Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Компьютерлік графиканың қолданылу салалары
ОҚО Сарыағаш ауданы
№127 Т.Бердияров орта мектебі.
Дайындаған: Бориханова Мадина.
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика түрлері. Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программалары. Графикалық файлдардың пішімі. Векторлық графика. Векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;
2. Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеу үйрету арқылы теориялық білімін, ой - өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;
3. Оқушыларды жан - жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: Интерактивті тақта арқылы, диктант, тапсырмалар
Көрнекілік: Интерактивті тақта, презентация
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен ақпаратты қайталау
3. Жаңа сабақты баяндау, графикалық кескінді салу.
4. Ой қорыту. Сабақты бекіту
5. Компьютермен жұмыс.
6. Бағалау. Үйге тапсырма беру.
ІІ. Өткен ақпаратты қайталау. Бос орынды толықтыр
1. бұл графикалық экранда әрбір пиксельдің жарықталыну түсі мен белгісі кодталған оперативті жадының бөлігі -...( Экран буфері)
2. графикалық экрандық беттер - пайдаланылған графикалық экранның режиміне, дисплейдің... (типіне) және жадының... (көлеміне) тәуелді графикалық экран үшін бір немесе бірнеше буфер.
3. Borland International фирмасы... (СRAPH) арнайы программалар кітапханасын жасап шығарған.
4. Мәтіндік режимде процедураларды пайдалану үшін алдымен... (GRT) модулін іске қосу керек.
5. Графикалық экранның мүмкіндігі дегеніміз - бұл экранға шығарылатын бейненің... (дәлдігі).
6. Графиктік режимнен шығу үшін... (Closegraph) процедурасы пайдаланылады.
7. Графикалық режимді алғаш рет іске қосу үшін (INITCRAPH) процедурасы қолданылады
8. (PutPixel) процедурасы экранға нүктені көрсетілген координатасымен және түсімен шығарады.
ІІІ. Жаңа сабақты баяндау
Компьютерлік графика - әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы. Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:
РАСТРЛЫҚ БЕЙНЕЛЕР (НЕМЕСЕ БИТ КАРТА - BITMAP) ДЕГЕНІМІЗ - ТҮРЛІ ТҮСТІ НҮКТЕЛЕРДІҢ(ПИКСЕЛЬДЕРДІҢ) ЖИЫНТЫҒЫ.
Растрлық бейнелердің айтарлықтай кемшілігі бар, айталық, ол шығару құрылғысының, мысалы, дисплейдің шешуші қабілетін өзгерткенде, бұрмаланып кетеді. Үлкен өлшемді растрлық бейнелер (фотосуреттер, т. б.) құжаттар мен презентацияларда фон ретінде, сонымен бірге иллюстрация түрінде пайдаланады. Оларды дайындауда бастапқы материал болып сканерден алынған немесе кітапханадан компакт - дискімен келген бейнелер қызмет етеді.
Фотосуреттерде де растрлық кескін сияқты сақталады. Егер машиналарыңа сканер қосылған болса, онда кез келген фотосуретті сканерлеп алып, оларды дискіде растрлық кескін түрінде мақтауға болады. Сканер суретті <<суретке түсіреді>>де, оны <<цифрланған>>нүктелер жиыны түрінде көрсетеді. Осыдан кейін растрлық кескінге түрлендірілген фотосуретті Word құжатына кірістіреміз.
Ақ - қара фотосуреттер, әдетте түрлі түсті суреттерге қарағанда, сапасын жақсы сақтап сканерленеді.
Растрлық кескіндеудің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.
Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуіне, яғни оның кез келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді, қажет болмаған жағдайда ішінара алып тастауға немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.
Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын әдісімен(бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) өзгерткенде, кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, ал кішірейткенде - кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерді жоғалтқандықтан)
Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі - файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, соғұрлым үлкен болады.)
Компьютерлік графика растрлық және векторлық болып қана қоймай фракталдық болып та бөлінеді Фракталдық графика векторлық графика сияқты математикалық есептеулерге негізделген.
Компьютерлік графиканың қолданылу салалары.
Қазіргі кезде компьютерлік графикасыз жұмыс істеу өте қиын.
Ол тек мультфильм, компьютерлік ойын, көркем иллюстрация жасайтын мамандардың ғана емес, көптеген адамдардың іскерлік, ғылыми және инженерлік қызметінің ажырамас бөлігі.
Әрбір сала үшін графикалық редакторлар деп аталатын программалық қамтамасыз етулері жасалады. Графикалық редакторлардың түрлері мен оларды қолдану туралы жоғарыда айтылды. Компьютерлік графиканың кейбір бағыттарын қарастырайық.
Ғылыми графика - бұл ең бірінші пайда болған бағыт. Оның міндеті - объектілерді көрнекі бейнелеу. Ғылыми және инженерлік қызметте ғылыми графика. Ғылыми зерттеулер мен сынаулар жүргізгенде, есептеу нәтижесін графиктік өңдеу үшін есептеу, эксперимент жүргізгенде және олардың нәтижесін көрнекі көрсету үшін қолданылады. Медициналық қызметте ғылыми графика кардиограмма, рентгенограмма және т. с. с түрінде қолданылады. Білім беруде - мультимедиалық программалық құралдарда.
Іскерлік графика - компьютерлік графиканың бұл саласы әртүрлі мекемелер жұмысында жиі қолданылатын иллюстрация жасауға арналған. Жоспар көрсеткішін есеп беру құжаттарын, статистикалық мәліметтерді - міне, осы объектілер үшін іскерлік графиканың көмегімен иллюстрациялық материалдар (көбінесе бұл график, диаграмма ) жасалады.
Көркемдік және жарнамалық графика. Графикалық кескін жасау және редакциялау үшін, мысалы, баспа өнімдерін, жарнама безендіру, фотосуреттерді бояу және өңдеу, мультфильмдер, бейнесабақтар, компьютерлік ойындар жасау үшін қолданылады. Архитектурада сызба дайындау процесін автоматтандыруға және ғимараттарды қабаты бойынша жобалауға мүмкіндік береді.
Компьютерлік графика түрлерінің бірі Мультимедиа болып табылады, ол дыбысты, музыканы, мәтінді, бейне мен анимацияны(қозғалатын объектілер) қарастырып үйлестіреді. Соңғы кездерде мультимедиа жүйесі кең таралып келеді
Практикалық жұмыс. <<Растрлық және и векторлық графикалық редакторда геометриялық фигуралар салу>>.
1. Microsoft Office Word 2007 редакторын ашып сфера суретін сал.
2. Көшірмелерін алып Paint-қа апарыңдар..
Түрлі бояу түрлерін алып бояңдар.
3. Мәтіндік редакторда 6 на 6 өлшеммен кесте сызыңдар.
4. Мына төмендегі әрекеттерді бірін кетін орындаңдар.
5. Мына суретті сызып болған соң PrtSc - батырмасымен экранды суретке алып, Paint графикалық редакторына апарып бояңдар.
6. Төрбұрыштың ішіне осы екі сфераны апарып қойыңдар.
Бақылау сұрақтары:
1. Word мәтіндік редакторына объектілерді еңгізуге бола ма?
2. Объект файлдан қалай енгізіледі?
3. Объект сканерден қалай енгізіледі?
4. Бұрын енгізіліп қойған объектіні өзгертуге бола ма.
5. Автофигуралық объектіні енгізіге бола ма?
6. Автофигуралардың көлемін өзгертуге болама?
V. Үйге тапсырма беру:
Түрлі өзгепланеталықтардың суретін компьютерге енгізіп файл арқылы Word
мәтіндік редакторына енгізу және эссе жазу.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz