Бекет кезеңі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Физикалық интеллектуалдық
сайыс.
Тақырыбы:
«Физика біздің болашағымыз»
Пән мұғалімі: Бакирова А. Т.
2012-2013 оқу жылы.
Тақырыбы: “ Физика біздің болашағымыз ”
Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, пән бойынша алған білімдерін қорытындылау, тәлім-тәрбиесін, танымдық қабілетін, ой-өрісін кеңейту, белсенділігін арттыру. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекілігі: компьютер, слайдтар, активстудио.
Кештің жоспары
- Ашылуы.
- Қатысатын оқушыларды екі топқа бөлу. Әділ қазыларды сайлау.
- Топтар жарысы.
- Жарыс шарттарымен таныстыру.
- Қазылар алқасының қорытындысы.
І. Ашылуы.
Мұғалім: Қайырлы кеш қадірменді оқушылар, ұстаздар! Баршаңыз да « Физика біздің болашағымыз » атты кешке қош келдіңіздер! Халқымызда жақсы бастама жалғасын тапса, сәтті болғаны деп жатады ғой. Ендеше, бүгінгі күн көпшілік қатысып отырған көңілді топтар сайысы сіздердің көңілдеріңізден шығып, қуанышқа бөлесе, жарқын бастамаға ұйытқы болған біздер де қуанарымыз әбден анық.
ІІ. Топқа бөлу. Әділ қазыларды сайлау.
Балалар, біз бүгін сіздермен « Физика біздің болашағымыз » атты ойын-сайысын екі топқа бөлініп өткіземіз. Алдымен топқа бөлеміз. Одан кейін мен сіздерге жұмбақ жасырамын, соның шешімін тапқан топ сол атқа ие болады.
1. Құрметтейік ғалымды, Қасына емес басына,
Ғылымды алға жылжытқан. Алма түсіп қасына,
Инерция құбылысын Тартылыс заңын таптым деп
Айтшы, достар, кім ашқан? Кетті ғалым асыға
(Галилео Галилей) (Исаак Ньютон)
ІІІ. Топтар жарысы.
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты ол
Еңбектену жалықпау
Сәт - сапар тілеп бәріңе
Сайысты енді бастайық
Сайыс мынадай белестерден тұрады:
1. «Өткел» кезеңі
2. «Белес» кезеңі
3. «Бекет» кезеңі
4. »Асу» кезеңі
5. «Серпілу» кезеңі
6. «Жерұйық» кезеңі
Ойынның алғашқы “Өткел” кезеңінде топтар өздерін таныстырады.
“БЕЛЕС ” кезеңінде сұрақ алдымен топ басшыларына қойылады.
“ Галилей ” тобына
- Молекулалары бей - берекет үлкен қозғалыста болатын заттың агрегаттық күйі( газ)
- Физика гректің қандай сөзінен шыққан?( табиғат)
- Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы. (телескоп)
- Тығыздықтың өлшем бірлігі(кг\м3)
- Сандық мәнімен бірге бағыты да көрсетілген қандай физикалық шаманы ата(күш)
- Ғылыми деректермен негізделген жорамалқалай аталады? (болжам)
“ Ньютон ” тобына
- Дене молекулалары бір-біріне жанасқан кезде өз-өзінен бір-біріне ену құбылысы қалай аталады. (диффузия)
- Жұлдыздар жүйелері шоғырларын не деп атайды?(галактика)
- Массасы 1кг отын түгел жанғанда қандай жылу мөлшері бөлініп шығаттынын көрсететін физикалық шаманы ата(отынның меншікті жану жылуы)
- Физикада «бірінші ұстаз» атанған ғалым (Аристотель)
- Үйкеліс күшінің формуласын ата?
Заттың қандай агрегаттық күйлері болады? ( қатты, сұйық, газ тәріздес) .
“Бекет” кезеңінде сұрақтар топқа қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Қосымша көмек алса, ұпай саны кемиді. Сұрақты қиынсынса және қарсыластары жауап беруге ынта танытса, жауап беру кезегін қарсыластар кезегіне беруге құқы бар. Бұл жағдайда ұпай қарсыластарына жазылады. Егер топ кезегін бермей өздері жауап беріп, олары дұрыс болмай шықса, тиесілі ұпайлары жинаған ұпайларынан алынып тасталады.
«Шерлок Холмс» деп аталады. Шерлок Холмс өте білімді, байқағыш және ойшыл адам болған. Сонымен бірге, Осы сайыс кезінде ол кісінің «физик» болғанына көздеріңіз жетеді.
Жарыс шарты:
Әрбір сұраққа жауап беру алдында ұпайды таңдап алады (10-20 ұпай қағазға жазып көрсетеді) . Дұрыс жауап бергенде таңдап алынған ұпай жалпы ұпайға қосылады, егер жауап дұрыс болмаған жағдайда таңдап алынған ұпай жалпы ұпайдан шегеріледі.
1-сұрақ:
Қыс мезгілі болатын. Шерлок Холмс даладан бір үйге кіреді. Қырау басқан терезенің саңылауынан жолдың бір шет ғана көрінеді. «Мына үйдің қызы жалқау екен»-деп ойлапты. Неліктен ол мұндай ойға келді?
Жауап. Ол үйдің терезесін қырау басып тұр. Онда, терезе жақтауларының аралығына тесіктер арқылы бөлмеден жылы дымқыл ауа кіріп, суық ауамен жанасқанда терезеге қатып қалады. Бұдан шығатын қорытынды, терезе дұрыстап жылыланбаған.
2-сұрақ:
Бір үйге келген Шерлок Холмс, үй иелерімен әңгімелесіп отырып, бірер минуттан кейін ол: «Сіздің ас үйіңізде шәйнек қайнап жатыр»-деген екен. Оның отырған бөлмесінен ас үй көрінбеген, онда ол мұны қайдан білді?
Жауап. Әдетте шәйнек қайнағанда қақпағы бүлкілдеп тұрады, оның қозғалуы ішіндегі су қайнап бу түзілген кезде қысымы артады да, ол қақпақты көтеріп жібереді, қақпақ ашылғанда бу сыртқа шығып, іштегі қысым азаяды, қақпақ орнына түседі, сол кезде дыбыс шығарады. Процесс осылай жалғаса береді.
3-сұрақ:
«Құймақ ыстық кезінде ғана тәтті»-дейді Шерлок Холмсты ас ішуге шақырған аспазшы, - «Олар көпке дейін ыстық болып тұруы үшін, мен құймақ салынған табақты металл подносқа салып қоямын»-депті сөзін жалғастырған аспазшы. «Одан да құймақты ағаш подносқа салған дұрыс болар», -деп Шерлак Холмс кеңес беріпті. Бұл кеңесінің астарында не жатыр?
Жауап. Ағаштың жылуөткізгіштігі металға қарағанда аз болады. Сондықтан ағаш подноста табақ баяу суйды.
4-сұрақ:
Шерлок Холмс түскен үйдің иесі, есікке барып, ішке мысықты кіргізеді. Мысықты көрген, Шерлок Холмс «Сыртта ауа-райы суық екен», -дейді. Ол мұны үйде отырып қалай білді?
Жауап. Мысықтың жүніне қарап анықтаған. Суық күнде мысықтың жүні әдеттегіден де қобырайып үлпілдеп тұрады, оның әр талының аралығында көбірек ауа болады, ол жылуды нашар өткізеді.
“ Асу” кезеңінде сұрақтар барлық топ ойыншыларына қойылады. Сұрақтары топ капитаны алдарына ілінген ұяшықты терезелерден өздері таңдайды. Әр топқа екі сұрақтан қойылады. Осы кезең соңында жинаған ұпай сандарымен жеңімпаз топ анықталады.
- Ғалым туралы
А) Негізгі сұрақ. Ғалымға Герон патшасы алтын тәж жасаған ұстаның адалдығын сынауды тапсырған. Тәжді бұзбай - жармай ішінде қоспасы бар - жоғын білуді ұсынған. Бір жолы моншаға барып, толтыра су құйылған ваннаға түскен, су жартылай төгілген, сонда оның ойына мәселенің шешуі келген. Ол қуанғаннан “Эврика! Эврика!” деп айқайлап жіберген. Тәждің салмағын ауада, суға батырып өлшеген. Аңыз бойынша тәж затының тығыздығы таза алтынның тығыздығынан кем болып шықты. Ұстаның өтірігі әйгіленіп, ғалым тамаша табысқа ие болған. Бұл сұрақ бойынша қай ғалым туралы айтылады?
Қосымша көмек : Өзінің туған қаласын Сиракузды қорғау үшін әскери машина ойлап тапты. Ол маған тіреу нүктесін беріңдер, Жер шарында орнынан қозғалта аламын.
Жауабы: Архимед (б. з. б. 287 - 212) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz