Есеп тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы (Таным - Математика)

ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Математика
Тақырыбы:_ Есеп 8 - бет.
Мақсаты:_ «Есеп» түсінігімен, оның құрылымдық элементтерімен таныстыру, сұрақ қою және оған жауап беру дағдыларын дамыту.
Қостілділік компонент:_ есеп - задача, сұрақ - вопрос, жауап - ответ,
Балалардың
іс -әрекеті
Ұйымдастыру -
іздестіру
1. Балаларды әліппе - дәптердің 8- бетіндегі тапсырмалармен таныстыру, суреттер бойынша жұмыс жүргізу. І - кезеңде балаларға есеп құрастыруды үйрету. ІІ - кезеңде балаларға есеп туралы жалпы түсінік береді, есептің шартын құрастырып, оған сұрақ қоюға үйретеді. Есеп құрылымымен танысады, есеп шартында кемінде 2 сан болады. Есеп шарттан, сұрақтан тұрады. Сосын есепті шешу керек, жауабын жазу керек.
2. Әліппе - дәптермен жұмыс.
№1 тапсырма. Есепті шығарамыз: Серікте 2 қонжық, 3 машина бар. Серікте барлығы неше ойыншық бар? Шешуі: 2+3 = 5 Жауабы: Серікте 5 ойыншық бар.
№2 тапсырма. Суреттер бойынша есептерді шығару, тиісті орындарға жауабын жапсырмалау: 3+3 =6, 5-1 = 4, 4+3 = 7, 4-1 =3
3. Сергіту сәті: Жаздық, жаздық, көп жаздық,
Шаршады біздің саусақтар.
Бір, екі, үш,
Демаламыз жинап күш.
№3 тапсырма. Дұрыс бояу үшін алдымен есептерді шығару керек, сосын бояту керек: 6-1= 5, 7-4= 3, 8-5= 3, 2+3= 5, 6-4= 2, 10-4= 6, 4+3=7, 1+4=5
№4 тапсырма . Саусақ қимылын дамытуға арналған, 3 мен 4 сандарын ұқыптап жазу.
Тәрбиешінің
көмегімен
балалар
барлық
тапсырмаларды орындайды
4. Қорытындылау. Сұрақ - жауап бойынша
қорыту.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:_ «Есеп» түсінігімен, оның құрылымдық элементтерімен таныстыру,
Қандай түсініктерді игерді: сұрақ қою және оған жауап беру дағдыларын дамыту.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: 3, 4 сандарын жазуда саусақ қимылын дамыту.