Бүгінгі біздің сайысқа қош келдіңіздер

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей көп салалы колледжі
Дайындаған:Қоғамдық пәндер
оқытушысы Байболов. Ж. Ж
Семей 2014ж
“ Қазақстан - бейбітшілік пен келісім жері” зияткерлік сайысы
Мақсаты:
-
Білімділік:
оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;
-
Дамытушылық:
ізденімпаздық, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
-
Тәрбиелік:
оқушыларды ұйымшылдыққа, жаратылыстану пәндеріне қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: безендендірілген зал, нақыл сөздер, слайдтар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Негізгі бөлім:
Жүргізуші: -Армысыңдар, бүгінгі “ Қазақстан - бейбітшілік пен келісім жері” атты сайысға жиналған қауым! Бүгінгі біздің сайысқа қош келдіңіздер
Алдымен сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізді таныстырып өтейік.
Бүгінгі сайысымызға 5 оқушы қатысады.
Зияткерлік сайысымызды бастамас бұрын сайыс шарттарымен таныстырып өтейік
Сайыс шарттары:
- Бәйге. Бұл кезеңде әр ойыншыға жеке алдын ала дайындалған 4 сұрақтан қойылады. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 10 ұпай беріледі. Ойлануға 10 секунд уақыт беріледі. Әр тур сайын ұпай саны аз оқушы ойыннан шығып отырады
2. «Терминдер». Әрбір оқушыға тарих ғылыма байланысты 3 терминдер оқылады. Ол терминдерге анықтама берілуі керек. ( Толық жауапқа 10 ұпай
3. Сиқырлы ұяшықтар. Қатысушыларға әр салалардан 10, 20, 30, 40, 50 ұпайлық сұрақтар ұсынылады. Белгіленген блок бойынша ойыншы сұрақты және ұпайды өзі таңдайды. Таңдау кезеңі ұпайы көп оқушыға беріледі. Сұраққа жауап бере алмаса, жауап беру құқығы қарсыластарына беріледі.
Екі кезең барысында барынша көп ұпай жинаған 2 оқушы 4-ші кезеңге шығады.
4. «Қазақстан әлемдік қауымдастықта» Бұл кезеңде таңдау кезеңі ұпайы көп оқушыға беріледі., берген жауап дұрыс болмаған жағдайда, қарлыластары да өз жауаптарын айтуына болады.
Жүргізуші: Бүгінгі ойынымызға әділ баға беретін әділ қазылармен таныс болыңыздар:
1.
2.
3.
1. Бәйге. Бұл кезеңде әр ойыншыға жеке алдын ала дайындалған 4 сұрақтан қойылады. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 10 ұпай беріледі. Ойлануға уақыт беріледі.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.
1-ойыншы:
1. Қазақстан Республикасының контитуциясы неше баптан тұрады /98 /
2. Елімізде ұлттық валюта-теңгені айналысқа енгізу туралы жарлыққа қашан қолылды? /1993ж 15 қараша/
3. Грек тілінен аударғанда “халық билігі” деген мағына беретін сөз / демократия/
4. Қазақтан шыққан тұңғыш грек-рим (француз) күресінің шебері, әлем чемпионы /Қажымұқан/
2-ойыншы:
1. Қазақ елінің дарынды күйшісі, “Кісенашқан”, “Көбікшашқан”, “Кішкентай” күйлерінің авторы/ Құрманғазы
2. “Мыңжылдық Адамы” атағы берілген ұлы қолбасшы, жиһангер, империя әміршісін атаңыздар /Шыңғыс хан/
3. Қазақстан Республикасында Тілдер Күні мерекесі қашан тойланады? 22 кыркүйек
4. Жоңғарлармен шайқаста қаза тапқан уақ руының батыры, М. Жұмабаевтың поэмасының кейіпкері / Баян батыр/
3-ойыншы
1. Рейхстагқа ең алғаш ту тіккен қазақ жауынгері кім ? Р. Қошқарбаев
2. Металл ақшалардың айналымын, тарихын зерттейтін ғылым саласы нумизматика
3. 2010-шы жылы жүз жылдығы тойланған қазақ батырын, жазушысын атаңыздар. Б. Момышұлы
4. Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен қазақтың ұшқыш қызы/ Х. Доспанова
4-ойыншы.
- Алаш партиясының көсемі, ұлт зиялысы, қоғам қайраткері. Ә. Бөкейхйханов
- Қазақ шежіресін хатқа түсірген ақын, ғұлама ғалым /М. Ж. Көпеев
- Қазақстандағы қола дәуірінің мәдениетін зерттеуде өлшеусіз еңбек сіңірген жерлес археолог ғалым/Ә. Марғұлан
4. «Невада-Семей» антиядролық, экологиялық қозғалысының жетекшісі? О. Сүлейменов
5-ойыншы.
1. Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жоғары оқу орындарынан қанша студент оқудан шығарылды? 246 студент
2. Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін өлім жазасына кесілген жігерлі жас, жалынды ақын? Қ. Рысқұлбеков
3. Желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға қарсы коммунистік әкімшіліктің ұйғаруымен жасалған құпия жедел жоспар қалай аталады? «Бұрқасын-86»
4. 1989 жылдың 28 ақпанында бой көтерген антиядролық, экологиялық қозғалыс? /Невада-Семей
2тур «Терминдер». Әрбір оқушыға ғылым салаларына байланысты терминдер беріледі. Ол терминдерге анықтама берілуі керек.
1. Басқақ - Алтын Орда дәуіріндегі, жаулап алынған мемлекетіндегі салық жинаушы.
2. Гуньмо - үйсін басшыларының лауазымы.
3. Жабғу - қаңлылардың билеушісі
4. Түмен - мыңдықтан құрылған әскери-әкімшілік бірлік.
5. Шаньюй - ғұн билеушісінің лауазымы.
6. Шахристан - қала билеушілері, ақсүйектер мен діни қызметкерлердің тұрағы
7. Рабад - қаланың қолөнершілері мен саудагерлері тұратын бөлігі
8. Cардар - қолбасшы деген сөз
9. Қорамсап - садақтың жебесі салынатын қорап.
10. Жылнамалар - уақиғаны болған жылы бойынша баяндайтын ортағасырлық жазба деректер
11. Баһадүр - түркі дәуіріндегі әскери өнерді мегерген, өзінің жеке басы арқылы соғыс кезінде ерлік көсеткеткені үшін берілетін атақ.
12. Геральдика - елтаңбаларды зерттейтін ғылым
3 тур. Сиқырлы ұяшықтар. Қатысушыларға биология пәнінің салаларынан 10, 20, 30, 40, 50 ұпайлық сұрақтар ұсынылады. Белгіленген блок бойынша ойыншы сұрақты және ұпайды өзі таңдайды. Таңдау кезеңі ұпайы көп оқушыға беріледі. Сұраққа жауап бере алмаса, жауап беру құқығы қарсыластарына беріледі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz