Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

ТУҒАН ЖЕРІМ АСТАНА

Тақырыбы: Мен өз елімнің патриотымын.
Мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін толықтыру. Туған ел, Отан туралы балалардың түсініктерін кеңейту. Еліміздің рәміздерін қастерлеп, өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет-ғұрып, салт - дәстүрлерін сақтауға, ұлтжандылыққа, достыққа, елін , жерін құрметтеуге, батыр да, батыл болуға тәрбиелеу.
Заттық дамыту ортасы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. Слайдтан көрсету, кітаптар көрмесі
І Ұйымдастыру кезеңі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалады.
Мұғалім
Қайырлы таң балалар!
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түсті даламыз
Әрбір бейбіт күн ыстық
Аман Отан анамыз - дей келе балалар бүгінгі тақырыптық оқу іс - әрекетіміз ерекше болмақ.
Бізге қонаққа апайлар мен ата - аналарымыз келіп отыр. Сондықтанда барлығымыз сұрақтарға жауап беріп, сабағымызға толық ат салысайық.
Балалар сендер қай елде тұрып жатырсындар? (Қазақстан )
Яғни балалар біздің отынымыз қай ел ? (Қазақстан)
Енді мына тұрған сөз жұмбаққа назар аударындар сөз жұмбақта қазақстаннын қалаларын тап делінген . Кане кім айтады, кім жылдам екен?
Сөз жұмбақ

Қ
а
р
а
ғ
а
н
д
ы

А
л
м
а
т
ы

Қ
ы
З
ы
л
о
р
д

А
с
т
а
н
а
Т
а
л
д
ы
Қ
о
р
ғ
а
н

Ө
с
С
к
е
м
е
н

А
Т
ы
р
а
у

А
қ
т
а
у
Ш
ы
м
к
е
Н
т

Қазақстан - біздің отанымыз. Біз осы елдің өскелең ұрпағы өз еміміздің патриоттарымыз. Біздің еліміз егеменді тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің тұңғыш президентін сайлады.
Біздің еліміздің президенті кім? ( Н.Ә. Назарбаев)
Біздің ұлттық тіліміз қандай тіл? (қазақ тілі)
Ал еліміздің Елордасы қалай аталады? (Астана)
Қазақстан Рсемпубликасының мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады? кім біледі? ( Ту, Елтаңба және Гимн)

Ал кане балалар біз өз еміз жайында ой қозағағанда өз Отанымыз жайында білетін өлең шумақтарынды ортаға салындар
ҚАЗАҚСТАНЫМ- ҒАЖАПСТАН
Тәуелсіз елім бар,
Отаным- Қазақстан.
Кең байтақ жерім бар,
Өлкесі- ғажапстан.

Айдынды аққулы көлім бар,
Асқар- асқар тауы бар,
Мерейлі халқы бар,
Бұл өлке- Қазақстан!
Қазақстан- Ғажапстан!
ТУҒАН ЖЕРІМ АСТАНА
Астанам елімізге арман болған,
Елбасы елімізге қорған болған.
Көк туым желбірейді көк аспанда,
Бейбітшілік көгершіні ұшып- қонған.

Нұрсұлтандай атамыз,
Қазақ елін басқарған.
Атамыздай боламыз,
Ел тағдырын ойлаған.

Талай жылдар аңсаған,
Еркіндікті әперді
<<Туған елді, жерді сүй>>,-
Деп аманат етеді
ОТАНЫМ- МАҒАН ЫСТЫҚСЫҢ
Отаным маған ыстықсың
Отан- асыл, Отан- ана мен үшін.
Жаным пида ел үшін, жер үшін.
Отан маған мұрасындай атамның,
Қымбатсың сен, қастерлісің сол үшін.

Отан, менің тұнып жатқан сырымсың.
Отан, менің айтылатын жырымсың.
Әлемдегі көрікті де, көз тартар
Ең бір ғажап, ең әдемі гүлімсің.

Отан, менің нұрын шашқан күнімсің,
Отан, менің жарқылдаған үнімсің.
Үлкен- кіші өлең құмар, джыр сүйер,
Қасиетіңді жырларымнан ұұғынсын.

Сенен асқан жерұйық жоқ әлемде,
Асқақтай бер, өркендей бер, тағы өрле.
Құрмет тұтып, қадірлейтін сүйініп,
Көшбасшы боп көрінесін бар елге.

Отан- ана, отан- асыл тірегім
Өзің деп қана соғар менің жүрегім.
Даңқың шығып көтерілші биікке,
Осы менің жалғыз ғана тілегім.
Енді Отан, туған жер туралы білетін мақал - мәтелдер айту
1. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
2. Туған жерге туыңды тік
3 Отан - оттан да ыстық
4. Отан үшін отқа түс күймейсін
5. Үлкенге- құрмет, кішіге - ізет.

Хор <<Атамекен>> әні

Мұғалім сөзі қорытындылау

Ұқсас жұмыстар
Менің тұңғыш президентім
Репродуктивтік деңгей
"мен- елімнің патриотымын" патриоттық әндер сайысы
Менің Отаным - Қазақстан атты шығармашылық байқауға қош келдіңіздер
Менің Қазақстаным сценарий
Менің Отаным - Қазақстан Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер
Астана – бас қала
Отан жүргізуші
Бір айнымалысы бар сызықтың теңдеу тақырыбына есептер шығару
Қалалар
Пәндер