Нанның даладан дастарханға дейінгі өндірісі және мәдени-тәрбиелік маңызы

Нан дастарханға қалай келеді

Cабақтың тақырыбы: «Нан дастарханға қалай келеді»
Сабақтың мақсаты: Балаларды айналадағы дүниемен таныстыру. Балаларға нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру. Сондықтан нанды қастерлеу, жерге тастамау керектігін білдіру.
Еңбек адамын құрметтеуге баулу.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, сурет арқылы баяндау, мәнерлеп оқу.
Сөздіктер: Диірменші, қырманшы, элеватор, наубайхана, наубайханашы, алтын астық, алтын дән, диқаншы
Көрнекіліктер: Фото - сурет, «Егін орағы», «Көктемгі егіс алқабы» «Нан өмір тірегі», «Тұқым себу»«Колхоз даласында», «Элеватор», «Наубайхана»

Сабақ барысы: 1. КІРІСПЕ БӨЛІМ. Әңгіме - сұрақтар
а) Бүгін аптаның қай күні, балалар?
- Жұма
ә) Жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі
б) Күзде қандай өзгерістер болады?
- Жапырақтар сарғайып жерге түседі, жеміс пен көкөністер піседі, жауын - шашын басталады, күн салқындайды
в) Нанды қайдан аламыз?
- Дүкеннен
«Дастархан» әні орындайтын Аманат пен Асылай
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы нанның бірнеше түрі бар екенін: ақ бөлке, қызыл күрең тоқаш та, сап - сары бауырсақ та, батон да бар екен. Ал осы нандарды неден пісіреді?
Балалар:- ұннан
Тәрбиеші:- Енді сол ұн қайдан шығады соны білесіңдер ме? Бүгінгі сабақта біз ұнның қайдан шығатынын, нанның дастарханға қалай келетіндігін білетін боламыз.
Айнұр: Нан анасы - бидаймын
Елге астық сыйлаймын
Дәнім толып піскенде
Қауызыма сыймаймын.
Медина: Күміс мұртты арпамын
Ырыс - құтты арпамын
Еңбек етіп, баптаған
Еліме сый тартамын.
Асылай: Ақ, қарамын, сарымын
Мен өнімді тарымын
Халқым еңбек сіңірсе
Қайтарамын қарымын
Мансур: Мен сұлумын ұланның
Тұлпарына ұнадым
Баптаған әр диқанға,
Басымды иіп тұрамын.

«Қамажай» биі - Мадина - Асылай - Назерке
Тәрбиеші: Мынау бидай масағы, мынау бидайдың ұзын сабағы, ал мынау мұртшалары. Егер мына бидайдың сыртындағы қауызын аршитын болсақ ішінен мынадай бидай шығады. Ол дәнді
ұнтақтаса ұн пайда болады. Балалар нан туралы қандай ырымдар білесіңдер.
Манас: Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан - дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтан да дастарханға алдымен нан қойылады. Жерде жатқан нан болса алып, адам баспайтын жерге қою керек.
Мадина: Таңертең нан ауыз тимей үйден шығуға болмайды. ”Асығыспын нан ауыз тиейін», «Ең құрыса нан ауыз ти» - деген сөздер бекер айтылмаған.
Аманат: Нанды төңкеріп қоюға болмайды. Нан - қасиетті дәм, онымен ойнауға болмайды. Нанды бір қолымен сындыруға болмайды. Кемтар адам ғана нанды бір қолмен сындырады.

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
а) фото - сурет «Көктемгі егіс алқабы»
Тәрбиеші: Бұл суретте не көріп тұрсыңдар. Жылдың қандай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі. Көктемгі егіс алқабы.
«Ақ бидай»әні орындайтын Мадина мен Жетіс

Тәрбиеші:- Балалар нанның қалай жасалатын жолын мына суретке қарап айтайықшы. Көктемде диқаншылар егін саласына сепкен тұқымы жаздай өсіп, масақ бастары дәнге толып күзде
сары алтындай жайқалған алқапқа айналады. Сол кезде егіс даласына комбайндар шығады. Комбайн егін орады, жинайды, бастырады. Бастырылған дән комбайнның жанына жүк машинасы келеді. Арнаулы тетік комбайн өңеші арқылы қауызынан аршылған дән машина қорабына құйылады. Машина астықты тиеп алып, қырманға әкетеді, қырманда астықты тазалап, кептіреді. Содан соң барып элеваторға жөнелтеді. Элеватордан астықты қажет кезінде диірменге жібереді, диірменшілер оны тазартып, ұн жасайды. Ұнды нан пісіру үшін наубайханаларға жібереді. Наубайханадан наубайханашылар нан пісіреді де, оны дүкендерге жібереді екен.

Жанетта: Көктемде егін егетін,
Күзде жинап беретін.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.
Жетіс: Ел егінді жинайды
Қырманға дән сыймайды
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
Шыңғыс: Астық - дала сәулетті
Астық - Отан дәулетті
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала«Айгөлек»биі - Мадина - Асылай - Медина
Балалар жаттығу жасайды:
- Жау, жау жаңбыр жау жаңбыр,
Егінге сән жауған нұр.
Тоқаш, бөлке көп болар
Тәттіге жұрт тоқ болар.

3. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ. Пысықтау
- Балалар біз есімізге түсірейікші ақ бауырсақ, тәтті тоқаш, батондар біздің


Ұқсас жұмыстар
Нан - дастархан байлығы: өндірісі мен тәрбиелік маңызы
Нанның дастарханға келу жолдары: бастауыш сыныптарға арналған сабақ жоспары
Ас атасы - нан: дәннен дастарханға дейінгі өндірістік процесс және еңбекке тәрбиелеу
Бесікке салу дәстүрінің тарихи, тәрбиелік және мәдени маңызы
Ашық тәрбие сағаты: Салт-дәстүрдің тәрбиелік және мәдени маңызы
Түйір нан - тамшы тер: нанның түрлері, ұлттық құндылығы және тәрбиелік сағат (9-16 жас)
Көркем өнердің тарихи-мәдени маңызы мен тәрбиелік рөлі
Қазақтың киелі сандары: жеті санының мәдени-тарихи және тәрбиелік маңызы
Туғаннан ұзатуға дейінгі қазақ отбасылық салт-дәстүрлері және тәрбиелік маңызы
Ана тілім: мемлекеттік тілдің абыройы мен тәрбиелік-мәдени маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz