Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушылар үнтаспаға қосылып Атамекен әнін айту

Атамекен - алтын бесік
Күні
20 сабақ
Мақсаты: оқушыларға Атамекеннің адамның өсіп - дамуындағы, өміріндегі орны туралы түсініктер беру:
Міндеттері:
- атамекенді қадірлей білу, оған қызмет ету, адам өмірінде атамекеннің алатын орны туралы мағлұмат беру:
- оқушылардың өз ата мекені, туған жері туралы білімдерін кеңейту:
-өз атамекеніне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін арттыру.
Ресурстар: <<Күршім сулары>> бейнеролигі, <<Атамекен>> әні, әскери бас киім, шинель,слайд
Сабақтың барысы:
Амандасу.Түгендеу. <<Атамекен мен үшін..>>постерін беру(сабақ барысында толтыруларын сұрау)
І. Тыныштық сәті:
<<Күршімнің сулары>> ән-ролигін көресете отырып ауылдың көркем көріністерін көрсету.Қандай әсер алғандарын сұрау?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
С. Жүнісовтың <<Аманай мен Заманай>> әңгімесі
Қария немересін атамекенге неліктен алып барғысы келді?
Атамекен, атажұрт несімен қымбат?
Адамның туған жері әрқашанда атамекен бола ма?
Туған жеріңде туып - өскен қандай азаматтарды мақтан етесің?
Сенің қандай еңбегіңді елің мақтан еткенін қалайсың?
ІІІ. Дәйексөз
Оқушылар дәйексөздің мағынасын ашып және жалғастырып айту
Алтын ұяң - отан қымбат.
Туып - өскен елің қымбат,
кіндік кескен жерің қымбат.
..................................................
Қазыбек би.
IV. Ойын - жаттығу
Ойшылар <<сөз тапқанға қолқа жоқ>> деп аталатын ойын ойнау.
Ойын шарты бойынша оқушылар берілген сөздер өзгерту арқылы әңгімені жалғастырып бір - біріне байланыстырып айтып шығу. Мысалы Отбасы, Атамекен, отан, ел басы, арым, туған жер т. б
V. Әңгімелесу-көрініс.(оқушыларды ортаға шығартып оқу ұсыну)
Ш. Айтматов пен М. Шахановтың әңгімесін рөлге бөліп оқу және атамекен туралы өз ойларын бөлісу.
Атамекен, туған жер туралы қандай ырым білесіңдер?
VI. Шығармашылық жұмыс.
Балалар, біз Б. Момышұлын білеміз ғой?! Ол Отан үшін отқа түскен, қазақ халқының ұлы перзенті, қаһарман жауынгер, даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, әйгілі жазушы, XX ғасыр биігінде тұрған дара тұлға. Сіздерге Б. Момышұлының өсиеті беріліп отыр. Әсерлі болу үшін бір оқушыға әскері киім кигізіп, оқу ұсынылады.
Отан сүйер ұлан бол!
Мен немере сүйіп отырған адаммын. Балаларды өте жақсы көремін. Сол балалардың, бүлдіршін балдырғандардың бақытты болашағы үшін сұрапыл соғыста ер азабын мейлінше көрген адаммын.
Менде адаммын жаралған сүйек, еттен,
Арым бар, намысым бар жер тербеткен
Қазақтың қарапайым бір ұлымын
Жанымды арым үшін құрбан еткен.
Балаларыма, немере, шөберелеріме айтар жалғыз тілегім: Елді сүйер ұлан болыңдар! Өз халқыңа лайықты азамат болып өсіңдер.
Б. Момышұлы
Тапсырма: (мақал- мәтел аяқтау ) <<Жалғасын тап>>оқушылар бір-біріне жасырады
Отансыз адам,
Ормансыз....
Елінен безген.........
Көлінен безген қонбайды.
Өз еліңнің иті де
тойған жеріне,.........
............тасымен көрікті,
Аяқ асымен көрікті.
Ел ағасыз болмас,
Тон жағасыз........
Ерден аспақ болса да,
Елден....................
Көптің күші көлдей,
Көшіп жүрген.............
VII. Топпен ән айту
Оқушылар үнтаспаға қосылып <<Атамекен>> әнін айту.
Сөзі: Қ. Мырза Әлі
Әні: Е. Хасанғалиев.
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалы
Қазағымның алақаны деп білем.
Қайырмасы:
Қайда жүрсең, атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем.
Асқар тауың аспанымен таласқан
Қазағымның мәртебесі деп білем
Қайырмасы.

VIII. Қорытынды:
Атамекен...Атажұрт...Туған жер...Бұл - ең жоғарғы құндылықтардың, асыл ұғымдардың бірі.
Атамекен - туған халқының, ұлтының мекен еткен, ата - бабасының қоныс тепкен жері. Туған жер - әр адамның дүние есігіен ашып, өмірге келген жері.
Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз болашағына, өткеніне ден қоя бастайды. Адамның болашағы да, өткені де атамекенмен тығыз байланысты болады. Халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар туған жерді қасиет тұту - қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған.

IX. Үйге тапсырма.
<<Атамекенім мақтанышым>>атты ой-толғау жазып келу
X. Тыныштық сәті.
Тыныштық, тыныштық әлемде,
Тыныштық, тыныштық бар жерде,
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
<<№3 КҮРШІМ ГИМНАЗИЯСЫ>> КММ

Атамекен-алтын бесік


Өткізген: өзін-өзі тану пән мұғалімі
Маликова Н.Р.

Ұқсас жұмыстар
Салауаттылық - өмір негізі. 9 сынып
Сен ізеттісің
Б.Байқадамов. Су тасушы қыз
Өнеге отбасынан
Өзімді – өзім танумен өсіп келемін
Сендер қарау ойнайсыңдар
Жақсылықтан жақсылыққа, Ешқандай жақсылық зая кетпейді
Ақылды тыңдай білуде өнеге
Дұрыс әрекет
ОТБАСЫ жақындастырушы
Пәндер