Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жылдың төрт мезгілі ата

Ақжігіт орта мектебі

Ертеңгілік

Мектеп алды даярлық сыныбы

Дайындаған: Жылкыбаева Актамак

2016 жыл
Тақырыбы:Наурыз-жыл басы
Мақсаты: оқушыларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт- дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнектілігі: нақыл сөздер, көрме, тірек-сызбалар, суреттер т.б
Кіріспе
Құрметті ұстаздар,оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесі құтты болсын! Көктем айымен қатар даламызға жаңа жыл келді! Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп,оны ақ тілекпен, ақниетпен қарсы алады.
Наурыз- өте көнеден келе жатқан мейрам. Қазақ халқының жана жылы. Бұл кез күн мен түн теңелген уақыт.Наурыз мерекесі күні адамдар бір-біріне жақсы тілектер айтқан.
Қарды ерітіп жылғасы,
Наурыз келді-жыл басы.
Шуақ төкті жарық күн
Мейрамында халықтың
Хор: <<Әнұран>>
Би: <<Қара жорға>>
Ата бабам тойлаған
Наурызым армысың
Қызыққа еш тоймаған
Дархан дала,қарлы шың-дей келе келесі кезекті дайындық сыныбының дайындаған тақпақтарын тарту етеміз:
Жасмин: Күреп Алтын күрекпен
Қарды ерітті наурыз.
Жатыр көктем түлектен
Бүрлеп бақша-бауымыз
Тілеухан: Көктем,көктем,көктемде
Құстар келіп жеткенде
Қуанып бір қаламыз
Әнмен қарсы аламыз

Гүлжаз: Топ-топ,басайық
Жалаудан күн жасайық
Жаса,жаса,жарқын күн
Жаса, жаса,Алтын күн

Ән: <<Ойыншықтар>> Орындайтын: Қыздар
Жанат: Кел, балалар,күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек!
Көңілді боп жүрейік!

Елдос: Нан қоқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар
Ән: Нұршат <<Сұр қоян>>
Қайсар: Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына
Қиығын салып көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің

Хор: <<Біз өмірдің гүліміз>>
Нұржаубай: Ұлы күні ұлыстың
Күн мен түнді теңеген
Тәтті дәмі ырыстың
Таттық наурыз көжеден

Еркеназ: (қимылмен) Құмырысқа
Альбина Ұзын мұртты құмырысқа
Келе жатты жұмысқа
Алды допты қолына
Қойды допты жолына
Оңға қарады,солға қарады
Үлкен тау деп ойлары
Хор ұлдар: <<Қошақандар>> әні
Арай: Көркем ғой Көктөбеде
Ұшып жүр кептер,көбелек
Жайнап тұр маңайды
Күн нұры көктен себелеп

Мерей: Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді
Ең үлкенін жақсысын
Саған таңдап әкелді
Не деп барып жеу керек
Рахмет апа деу керек
Хор: <<Құттықтаймын,мама,туған күніңмен!>>

Сұрақ-жауап:
Жылдың төрт мезгілі ата. ( Күз,қыс,көктем,жаз)

Төрт түлік малды ата (Қой,сиыр,жылқы,түйе)

Наурыз көжеге неше түрлі дән қосылады? (7 немесе 9)

Ойын: Қол күрес, Кір тасын көтеру, Шығыршық ойнау.
Би: <<Көңілді күн>>
Көрініс: <<Ақылды ана>> Орындайтын: ұлдар
Қорытынды: Сіздерді тағыда Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!Дендеріңізге саулық тілейміз! Әрбір арайлап атқан күн сіздерге бақыт әкелсін!Мерекелеріңіз мерекеге жалғаса берсін!
Осымен <<Наурыз жыл басы>> атты дайындық <<А>> тобының дайындаған ертеңгілігі аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Жадырасын жазымыз (ертеңгілігі)
Қыс қызығы жайлы ақпарат
Көктемде алғаш шығатын гүл
Жыл мезгілдері жайлы ақпарат
Төрт тілек
ЕКОЕ пен ЕҮОБ
Сендерді көрсем қуанам
Балалар үшін қызықты мезгіл
Сары жапырақтар жауғанда
Абай "қыс". 3 сынып
Пәндер