақтары:
1.МКТ-ның қағидаларын ата?
2. Ішкі энергия дегеніміз не?
3. Ішкі энергияны өзгертудің қандай тәсілдерін білеміз?
4.Дененің ішкі энергиясын өзгерту үшін дене молекулаларының қандай параметрлерін өзгерту керек?
5.Дененің ішкі энергиясы - оның кинетикалық және потенциалдық энергиясының қосындысы. Бұл - дәлелдеуді қажет етпейді. Ал ақиқат құндылығы адамның қандай қасиеттерінің қосындысынан тұрады?
6. Күнделікті өмірде қандай жағдай болса да өз пікірін ұстанатын адал, әділ адам ретінде кімді өнеге тұтасыз?
II.Топтық жұмыс. (7 минут беріледі) Ішкі энергияға байланысты суреттер арқылы 3 топқа бөлу.
1-топ. Ішкі энергияның өзгерісіне № 1 тәжірибе.
Темір шарды қыздыру.
2-топ. Ішкі энергияның өзгерісіне № 2 тәжірибе.
Тиынды білеушеге ысқылау.
3-топ. Идеал газдың ішкі энергиясының формуласын қорытып шығару.
Әр топ тәжірибелерін жасап, мағынасын түсіндіреді.
Сұрақтар:
1.Темір шарды қыздыру арқылы ішкі энергияны қалай өзгерттік ?
2.Екінші тәжірибеде ішкі энергияны қалай өзгерттік?
3.Бір атомды, екі атомды, үш атомды газ үшін ішкі энергияның формуласы қалай өзгереді?
4.Егер шамның жалынын (тәжірибеден) сізге берілген жылу деп алсақ ( мейірім, қамқорлық, жақсылық), ішкі энергия сіздің ішкі жан дүниеңіз болсын, сонда ол қандай өзгеріске ұшырауы мүмкін деп ойлайсыз? Бұл ақиқат па?
5.Идеал газдың ішкі энергиясы атомдар саны өскен сайын артады.Ал күнделікті өмірде ақиқат жолын ұстанған адамдар саны артса, өмірде қандай өзгеріс болуы мүмкін? Сіз не істер едіңіз?
IV.Есептер шығару ( слайд арқылы)
Шығарылған есептерді дәптерге жаздыру.
V.Үй тапсырмасы.
Оқулықтың 162-165 бетіндегі мәтінді оқу.

Сабақтың қорытынды сәті

Бүгінгі сабақта алған жақсы қаситтерімізді жүрегімізге сақтап алайық!
Рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Газдың ішкі энергиясы
Термодинамика негіздері тақырыбына есептер шығару. 10 сынып
Электр тогының энергиясы мен қуаты
Отынның меншікті жану жылуы
Заттың күйі
Практикалық жұмыс 1
Жылу берілуінің түрлерін ата
Кірпіштің меншікті жылу сыйымдылығы
Зат алмасу және жасушада энергияның өзгеруі
Орта мерзімді жоспар физика 8 сынып
Пәндер