Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ұрпағым сау болсын десең, арақ ішпе

Ұрпағым сау болсын десең, арақ ішпе
Алкоголь және ұрпақ
Ақ арақтан бір босамай кесеміз,
Әркімдерге кетіп жатыр есеміз.
Бар өмірің бұлдыр-бұлдыр бірдеңе,
Жын соққандай беймәлім күй кешеміз.
Сол арақтың емес пе еді кесірі,
Үйде отырып бала тапты неше қыз?!
Бірақ біздер қалай арақ ішпейміз?!
Күнде мас боп жүрсе әке-шешеміз.
Айналайын ақылы бар ағайын!
Ұлтың менен ұрпақ қамын жесеңіз,
Алдыменен өзің ішпе арақты,
Балаң ертең адам болсын десеңіз!
Елбасының Н. Ә. Назарбаев <<Қазақстан-2030>> Стратегиясының бір бөлімін денсаулық сақтау мәселесіне арнаған. Онда <<Арақ ішпе, темекі тартпа, аурудың алдын ал, спортпен шұғылдан>> дей отырып, өзі спортпен шұғылданып, біздерге жас ұрпаққа үлгі болуда.
Спорт пен арақ бір-бірінпе қарама-қарсы екенін білеміз. Сүйте тұра көптеген жасөспірімдер арақ ішіп денсаулықтарына көңіл бөлмейді. <<Дені саудың - жаны сау>> деп халқымыз бекер айтпаған. Өкінішке орай жастар арасында арақ ішіп көптеген қылмысқа баратын жастарымыз көпшілік. Жасөспірімдердің арақ ішуіне әрине қоғам кінәлі, өйткені олар ересектерге еліктейді. Арақты алғаш ішкеннің өзінде-ақ жүрек айныу, бас айналу, құсқысы келуі, жүрек соғуының жиілігі, тамақтың, өңештің және қарынның түйілуі, байқалады. Жүйке жүйесінің ауыр зақымдануына алып келеді, жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулармен ауыру мүмкіндігі күшейеді. Алкогольдің әсерінен бауырдың, жүректің жұмысын нашарлатып, бедеулік қаупі пайда болады және ұрпақтың дене бітімі мен ойлау қабілеті дұрыс жетілмей нәтижесінде дүниеге келген ұрпақ мүгедек болып туылады. Өйтіп ұрпағымызға қиянат жасамауымыз керек. Ұрпақтың болашағы мына біз жастарымыздың қолында дер едім. Сондықтан жастарымыз зиянды әдеттерден аулақ болулары керек. Жастардың тәрбиесіне қоғам, жанұя және мектебіміз тікелей жауапты болуы тиіс. Дамыған мемлекеттер қатарына қосылу үшін білімді, дені сау ұрпақ өсіруіміз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Апатқа апарар үш індет (темекі, арақ, есірткі)
Автторы: Н. Қайырмұхаммед
Көкжиек Алматы 2010
Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Манашы орта мектебі
Биология пәні мұғалімі
Ильясова Анар

Арақ жайында жазылған көне қисса

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы
Манашы орта мектебі
Биология пәні мұғалімі Ильясова Ана
Осыдан мың жыл бұрын көне шағатай тілінде жазылған <<Қиссас-ул әнбия>> атты кітап бар. Осында арақтың адамға кері әсер ету ерекшеліктері баяндалған. Кітапта арақ-шараптың зауалын былай баяндайды:
<<Бірінші сипат-арақ адамның алғашында көңілін көтеріп, көкірегіне кең сарай ашады. Қан тамырына ыстық нәр жүгіртеді. Реңі түрленіп, сөзі түлейді. Жан-жағына масаттана қарап, сезімі құлпырады, сұлу сөзді суша сапырады. Бұта басында отырып сайраған бұлбұл құсқа айналады.
Екінші сипат- біраз уақыт өткеннен кейін арақ басына теуіп, өзінен-өзі ыржалақтап күле бастайды. Іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысы үйлесімін жоғалтады. Ең бастысы, жүзіндегі ұяты сөнеді, жүрегіндегі ары өшеді. Бұлғақтап-қылжақтап маймылға айналып шыға келеді.
Үшінші сипат-арақ жүрегіне шабады. Сондағы шайтани нәпсіні түртеді. Ол дереу қанды қуалап тұлабойын қыздырады. Миында хайуани жыртқыш сезімдер оянады. Бір сәтте арыстанға айналып шыға келеді. Маңайындағы адамдар ақ қоян, көк қоян сияқты көрініп түгелдей үкімін жүргізгісі келіп, айбат шегеді. Ақырып-бақырады, ғайбат айтып лағынет қамытын киеді.
Төртінші сипат- осының бәрін өткізіп болып соңында есінен танып, құлап балшықта аунап жатады. Бұл ең төменгі доңыз-шошқа сипатына айналғаны>>.
Иә, көне кітап осылайша арақтың аз уақытта-ақ адамды аңға айналдыратынын тамаша баяндаған.
Арақ ішіп азбайық
арақ-жүректен иманды, жүзден нұрды кетіріп, адамды азғындатады;
арақ-ата-анаға құрмет жасаудан қол үздіреді;
арақ- өшпенділік, бұзақылық, қатыгедік, қанішерлік қасиеттерді қоздырады;
арақ-ішкен адамның дұғасы 40 күнге дейін қабыл болмайды;
арақ-есте сақтау қабілетін, зейінді жойып, ессіздік пен ұмытшақтыққа душар етеді;
арақ- ерік - күші жоқ ездердің есіл-дертін алып, еліктіреді;
арақ-қылмыстың атасы, адамды қанқұйлы, қанішер, қатал, қатыгезге айналдырып, Құдайдан қорықпайтын халге жеткізеді;
арақ-ағайынды алауыз етіп, арасын ажыратады;
арақ- діннің дұшпаны, адамды діннен бездіреді;
арақ-ішу адамды қарызға батырып, абыройдан жұрдай қылады;
арақ- адамның тапқан-таянғанын судай сыпырып, ысырапқорлыққа ж-душар қылады; бала - шағаның несібесін жалмайды.
арақ- ішуермен әйелді арсыздыққа жетелеп, зинақорлыққа апарады;
арақ-адамды берген уәдесін орындамайтын опасызға айналдырады;
арақ- ішкен адам жанұясы мен балалары алдында, қызмет орнында, дос-жаран, ағайын-туыс алдында қашанда қарабет болады;
арақ- ішкен адам айналасына былапыт, балағат сөздер айтып баршаның жиркенішін тудырады.
арақ- ішу еркекті белсіздікке ұрындырады;
арақ-ішу төрт мүшесі түгел адамды мүгедек, жарым-жан етіп, денсаулықтан айырады; арақ адамды жасынан бұрын қартайтады;
арақ-өсекғ өтірік,ғайбат айтқызады;
арақ-ішу жатып ішер жалқаулыққа душар қылады;
арақ-досқа-күлкі, дұшпанға-таба қылады;
арақ-ішу көз жанарынан айырылуға сеп болады;
арақ-ішкен жан дос пен дұшпанды ажырата алмайтын халге жетеді;
арақ-ішу кез келген жанның отбасын ойрандап, шаңырағын ортасына түсіреді;
арақ-ішу жетімдер мен жетесіз ұрпақты көбейтеді;
арақ-ішкен жанның басынан уайым-қайғы бұлты сейілмейді;
арақ-ішу төрдегі басты есікке сүйрейді;
арақ ішу жол апаттарының басты себебі;
арақ-ішу өнердің, ғылым-білімнің жарығын сөндіреді;
арақ-ішу кез келген адамды өз ұл-қызына, жарына жексұрын етеді;
арақ-ішу барлық дау-дамай, ұрыс-керіс, жанжалдың тамызығы;
арақ-ішу адамды - ұрлыққа итермелейді;
арақ-ішкен жан санасыз әрі сапасыз ұрпақтың дүниеге келуіне сеп болады;
арақ-ішкен адамның барлығы - жан-жарына азар беретін адамдар;
арақ-ішу адамға екі дүниеде де азап шектіреді;
арақ - ішу адамды отанына опасыздық жасауына дейін апаратын кесел;
арақ- баршаның түбіне жететін тажал;
Пайдаланылған әдебиеттер:
Апатқа апарар үш індет (темекі, арақ, есірткі)
Автторы: Н. Қайырмұхаммед
Көкжиек Алматы 2010

Iliasova_30.1975@mail.ru

Ұқсас жұмыстар
Денсаулық - салауатты өмір салты 3 сынып
Денсаулықтың достарын атап шық
Отбасым - қымбат қазынам
Тақырып Адам еңбекпен шыңдалады
Салауаттылық - өмір негізі. 9 сынып
Репродуктивті денсаулықты сақтау
Тақырып - Дені саудың - жаны сау
Ішкілік - жаман әдет
Сен кімсің
Салауатты өмір салтын сақтаймыз! 9-сынып
Пәндер