Тіс гигиенасы

Бекітемін: Келісемін: ӘБ отырысында қаралды:

Директор Оқу ісінің меңгерушісі: ӘБ жетекшісі:

Мұштанова Д. Ғ.

«___» «___» Хаттама №

«___»

«Адам анатомиясы мен гигиенасы»

факультатив курсының күнтізбелік жоспары.

Пән мұғалімі: Бердибекова. Ж. Ж.

2014-2015 оқу жылы

Түсінік хат

Адам- эволяциялық дамудың жоғарғы сатысы, жер бетіндегі тіршілік біткеннің иесі. Мұндай дәрежеге жетуге адам өзінің іс-әрекетімен ықпал жасады.

Адам бірте -бірте өзін қоршаған табиғаттың сан алуан құпия сырларын тани білді. Табиғаттың түрлі құбылыстарына бейімделіп, табиғатты өз мақсатына сай өзгертуді үйренді. Табиғат заңдылықтарын түсініп, білу арқылы өз ағзасын зерттеуге де көңіл бөлді. Соның нәтижесінде биологиялық ғылымдар қатарына жататын - анатомия, физиология және гигиена ғылымдары дамыды.

Адам өз денсаулығын сақтау үшін өзінің дене құрылысын, ондағы болатын құбылыстарды білуі қажет. Гигиена ережелерін мұқият сақтау- денсаулықтың кепілі.

Денсаулық -саулық кепілі. Денсаулық деп - адамның дене, психикалық және әлеуметтік саулығы, жоғары еңбек қабілеттілігі және әлеуметтік белсенділік жағдайын айтады. Әрбір адам бала кезінен өзінің және айналасындағы адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын болса, онда денсаулығын едәуір дәрежеде сақтап әрі нығайтып қана қоймай, ұзақ өмір сүрер еді. Адам қандай да бір іс -әрекет қылса, оның нәтижесі өзінің денсаулық жағдайынан көрініп отырады.

Қазіргі кезде медицинаның жетістіктері мен өмір сүру жағдайларының жақсаруына қарамастан ауру адамдардың саны әлі де көп. Әрбір адам денсаулықтың зор байлық екенін біледі. Адам денсаулығының жақсы болуы- шектелетін мәсәле емес, үздіксіз жүретін процесс. Адам саулығының жақсы болуы үшін 50% пайызы оның әлеуметтік жағдайы мен өмір салтына байланысты болады. Адам өз саулығы үшін өзі жауап беруге міндетті .

Сондықтан «Адам анатомиясы мен гигиенасы » факультатив курсының бағдарламасы оқушылардың адам денсаулығы және оның өмірдегі басты құндылықтары туралы білімдерін тереңдету мен кеңейтуге, тірі табиғат дүниесі мен өзін танып білуге деген құлшынысы мен қызығушылығын ояту, адам денсаулығын сақтайтын және бұзатын факторларымен, себептерімен терең таныстыруға мүмкіндік береді.

Курстың бағдарламасы адамның психикалық, дене және рухани саулығын сақтау үшін салауатты өмір сүру мақсатында құрылды. Оқушыларға кәсіби бағдар береді, теорияның практикамен тығыз байланыстылығын қамтиды, оқушы бойында практикалық іскерлік пен дағдыны қалыптастырады.

«Адам анатомиясы мен гигиенасы » факультатив курсы 8-сыныптарда 34 сағатқа есептелген. (аптасына 1 сағат) .

Ф акультатив курсының мақсаты :

  • адам организімінің қызметі мен құрылысы туралы білімдерін қалыптастыру;
  • адамның биологиялық және әлеуметтік мәнін түсінетін тұлға дайындау;
  • оқушының өз саулығын және салауатты өмір салтын сақтауда дұрыс көзқарасын қалыптастыру;
  • мектеп оқушыларын салауаттандыру;
  • дербес гигиенаға дағдыландыру арқылы санитарлық- гигиеналық білімдерін арттыру;
  • аурудың алдын алу, жарақаттанудан, тірек қимыл жүйесінің бұзылуынан, әртүрлі жұқпалы аурулардан сақтану.

Курстың міндеттері:

  1. Оқушыларға адам денсаулығының бұзылу себептері туралы білімдерін

тереңдету мен кеңейту.

  1. Оқушыларды денсаулықтарын сақтайтын факторлармен жете таныстыру.
  2. Салыстыру, талдау, қайталау мен қорытынды жасау дағдыларын дамыту.

Биологиядан факультатив курсын оқытудың негізгі

оқу- тәрбиелік міндеті:

  • Оқушылардың пәнге қызығушылығын және білім сапасын арттыру;
  • Оқушының дүниетанымын кеңейту;
  • Мектеп оқушыларын салауаттандыру және санитарлық гигиеналық білімдерін арттыру;
  • Кәсіптік бағдар беру;
  • Зертханалық, практикалық жұмыстарды орындау барысында теориялық білімдерін пайдалана білу;

Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар .

Оқушы білуі тиіс:

  1. Адамның сыртқы және ішкі құрылысын жете тануды
  2. Адам денсаулығының бұзылу себептерін.
  3. Адам денсаулығын сақтауға жағдай жасайтын факторларды.

Оқушы істей алуы тиіс:

- Салыстыру, талдау және қорытынды жасай білуі.

- Пікірталасқа қатысу, топпен жұмыс жасау және шығармашылық

іскерлігін дамыту.

- Презентация жасау және қорғау.

-газет- баспагерлік жұмыс дағдысын игеру.

Бақылау түрі:

  1. Тест жұмыстарын жүргізу.
  2. Салауатты өмір салтын сақтауға арналған презентациялар.
  3. Салауатты өмір салты жайлы қосымша материалдар
  4. Шығармашылық топтардың жұмыстарының қорытындысын

биологиялық газет түрінде шығару.

Күтілетін нәтиже:

  • Базалық білім негізінде оқыту үрдісінде ғылыми көзқарас қалыптасып, оқушылардың мәдени денгейі жоғарлап, жеке бастың жан- жақты дамуы тәрбиеленеді.
  • Оқушыларға кәсіптік бағдар беріп, мамандық таңдауға мүмкіндік береді.
  • Әр оқушы өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, аурудың алдын алу шараларын ұйымдастыра біледі.
  • Оқушының, жеке тұлғалық сипатын айқындау, оларды кәсіпалды дамыту, пән олимпиадасына қатыстыру, жоба қорғату, өзін - өзі бағалау.
  • Танымдылық іс - әрекеті, тапқырлығы артады, қызығушылығы оянады.
  • Жоғары деңгейдегі оқу дағдылары дамиды, ізденеді, ойларын жеткізеді.
  • Жаңа ұғымдардың мәнін дұрыс түсінеді, орынды қолдану біліктілігі артады.

Барлығы - 34 сағат, аптасына 1 сағат.

Тақырыбы
Сағат саны
Өтілетін күні
№:
Тақырыбы:

Кіріспе

Адам ағзасын зерттейтін ғылымдар мен зерттеу әдістері. Анатомия, физиология және гигиена ғылымдарының даму тарихы

Сағат саны:

1

1

Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы: Антропология
Сағат саны: 1
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы: Адам ағзасының жоғарғы сатыдағы жануарлардан (приматтардан) негізгі ерекшеліктері
Сағат саны: 1
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы: Цитология
Сағат саны: 1
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы: Адам жасушасының құрылымы мен химиялық құрамы
Сағат саны: 1
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы: Гистология
Сағат саны: 1
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы: Адам ұлпалары.
Сағат саны: 1
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы: Ішкі мүшелердің топографиясы
Сағат саны: 1
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы:

Он екі мүшең сау болсын. .

Мүшелер мен мүшелер жүйесі.

Сағат саны: 1
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы: Адам ағзасындағы жеке мүшелер жүйесі
Сағат саны: 12
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы: Эндокриндік жүйе. Эндокринология.
Сағат саны: 1
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы:

Эндокриндік жүйесі мүшелерінің

қызметтерінің бұзылуынан болатын ауытқулар

Сағат саны: 1
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы: Жүйке жүйесі . Неврология.
Сағат саны: 2
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы: Адамның жүйке жүйесінің гигиенасы.
Сағат саны: 1
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы: Ми- сенің тұлғаңды қалыптастыратын мүше.
Сағат саны: 1
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы: Сенсорлық жүйе.
Сағат саны: 1
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы:

Бес сезім. . .

Гигиеналық ережелері мен аурулары, олардың себептері мен аурудың алдын алу шаралары.

Сағат саны: 1
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы: Био-сынақ ( тест жұмыстарын жүргізу)
Сағат саны: 1
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы: Тірек -қимыл жүйесі.
Сағат саны: 3
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы: Адам қаңқасы. Жануарлар мен адам қаңқаларының ұқсастығы мен ерекшелігі
Сағат саны: 1
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесі мүшелерінің аурулары мен гигиенасы (сколиоз, жалпақтабандылық) Гиподинамияның салдары
Сағат саны: 1
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы: Адам ағзасының ішкі ортасы
Сағат саны: 5
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы: Қан аурулары.
Сағат саны: 1
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы: Иммундық жүйе-ағзаның қорғаныш қамалы.
Сағат саны: 1
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы: Сенің аллергияң бар ма. . . ?
Сағат саны: 1
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы: ЖИТС және алдын алу шаралары
Сағат саны: 1
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы: Тестік тапсырмалар, презентациялар, топтық шығармашылық жұмыстар, газет шығару қорытынды сынақ.
Сағат саны: 1
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы: Жүрек және қан тамыр жүйесі. Кардиология
Сағат саны: 1
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы: Жүрек- қан тамыры ауруларының алдын алу және гигиенасы
Сағат саны: 1
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы: Тыныс алу жүйесі
Сағат саны: 1
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы: Тыныс алу жүйесі мүшелерінің аурулары мен гигиенасы
Сағат саны: 1
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы: Асқорыту жүйесі
Сағат саны: 3
Өтілетін күні:
№:
Тақырыбы:

Ұқсас жұмыстар
Гигиена және біз
Сілекей бездері
Қаназдық ауруы
Ұзартқын келсе ғұмырды, таста шылым мен арақты
Қыз бала кісінің кісісі
ПАЙДАЛЫ ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ ТАҒАМДАР
Оқушыларды сыни ойлауға жетелеу жолдары
Шылау. Адамның дене мүшелері
Туған жердің табиғаты
Сабақ мақсаттары. Тамақтану гигиенасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz