Зат есімді тап

Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Сабақтың мақсаты:

1) Оқушылардың зат есім жөнінде өткен сабақтарда алған білімдерін еске түсіру, тиянақтау және күнделікті өмірде қолдана білу.

2) Балалардың сөз байлығын, сауаттылығын, зат есім туралы ұғымдарын кеңейтіп, жан - жақты шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3) Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа баулап, жауапкершілікті түсіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, оқулық, карточкалар, сөзжұмбақ, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.
Түрі: аралас.
Әдісі: сұрақ-жауап, ойын, деңгейлік тапсырмалар, шырмауық, ЖҚКҚ, эврикалық.

Сабақтың барысы:

р/с
Сабақтың мерзімдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
р/с: 1
Сабақтың мерзімдері: Ұйымдастыру кезеңі, оқушылардың біліктілігін арттыру.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Топқа бөлу: 1) Зерттеуші 2) Бейнелеуші 3) Дәнекерлеуші Психологиялық дайындық.
- Адамды өрге жетелейтін не?
- Арман адамды қандай биікке жетелейді? - Мен сендерді «Білім шыңына» шақырамын. Сабағымыздың ұраны:
Оқушының іс-әрекеті:

- Арман.

- Шыңға.

-«Көп білсең шыңға жетерсің»

р/с: 2
Сабақтың мерзімдері: Оқушылардың білімін бекіту. Өткен сабақты пысықтау.
Мұғалімнің іс-әрекеті:

1 - баспалдақ. «Қайталау - білім анасы». «Шырмауық» әдісі. Сөз таптары
Кім? Не? Кімдер? Нелер?
Не қылды? Не істеді? Қайтті?
Неше? Қанша? Нешінші?
Қандай? Қай?

«Байқоңыр - ғарыш айлағы»

Оқушының іс-әрекеті:

Ата, күн

Жазушылар, дәптерлер

Жазды, оқыды, жылады

Бес, қырық, жетінші

Үлкен, көк

р/с: 4
Сабақтың мерзімдері: Жаңа сабақты түсінуге дайындау. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мұғалімнің іс-әрекеті:

2 - Баспалдақ «Өнер өрге жүзеді».
317-жаттығу. Сөзжұмбақ шешу.
Суретте берілген заттардың атауын жазу.

Суретпен жұмыс.

«Эврикалық» әдіс

Оқушының іс-әрекеті:

1. Қыз 2. Шаңырақ 3. Түйе 4. Шеге 5. Сандық 6. Бүркіт 7. Домбыра

Ережені табу.

р/с: 5
Сабақтың мерзімдері: Білім меңгеруі мен қолдана білуі.
Мұғалімнің іс-әрекеті:

3 - Баспалдақ: «Іздеген жетер мұратқа».
Дәптермен жұмыс. - Бүгінгі күнді жазайық.

Көркем жазу.

Топтық жұмыс.

1 - Зерттеуші. 318 - жаттығу. Мақалды көшіріп жаз. Зат есімді тап.

2 - Бейнелеуші. 319 - жаттығу.

3 - Дәнекерлеуші. 321 - жаттығу.
Дәлелдеу үлгісі:
Ақын - бұл зат есім, өйткені - кім?- адам.

Сергіту сәті.

Оқушының іс-әрекеті:

Дәптерімізді ашайық
Қолға қалам алайық
Түп-түзу боп отырып,
Көркем етіп жазайық.
З з

Ақыл - тозбайтын тон.
Білім - таусылмайтын кен.
Шешен - сөз бастар
Батыр - қол бастар.

Ит үреді. Қасқыр ұлиды. Қарға қарқылдайды. Әтеш жақырады.

Ақын, әнші, көбелек, қозы, дән, бөбек, әже, мұз.

Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы
Желге ырғалып жайқалған.

р/с: 6
Сабақтың мерзімдері: Сабақты бекіту.
Мұғалімнің іс-әрекеті:

4 - баспалдақ. «Биік шың». Деңгейлік тапсырмалар.
3-деңгей.

Сәйкестендіру тесті.
Домбыра тартады күйші.

2-деңгей.

Тест жұмысы.

1-деңгей.

Зат есім.

Оқушының іс-әрекеті:

Домбыра тартады жұлдыздар
Аспанда көрінеді құстар
Жем жейді күйші
Көйлек тігеді оқушылар
Орманда өседі тігінші
Серуенге шықты ағаштар
1. Зат есім нені білдіреді?
а) заттың санын
ә) заттың қимылын
б) заттың атын
2. Кім? Сұрағына жауап беретін сөзді тап.
а) Жандос
ә) дәрі
б) күлді
3. Аспан деген сөзді қойылатын сұрақты тап
а) не істеді?
ә) не?
б) кім?
4. Кімдер? нелер? Сұрағына жауап беретін сөздерді тап.
а) Дәрігерлер, дәрілер
ә) күшік, әнші
б) қыс, торғай

Кім? Не?

оқушы дәптер

р/с: 7
Сабақтың мерзімдері: Рефлексия.
Мұғалімнің іс-әрекеті:

«ЖҚКҚ» әдісі

Ж - жаңалық

Қ - қызық

К - кедергі

Қ - қоржын

Оқушының іс-әрекеті: Сабақ ұнады.
р/с: 8
Сабақтың мерзімдері: Сабақты қорыту.
Мұғалімнің іс-әрекеті:
  • Зат есім дегеніміз не?
  • Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
Оқушының іс-әрекеті: Оқушылардан толық жауап күтіледі.
р/с: 9
Сабақтың мерзімдері: Бағалау.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Бағалау парақшалары арқылы.
Оқушының іс-әрекеті:
р/с: 10
Сабақтың мерзімдері: Үйге тапсырма.
Мұғалімнің іс-әрекеті: «Теріп жазу»
320 - жаттығу.
Оқушының іс-әрекеті: Кім? Не?
Сатушы Кітап
Дәрігер парта
Ұста түлкі
Ата ағаш
қарға
Күтілетін нәтиже

1. Зат есім және оның сұрақтары туралы мағлұмат алады;

2. Теориялық білімдері артады, тақырып бойынша берілген материалдарды жүйелі орындауға үйренеді;

3. Тапсырмалар арқылы оқушылардың білімдерін практикамен ұштастырады.

Күтілетін нәтиже: Негізгі идеялар
1. Зат есім және оның сұрақтары туралы мағлұмат алады;2. Теориялық білімдері артады, тақырып бойынша берілген материалдарды жүйелі орындауға үйренеді;3. Тапсырмалар арқылы оқушылардың білімдерін практикамен ұштастырады.: Зат есімге кім? не? кімдер? нелер? деген сұраққа жауап беретін сөздер, яғни, барлық айналаны қоршаған ортадағы зат, құбылыс атауы боп танылатын сөздер енеді.

3-деңгей.

Сәйкестендіру тесті.

Домбыра тартады жұлдыздар Аспанда көрінеді құстар
Жем жейді күйші
Көйлек тігеді оқушылар
Орманда өседі тігінші
Серуенге шықты ағаштар

2-деңгей.


Ұқсас жұмыстар
Сөз таптары жайлы
Зат есім
Етістік сөзді тап
Зат есім жайлы
Қарсы мәндес сын есім жайлы ақпарат
Термин сөздер қатарын тап
Бастауыш сынып бірлестігінің отырысының шешімімен баспаға жариялауға ұсынылады
Тақырып - Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Сөз таптарын қайталау
Заттың ретін білдіретін сан есімді тап
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz