Ондықтарды қосу және азайту: бастауыш сыныптарға арналған сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Ондықтарды қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: толық ондықтармен арифметикалық амалдар орындау дағдыларын қалыптастыру;

Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау, іскерлік дағдыларын, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Топпен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, еңбекқорлыққа, тапқырлыққа, алғырлыққа және өсімдіктерді аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Әдісі: ізденушілік, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушы назарын сабаққа аудару.

ІІ. Психологиялық дайындық. ( слайд)

Кел, балалар күлейік!

Күлкіменен түлейік.

Күлкімізді күн қылып.

Гүл өссін деп тілейік

(қолдарынан ұстап оқушылар, өз есімінің бірінші дыбысына басталатын гүл атын айтады. )

  • Балалар қазір қай жыл мезгілі? (Көктем)
  • Көктемнің қай айы? (Сәуір)
  • Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
  • Көктемнің алғашқы гүлдерін атаңдар. (Бәйшешек, қызғалдақ)
  1. Оқушыларды екі топқа бөлу.

1-топ: Бәйшешек. http://os1.i.ua/3/6/4030545_78ad65f0.jpg

2-топ: Қызғалдақ. C:\Documents and Settings\User\Мои документы\цветы\bfoto_ru_424a.jpg

  1. Сабақтың ережесімен таныстыру. (слайд)

Балалар, біз сендермен табиғат аясына шығамыз. Өз білімдеріңді көрсетіп, гүлшоқтарын тересіңдер.

ІІІ. Өткенді қайталау(слайд)

-1-ден, 10-ға дейін сандарды тура және кері санау .

-Қосудың компонентін атау . 5+3

-Азайтудың компанентін атау . 8-3

- Сандар қатарын оқы, әр қатардағы артық санды тап. Дәлелде. ( слайд)

  • 2, 6, 10, 8, 4.
  • 0, 3, 7, 9, 5
  • 64, 54, 28, 34, 24.

-Сандарды оқы: 2 ондық, 4 ондық, 1 ондық, 3 ондық.

- Бұл сандардың жазылуы туралы не айталасыңдар? (Бұл сандардың жазылуында ондық деген сөз бар. )

- Осы ондықтардың әрқайсысының өзінің атауы бар екенін білесіңдер. Суретке қарап дұрыс ата. (слайд)

1онд. - 10(он)

2 онд. - 20(жиырма)

3 онд. -30(отыз)

4 онд. - 40(қырық)

5онд. - 50(елу)

6 онд. - 60(алпыс)

7 онд. - 70(жетпіс)

8 онд. - 80(сексен)

9 онд. - 90(тоқсан)

10 онд. - 100(жүз)

- Ондықтар туралы не білгілерін келеді тағы? (ондықтарды қосуға және азайтуға бола ма?) .

- Бұл сұраққа жауап беру бүгінгі сабағымыздың мақсаты.

-Олай болса, сабақтың тақырыбы «Ондықтарды қосу және азайту»

ІҮ. Жаңа сабақ.

Оқушыларға бағандағы мысалдарды салыстыруды ұсынамын ( слайд)

7-5 7онд. - 5 онд.

2+4 2 онд. + 4 онд.

5-1 5 онд. - 1 онд.

Балалар ондықтарды қарапайым жай бірліктер сияқты қосады, азайтады деген қорытындыға келеді.

Ү. Оқулықпен жұмыс.

№ 1, 168 бет.

І-топ: 3 онд. + 2 онд. =5онд. ІІ-топ: 7онд. - 4онд. =3онд.

30+20=50 70-40=30

9онд. - 5онд. = 2онд. + 6 онд. =

90- 50= 20 + 60=

  • Балалар, күнделікті өмірде нені ондықтармен санауға болады? (жұмыртқаны, түймені, дәрі таблеткалары, т. б. ) (Слайд сәйкестіру)
  • Енді мамандық иелері ретінде, өз игергендерінді ортаға саласыңдар

Сергіту сәті «Қарлығаш»

№2. Есеп шығару. (слайд)

  1. топ: Аспазшылар.

Аспаз торт пісіру үшін жұмыртқаның 1 ондығын жұмсады. Кекс пісіру үшін 2 ондығын жұмсады. Аспаз барлығы неше жұмыртқа жұмсады?

2-топ: Тігіншілер.

Тігінші түйменің 4 ондығын сатып алды. Костюмге 1 ондығын қадады. Тігіншіде неше түйме қалды?

ҮІ. Логикалық тапсырма

«Артық затты тап» (оқу құралдары- жәндік, үй жануарлары- жабайы жануар)

ҮІІ. Дәптермен жұмыс.

№ 3. Өрнектер құрастыр және олардың мәнін тап. (тақтада орындау)

10+70=80

70+10=80

80-70=10

80-10=70

Оқушылардың өз беттерінше мысалдар төрттігін құрастыруын ұсынамын.

ҮІІІ. Бекіту.

« Кім жылдам? »

+ + - +

1-топ

2-топ - - +

ІХ. Қорытындылау. (Оқушылардың жинаған гүлшоқтарын ортаға салу)

  • Өте жақсы, сонымен біз мақсатымызға жеттік.
  • Сабақта не үйрендік? (Ондықтарды қосуды және азайтуды)
  • Алған білімдеріңді өмірде қолдануға бола ма? (ондықтармен түйме, жұмыртқаны санауға болады екен т. б. )
  1. Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.
  2. Үйге тапсырма:

Ұқсас жұмыстар
Ондықтарды қосу және азайту: ғарышқа саяхат тақырыбындағы бастауыш сабақ жоспары
1-сынып математикасы: Ондықтарды қосу және азайту - сабақ жоспары
1-сынып математика: кестелік қосу және ондықтарды қосу мен азайту
2-сынып математика: ондықтарды қосу мен азайту әдістері (26+30, 56-30)
10-ға дейінгі сандарда 2-ні қосу және азайту: бастауыш сыныптарға арналған сайыс сабақ
8 санын қосу және азайту: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
1 санын қосу және азайту: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Жазбаша қосу және азайту тақырыбындағы бастауыш сынып сабақ жоспары
Екі таңбалы сандарды бағандап қосу және азайту: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Бастауыш сынып: 3+56 және 30+24 арқылы қосу мен азайту сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz