Қарттарым - асыл қазынам: Қарттар күнін атап өтуге арналған ашық тәрбие сағаты

Қазақстан республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы «Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар №15 жалпы білім беретін орта мектеп» ММ Аты-жөні: Садыкова Гульнар мамандығы: информатика пән мұғалімі; ашық тәрбие сағаты: «Қарттарым - асыл қазынам» 7 «А» сынып
«Қарттарым - асыл қазынам»

Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт - дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Проектор, слайдтан суреттерді көрсету, шарлар т. б

Б а р ы с ы

Кіріспе: (Слайд көрсету) күй фонында:

Жүргізуші Алпамыс:

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Қарттарым - асыл қазынам» шарасына қош келдіңіздер!

Жүргізуші Алпамыс:

Көп жасаған қария-

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі - соқпақ, сөзі - нәр.

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Жүргізуші Алпамыс:

Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Енді міне, алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда.

Жүгізуші қыз:

Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. - дей келе 7 «А» сынып оқушысы Жарылгасынова Роза әнін қабыл алыңыз! Қошеметтеп қарсы алыңыздар!

Ән:

Жүргізуші Алпамыс:

Қайраты мықты, қажымас өжет,

Гауhары ғажап қарттарым менің.

Еліне ерен сіңірген еңбек,

Сарқылмас байлық бағалы кенім.

Жүргізуші Диана:

Қазына қарттар тарихсың,

Жастарға қамқор мәртебең тиіп.

Жүре бер қартым ортада бүгін,

Жадырап жаның, жайраңдай күліп. - деп 7 «А» сынып оқушыларына тақпақ айтуға жол берейік.

Әсем:

Қызық қайда, күн қайда мол шуақты,

Өткен жылдар қояды зор сұрақты.

Таяғына сүйеніп жүреді шал,

Алған сыйы өмірден сол сияқты.

Диана:

Үлкен сыйлау жасымнан әдет маған,

Сәлем берем осынау қарияға.

Көрмей кетсем өкпелеп қала ма деп, -

Бұл өмірде жүргендей тұз арқалап.

Гүлшат:

Ашылмайды өмірде мұзарт қабақ,

Менің жігіт шағыма қызыққандай

Тұрады ол соңыма ұзақ қарап,

Желдей зулап таяқты кететіндей.

Самал:

Соңыма мен бұрылмай тарта берем,

Мені қуып бұл қарттық жететіндей.

Абырой амандығын арта берсін

Бақ даулет қызығымен қатар берсін.

Көркем:

Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп

Таусылмас дәм - тұзыңды тата берсін

Тыныштық елімізге бере берсін

Момилық жерімізге ене берсін

Соғыстан ел жұртымыз аман болып,

Қызығын бейбіт өмір көре берсін.

Нұрсұлтан:

Қарттарым Сіздерге Алла саулық берсін,

Денсаулық ауыз бірлік бола берсін

Тап-таза абыройлы болғаныңды

Қазіргі ел билеген жастар көрсін.

Ару:

Кең құшағы саялы Қаратаудай

Алақаны аялы Алатаудай

Әңгімесін иыңдасаң қарттарымның

Көңілің жәй тауып бір қалатындай.

Асқар:

Ақсақалдар сарқылмас дариялар,

Әр сөзінен көңілге бақ ұялар.

Сіздерді құрметтейміз, қадірлейміз

Аяулы ардагерлер, қариялар!

Жүргізуші Алпамыс:

Жылынып жер көктейді,

Нұрын жиып әлемнің

Әлі есімнен кетпейді,

Құшағы ыстық әжемнің.

Жүргізуші Диана:

Неменеге жетістің бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр.

Бірі мініп келместің кемесіне

Бірі күтіп әнеки, жағада тұр, - деп Альбинаның орындауында «Елігай» қобыз тартады.

Ән:

Жүргізуші Алпамыс:

Сендерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Аталар мен апалар! - келесі ойынымыз шарты үлкендерді құрметтеуге арналған қандай мақал - мәтел білесіңдер?

Жүргізуші Диана:

Оқушылар жауабы тыңдалады:

Диана: Үлкенге үнемі (сәлем) бер.

Алпамыс: Үлкенге қарсы (шықпа)

Диана: Үлкеннің батасын қабыл (ал) .

Алпамыс: Атаға бөлінгендер адыра қалады.

Көпті қорлаған (көмусіз) қалады.

Диана: Үлкен кісіні (ренжітпе) .

Алпамыс: Ауылыңда қария болса,

Жазып қойған хатпен (тең) .

Диана: Кәрі келсе асқа,

(Жас) келсе іске.

Алпамыс: Кәрі, кәрінің (сөзі) - дәрі.

Диана: Ақылды (қария) - ағып жатқан дария.

Алпамыс: Кәріліктің алды, (жігіттіктің) соңы.

Диана : «Қарттардың адамдық осалдықтарына кешірімді бола (біліңдер) »

Алпамыс: «Жақсы үлкенді қадірлесе - (құт болар) . »

Диана: «Кішілік пен (кісілік) - ұлылықтың белгісі»


Ұқсас жұмыстар
№102 орта мектептің 3-сыныпқа арналған ашық тәрбие сағаты: Қарттарым - асыл қазынам (1 қазан, Қарттар күні)
Қарттарым - асыл қазынам: Қарттар күніне арналған мектептік тәрбие және мерекелік бағдарлама
Қарттарым - асыл қазынам: құрмет пен ұлттық тәрбие
Қарттарым - асыл қазынам: ұлттық тәрбие және үлкендерді қадірлеу
Қарттарым асыл қазынам - Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжіндегі тәрбие сағаты
Ата салтым - асыл қазынам: ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрлерді меңгертуге арналған ашық тәрбие сағаты
Ата салтым - асыл қазынам: 6-сыныпқа арналған тәрбие сағаты
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған тәрбие сағаты: Жамбыл жырлары - асыл қазынам
3-сыныпқа арналған ашық тәрбие сағаты: Мейірімділік - асыл қасиет
8-сыныпқа арналған тәрбие сағаты: Отбасым - қымбат қазынам
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz