9-сынып физика сабағы: математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері

Физика пәні мұғалімі Садыкова Эльмира Тулегеновна

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы

№ 20 жалпы орта білім беретін мектеп

Физика - 9 сынып

Сабақ тақырыбы : Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері.

Сабақ мақсаты: Білімділік: Математикалық және серіппелі маятник тербелістері, оның тербеліс периодтарының қандай шамаларға тәуелді екендігін түсіндіріп, есептеу формуласын тұжырымдау.

Дамытушылық: Оқушының логикалық ой - өрісін дамыту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, өз бетімен жұмыс жасауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу, жауапкершілігін арттыру.

Сабақ түрі : жаңа мағлұмат беру

Сабақ әдісі : оүөж, топтық жұмыс, өз бетімен жұмыс

Сабақ көрнекілігі : интерактивті тақта, электронды оқулық, математикалық және серіппелі маятник

Сабақтың кезеңдері :

І. Ұйымдастыру . (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын

тексеру, назарларын сабаққа аудару. )

ІІ. Менің үйдегі дайындығым. Үй тапсырмасын тексеру.

Ауызша мына сұрақтарға жауап беру.

ІІІ. Еске түсірейік! Мен оны білемін . Өткен тақырыптарға шолу жасап,

қайталау.

IV. Ақпараттық бөлім . Жаңа тақырыпты түсіндіру.

«Не нәрсені білмейтінімізді білгеннің өзі - білім» Конфуций.

Есте сақта! Тербелмелі процестер жүзеге асатын құрылғылар тербелмелі жүйелер деп аталады. Қарапайым тербелмелі жүйе түрлері - математикалық және серіппелі маятник.

Тақырып эксперимент және электронды оқулықпен түсіндірілді.

V. Өз мүмкіндігіңді көрсет . ҮӨОЖ . Оқулықпен жұмыс.

І - деңгей. 22 жаттығу (1) ІІ - деңгей. 22 жаттығу (2)

ІІІ - деңгей. 23 жаттығу (1)

VI. Тапқыр болсаң тауып көр . Ой қозғау . Логикалық сұрақтар.

1) Жер беті мен Ай бетінде ұзындықтары бірдей математикалық

маятниктің қайсысы бірдей уақыт ішінде көп тербеліс жасайды?

Себебін түсіндір.

2) Эксперименттік сұрақ: Ұзындықтары әр түрлі екі маятник берілген.

Қай маянтиктің бірлік уақыт ішінде тербеліс периоды көп? Себебін

түсіндір. Соңынан жауабын эксперимент түрінде көрсету.

VII. Қысқаша тест . Өз бетімен жұмыс. ОЖСБ - ға дайындық.

Activote - мен. Нәтижесін компьютер өзі сол бойда береді.

VIII. Мен бүгін не үйрендім . Топтық жұмыс. Сынып оқушыларынының

санына қарап оқушылар 7 топқа бөлінді. Жауап коды берілді. Сол

бойынша сәйкес әріпті атайды. Сол әріптер бойынша өлең шумағы

аяқталады. (ҚР - ның тәуелсіздік күнімен байланыстыру)

Өзіңдікі Елің де, Өзіңдікі Жерің де, Жаса, Қазақстаным,

Тәуелсіздік төрінде !

Тапсырмасы: Оқушылар деңгейіне қарай дайындалды.

1 - топ . Тербеліс периоды 2 Гц. Тербеліс периоды неге тең?

А) 2 с В) 0, 2 с С) 0, 5 с

2 - топ. Математикалық маятниктің еркін түсу үдеуі 4 есе кемісе, тербеліс

периоды қалай өзгереді?

А) 2 есе кемиді В) 2 есе артады С) өзгермейді

3 - топ . Тербеліс периоды 500мс. Тербеліс жиілігі неге тең?

А) 2 Гц В) 1 Гц С) 0, 5 Гц

4 - топ . Серіппелі маятниктегі жүк массасын 9 есе арттырсақ, тербеліс жиілігі қалай өзгереді?

А) 3 есе артады В) 3 есе кемиді С) өзгермейді

5 - топ . Математикалық маяниктің тербеліс периоды 4есе артуы үшін, оның

ұзындығы қалай өзгеру керек?

А) 2 есе артады В) 16 есе кемиді С) 16 есе артады

6 - топ . Серіппелі маяниктің тербеліс периоды 5 есе артуы үшін оның массасы неше есе өзгеру керек?

А) 25 есе кемиді В) 25 есе артады С) 10 есе артады

7 - топ . Математикалық маятниктің амплитудасын 2 есе арттырсақ, оның

тербеліс периоды қалай өзгереді?

А) өзгермейді В) 4 есе артады С) 4 есе кемиді

ЖАУАП КОДЫ : 1 - Т , 2 - Ө , 3 - Р , 4 - І , 5 - Н , 6 - Д , 7 - Е

Топтық жұмыс тапсырмаларының жауап коды: (бәріне беріледі)

жауап
1 - топ
2 - топ
3 - топ
4 - топ
5 - топ
6 - топ
7 - топ
жауап: А
1 - топ: О
2 - топ: М
3 - топ: Р
4 - топ: И
5 - топ: Ч
6 - топ: Й
7 - топ: Е
жауап: В
1 - топ: С
2 - топ: Ө
3 - топ: К
4 - топ: І
5 - топ: Ш
6 - топ: Д
7 - топ: Ф
жауап: С
1 - топ: Т
2 - топ: Л
3 - топ: Д
4 - топ: Б
5 - топ: Н
6 - топ: У
7 - топ: Ж

Топ номері мен жауаптың қиылысуынан шыққан әріпті атаңдар.

IX. Қортындылау. Бағалау .

X. Үйге тапсырма беру . П. 27. 22 жаттығу (3, 4, 5)


Ұқсас жұмыстар
Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері
Математикалық және серіппелі маятниктер: тербелістер мен периодты анықтау
9-сынып физикасы: №6 практикалық жұмыс - әртүрлі маятниктердің тербеліс периоды (қысқа мерзімді жоспар)
9-сынып физика сабағы: Қайталау мен қорытындылау (сайыс сабақ, деңгейлеп дамыта оқыту)
9-сыныпқа арналған билингвальді физика сабағы: Энергия және оның түрлері
9-сыныпқа арналған физика сабағы: Ньютонның екінші заңы және масса
Математикалық маятниктің тербелісі: физика пәнінен сабақ жоспары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 7-9 сыныптарға арналған Физика оқу бағдарламасы (Астана, 2010)
Тапқыр достар: 9-сыныпқа арналған математикалық интеллектуалдық ойын сабағы
10-сыныпқа арналған таңдау курсы: Физика және эксперимент (жаратылыстану-математикалық бағыт)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz