Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бала тілегі

Ақтөбе облысы

Мұғалжар ауданы

Саға негізгі мектебі
математика және
информатика пәні мұғалімі
6-
сынып жетекшісі

Сабақтың тақырыбы: «Үш пәледен аулақ бол!..»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға денсаулықтың қымбаттылығын, өмір сүру
қажеттілігінің бағалы байлық екенін түсіндіру. Денесін шыңдауға, шымыр да
шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға
тәрбиелей отырып, білім беру, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу
шеберліктерін жетілдіру.

Сабақтың міндеттері:
1. Денсаулықты сақтау және нығайту туралы білім беру.
2. Өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу.
3.Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Жасөспірімдерге арналған ереже, темекіден, арақтан 
болатын аурулар,  “темекінің, арақтың  адам ағзасына зияны” тақырыпта
түсірілген слайдтар, темекі тартуға қарсы ұйымдастырылған сурет көрмесі, 
ұлы адамдар сөзінен цитаттар ,видео, буклет

Сабақтың барысы:
Жүргізуші:
Өмір деген тұрады таң мен кештен
Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен
Құпия,жұмбақ,сырлы дүниеге
Адамдар арман келіп, арман кешкен
Өмір деген екі өзен: мұң-қуаныш
Толқыны: Шындық-жалған, Күлкі-Намыс
Бір таяздап өмірде бір тереңдеп
Бір лайланып өмірде бір тұнамыз

Құрметті оқушылар! Еліміздің мықты тірегі –дені сау ұрпақ. Алдымен адамға
денсаулық керек. Адам баласының денсаулығы оның жаны мен тәнінің саулығынан
құралады. Адам денсаулығының жақсаруы, рухани жанының тазаруы. Тіршілікте
салауатты өмір салтын ұстану- салауатты өмір кешумен байланысты. Сонымен
балалар, денсаулық -адам бақытының бірінші байлығы
Денсаулықтың шайқап алсаң кесесін,
Енді қайтіп толтыра алмассың есесін.
Халық даналығы.
Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған
басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан
адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды,
жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады.

Тапсырма:
Салауатты өмір салты дегеніміз не?
/Оқушылар өз ойларын айтады/
(Слайд бойынша оқушылардың жауап,пікірлерін нақтылау үшін трек-схема
көрсетіледі.)

Назар аударайық!
• Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына
жолдаған “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасының негізгі жеті
басымдығының, төртіншісінде- Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты, білімі
және денсаулығы туралы атап көрсеткен. Халықтың салауатты өмір сүруіне
қол жеткізу үшін негізгі үш бағытта күрес жүргізу керек деді.

• Бірінші бағыт-”Темекі шегуді тоқтату”
• Екінші бағыт-”Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес”
• Үшінші бағыт-”Маскүнемдікпен араққа қарсы күрес”
Мәтінмен жұмыс. Зиянды әдеттер.
Күн сайын адамдар темекі шегу, ішімдікке салыну, нашақорлықтан түрлі
дертке, бақытсыздыққа шалдығады. Зиянды әдеттер адамның өмір бойы өзін-өзі
тұлға ретінде іске асыруына мүмкіндік берместен кедергі жасайды. Зиянды
әдеттер арқылы адам өзінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, жақын
адамдарына ауыртпалық түсіріп, қоршаған ортаға зиян келтіреді.
Кейбіреулер қиындыққа кездескен жағдайда ойланып, ақылға салмастан
зиянды заттарды пайдалануға әуес болады. Сөйтіп оған үйреніп, тәуелді
болатындарын ойламайды. Осы зиянды заттарға тәуелді болудың салдары өздерін
азапқа түсіретіндерінен бейхабар болады. Қиындықтан шығудың жолы, шешілмей
қоймас.
Зиянды әдеттерден денсаулыққа қауіптілігі мынада:
-адам өзін-өзі бүлдіреді, өзін құрметтеп күтуден қалады;
-табиғат берген мүмкіндіктер ашылмайды;
-өтірік айтуға, ұрлық істеуге, қатігездікке, ақымақтыққа ұрынады;
-отбасын қайғы-қасіретке бөлейді;
-түрлі келеңсіз жағдайларға соқтығады.

• Зиянды әдеттерге нелер жатады?
• Зиянды әдеттердің адам өміріне тигізетін залалы қандай?
• Қиындықтар кездескенде оларды қалай жеңуге болады?
• Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді? Мысал келтіріңдер.
Оқушылардың зиянды әдеттер туралы ойларын, түсініктерін тыңдап, слайд
бойынша тірек схемасы арқылы білімдерін тиянақтап, бекіту.

Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді?
Темекінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы.

Есірткінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы.

Ішімдіктің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы

2.6 Сахналау. Оқушылардың алған білімдерін тиімді меңгерту мақсатында
сахналық қойылым. (Жергілікті ақын, дәрігер Тұрысбек Еділбаевтің «Үш
пәледен аулақ бол» кітабынан көрініс)

Бала:/ «арақтың» жанына келіп/
-Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?
«Арақ»:
-Мен арақпын, арақпын,
Жер жүзіне тараппын.
Жұрттың құмар асы боп,
Керегіне жараппын.
Бала:/ «темекіні» жанына ала келіп/
- Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?
«Темекі»:
-Мен темекі шылыммын,
Аузына елдің іліндім.
Қанша мені тартса да,
Демеді ешкім бүліндім.
Бала:/ «есірткінің» жанына келіп/
- Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?
«Есірткі»:
-Мен есірткі нашамын,
Уытымды шашамын.
Атым шулап турғанда,
Алшаңдап аяқ басамын.
/Сахнаға ересек бала шығады/
Ересек бала:
-О, жаратқан, жаратқан,
Жұрттың аузын қаратқан.
Ағайынды үшеуін,
Қандай пәле таратқан.
-О, адамдар, санаң бар,
Үш пәлеге қараңдар.
Үшеуі де үлкен жау,
Бүкіл әлем алаңдар!
/Екі бала бірігіп/:
«Арақ», «Темекі», «Есірткі»
Үшеуі де ауыр дерт.
Бүкіл елді бүлдірмей,
Арамыздан аулақ кет!
/Балалар қолындағы қамшымен үш пәлені соғып қуып шығады/
/Балалар қолындағы қамшымен үш пәлені соғып қуып шығады/
Пародия.

Мен қазақ ұлдарына қайран қалам
Шылымды шеккен кезде жайраңдаған
Оқуға ниеті жоқ қайран ұлдар
Темекі шегіп алып сайрандаған
Жасырмай тартасың сен шылымды
Шылымға берілдің ғой мәңгі енді
Өкпеңнен не қалады қарағым –ау
Ертерек ойласаңшы өмірінді
Шылымды тартпайтын ұл арман болды.
Жақсымен ажыратар оң мен солды
Үлкеннен үлгі алар ұлдар қайда.
Қоғамда бастаушы ма еді қыздар жолды

Мұғалім:Шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, жұқпалы аурулар,
бұзақылық.
«Арақ- арыңа нұқсан,темекі тегіңе нұқсан» демекші балалар бұл зиянды
әдеттерден аулақ болуымыз керек.
Оқушылар бізге бүгін жұмбақ бір кейіпкер  хат жолдап отыр екен соңы оқып
көрсек.
Өзімнен өзім сыр тапты,.
Өле алмай жүрген сырқатпын.
Шіріген картоп сияқты,
Бұрышында қалған бір қаптың.
Өзімнен өзім тістенем,
Істеген ісіме өкінем.
Ұмытайын десем қорқамын,
Көрмейтін сұмдық түс көрем.
Жұмбақ кейіпкердің хаты
Қымбатты оқушылар 14-15жасымда үлкен бір өкінішке тап болдым.Сол 8-
9сыныптар мен үшін естен кетпес уақыттар.Кейбір жандар естен кетпес деп
қуаныш пен шаттыққа толы кездерін айтса мен үшін естен кетпес деген сөз
өмірімдегі ең ауыр сөз.Неге енді  сол 14-15жасым ауыр кез екеннің  мен
сіздерге әңгімелеп берейін.Менің жолымды қайталамасын  деген  ниетпен
сіздермен сыр бөліскелі отырмын.
Мен бастауыш сыныптан бастап алғырлығымен өнерлілігім,ұшқыр білімнің
арқасында көзге түстім.Сол 6 жасымнан бастап 14 жасқа дейін білімді алғыр
болып өскен оқушы 8 сыныпта бастап мүлдем басқа адамға айналды.Күрт былай
өзгеруіме себеп болған жағдай алғашқы махаббат.Мен сыныпқа жаңадан келген 
бір қызға ғашық болдым,ол қыз менің сезіміме жауап қайырмаған соң мен
өмірден түніліп жаман жолға түсіп кеттім.Көшедегі жаман балалармен темекі
тартуды да үйреніп,кейін сабақтарға да мән беруді қойдым.Сөйтіп жүріп 8
сыныптың  1 тоқсанында қалай күнделігім 2 мен 3ке толып щыққаның білмейде
қалдым. Кейін оқуға қолымды бір сілтеп,сабаққа баруымды да қойдым.Әрине бұл
менің әке-шешеме де ауыр тейді,қанша маған сөйлеп те,ұрып та тәрбиелемекші 
болсада мен құлақ  аспай өз білгенімді істедім.Мектепте ұстаздар үйде әке-
шеше сөзін естімеу үшін мен үйге қонуды да қойдым.Одан арғы өмірім өзім
үшін қызық болып көрінді.әр жерде бір түнеп, ұрлық жасап,төбелесте  алдыма
жан салмай, ішкенім арақ, шеккенім  темекі болып, нашақорлық пен жұқпалы
ауруға қалай тап болғанымды білмей де қалдым.
Солай өмір зымырап өте берді.Ал мен осы өмірдің ағысына төтеп бере алмай
темір тордың ар жағынан қалай шықанымды білмей де қалдым.Темір тордың
аржағында ғана есімді жиып өкініштен өзегім өртеніп басымды тауға да,тасқа
да ұрып қалай осы күйге жеттім деп шарқ ұрдым.
6 ай темір торда отырып  шығып, жаңа өмір бастауға бел будым. «Бүгінгінің
баласы ертеңгінің данасы» дегендей балалар «қамшының сабындай қысқа 
өмірді» бостан босқа өткізбейік достар!Қандай жағдай болмасын адам  баласы
мойымай әрқашан  қиындыққа төтеп беру қажет. Оқушылар жарқын болашаққа 
сеніммен қарап нық қадам басуымыз қажет . Ашуды ақылға жендіріп мен секілді
қателікке бой алдырмай аулақ болыңыздар.

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды.
1. Оқушылар жұмбақ кейіпкердің әрекеті дұрыс па?
2. Сіз жұмбақ кейіпкердің орнында болсан не істер едін?
Оқушы:
Адам!
Адам!
Бөлісіп уайымды –
Болашаққа болыңдар дәйім-үлгі!
Бір-біріңе болыңдар мейірімді,
Бір-біріңе болыңдар қайырымды,
Дерт шалмасын,
Ешқашан өрт шалмасын,
Алып емен, ақ балтыр қайыңымды.
Бір-біріңе болыңдар қайырымды.

Енді балалар осы зиянды заттар туралы слайдқа кезек берсек
Арақ 1428 жылы Генуядан келген. І Петрдің тұсында Ресейге арақ келген.
Маскүнемнің қоғамға тигізер зардаптары: адамдық бейнеден кетеді, қоғамда
орны жоқ, тұрмыс жағдайы, ой өрісі төмен.
Арақ – атаңның асы емес.Адамды арақ жетелейді сорына, Кедейлік пен дерт
ілесер соңына деген салауатты өмір салтын насихаттайтын мақалдар бар.
Темекінің шығу тарихы:
Гиспаньола аралында тұратын үндістер мендуанаға ұқсас шөпті жаққанда шыққан
түтінді танауларымен ішіне тартып, содан мас болған. Олар оны табако деп
атады. Темекі Еуропада ерекше тез тарады. 1560 жылы француздың әйел патшасы
Екатерина Медичеге басының сақинасы ұстағанда дәрі-дәрмек ретінде берген.
Темекіні осыдан емді шөп ретінде пайдаланған.

« Шылым шегудің пайдасы »
( Сахнаға ақ сақалды дана қарт пен жас бала шығады )
Бала: Ата , мен шылым шегуді үйреніп жүрмін. Қалай ойлайсыз , бұл
денсаулыққа пайдалы ма ?
Ата: Шылым шегудің үш түрлі «пайдасы» бар , балам. Біріншіден , шылым
шеккен адам ешқашан да қартаймайды.
Бала: Қалайша ?
Ата:Себебі , олар қартайып үлгермейді. Шылым шегетіндердің өмірі қысқа
болады , олар жастай өліп кетеді , балам. Екіншіден , олардың үйін
ешқашан ұры тонамайды.
Бала: Қалайша ?
Ата: Себебі , шылым шегетін адамның өкпесі таза болмайды да күндіз-
түні күркілдеп жөтелумен болады. Ұрылар үй иесінің көкжөтелін естіп
, үйге жақындай да алмайды. Үшіншіден , шылым шегетін адамды
ешқашанда ит қаппайды7
Бала: Қалайша ?
Ата: Себебі , олар өте ерте мүгедек болып қалады да , таяққа сүйеніп
жүреді. Ал қолында таяғы бар адамға ит жақындай ма ,айналайын?
( Ақсақал қулана жымияды. Ал бала ойланып қалады )

Көрдіңдерме балалар. Темекінің сізге қаншалықты зиян екенін, қанша
құрамында улы зат бар екеніне көз жеткізіп отырмыз. Әр темекі адам өмірін
15 минутқа қысқартады екен.
«Арақ – арыңа нұқсан, темекі – тегіңе нұсан» демекші, темекі сенің бүкіл
өміріңе нұқсан келтіреді, ұрпағыңа кесірін тигізеді. Сол үшін мұндай оғаш
қылықтардан аулақ болуымыз керек. Оғаш қылықтар дегеніміз: арақ, темекі,
есірткілер.

Бір әуен сазымен
Ана жерде бір қыз жүр
Мына жерде бір ұл жүр
Екеуінің біреуі
Наша шегіп қор боп жүр

Қайырмасы
Оу, халайық, халайық
Нашаға қарсы тұрайық
Болашағымыз үшін
Спортпен дос болайық

Наша шеккен ұлымыз
Өз тамырын қиып жүр
Ал спортшы қызымыз
Бәрінен де озып жүр
Қайырмасы

Салыстырып екеуін
Бір нәтиже табайық
Наша шеккен жақсы ма
Талдап қане қарайық
Қайырмасы:
Оқушы:
Есірткі жойылсын,
Ішімдік құрысын.
Дені сау қазақтың,
Ұрпағы көбейсін.
Мәдениет өркендеп,
Табиғат көркейіп,
Қазақтың сымбатты,
Ұл-қызы көбейсін!
Нашақорлыққа қарсы жарнама: «Сандар сөйлейді»
1. Жылқыны сеспей қатыру үшін 7 – 8 тамшы никотин жеткілікті.
2. Егер адам күніне 1 қорап темекі тартса, 1 жылда оның
өкпесіне 1 литр шамасында шайыр (смола) жиналады екен.
3. Ауаның қалыпты құрамын, өкпедегі қан айналымын бұзу үшін 1
дана темекі жетіп жатыр.
4. Бүкіл дүние жүзінде 1 млрд – тан астам адам темекі тартады
екен.
5. Темекі зардабынан күніне 10000 немесе 3,5 млн адам қайтыс болады
екен.
6. Қазақстан Республикасында 3,2 млн – дай, яғни 33% адам темекі
тартады екен.
7. Жүректің ишемиялық ауруынан болатын өлімнің 20% қатерлі ісік
ауруынан болатын өлімнің 30%, өкпе қатерлі ісігінің 90% темекінің
зардабынан болады екен.
8. Ішкен адамда алкоголь зардабы 21 созылады.
9. Этил спирті сырада 5 - 7%, шарапта 15 – 20%, ликер мен
коньякта 40 – 50% , арақ пен вискиде 65 - 70% бар екен, ал этил
спирті аса зиянды химиялық қоспа.
10. Ішімдік адам өмірін 10 – 15 жылға қысқартады.
11. Балаларға 10г. арақ, жасөспірімдерге 40 – 50г арақ қауіпті әсер
етіп, өлімге душар етеді.
12. Маскүнемдердің балалардың 38% кемтар.
13. Нашаның 0,5 граммы иіскеу үшін, ал тамырға салуға 0,1
граммы сананы улауға жеткілікті.
14. Нашақорлардың ең төмен жасы 8 – 9 жас
15. Есірткінің 130- дан астам түрі бар.
16. 2005 жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда ресми тіркелген
нашақорлардың саны 40505, тіркелмегені қаншама. Олардың 1927 - сі
кәмілетке толмағандар, 4420 – сы әйелдер.
17. Жылына елімізде 10 тоннадан астам есірткі тәркіленеді
Назар аударайық! Адам денсаулығындағы өміршеңдік ережесі:

Әр адамның ережесі өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Әр
уақытта өз денсаулығына жете мән беріп кездескен қиыншылықтарды жеңе білу.
Адамдар көңіл көтеріп, демалу үшін, ренжігенін басу үшін шылым шегіп
ішімдік ішеді, бұл адам өміріне зиян екендігін өздері білсе де, сезінбейді.
Мұндай сезімнен арылу үшін жанға жайлы музыка тыңдау керек, жақсы ән мен
музыка жан азығы. Ол ас қорыту тізбегіне де жағымды әсер етеді. Сыбызғы үні
қан айналымына, жүрек тамырларына пайдалы әсер етсе, скрипка мен Фортепионо
адамның жанын жай таптырып жүйкесін тынықтырады, ал домбыраның күмбірлеген
үні, қобыздың жүрек елжіретер сырлы сазы қалай сізді бей-жай қалдыра алады.
Қытай мен Грекияда музыканың емдік қасиеті жайлы ертеде-ақ белгілі болып ол
біздің дәуірімізге музыка терапия немесе вокало терапия ретінде жетіп отыр.
Музыканың дыбысына ырғағына байланысты адам ағзасы әрқалай әсер алады,
сондықтан оны кейбір жүйке ауруларын емдеуге, олардың алдын алу мақсатында
пайдаланатыны белгілі.

Денсаулық құпиялары

• Тұлғаны дұрыс ұстай білу күші
• Ақыл-ой
• Сүйіспеншілік
• Таза қоршаған орта

Тыныс алу

Шынығу әрекеттері
Дұрыс
тамақтану

Сенім
Жүректен жүрекке.
Бала тілегі.
Сөзі: С. Молдасынұлыныкі
Әні: Ф.Лұқпанованікі
Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін деп атамекен, қара орман.(2 рет)
Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік- ұлан-байтақ елімде
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2 рет)

Бесеуі (бірге):Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар
Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.
Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып
Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар
Салауатты өмір салтын сақтаңдар
Болашаққа нық қадам бастаңдар!!!
-----------------------

Өзін өзі сыйлау, жауапкершілік сезімінің жоғары болуы;

Салауатты өмір салтын ұстану

Тиімді, құнарлы тамақтану

Зиянды заттардың алдын алу

Спортпен шұғылдану

Дене шынықтыру жаттғуларын жүйелі орындау

Бос уақытын дұрыс ұйымдастыру

Әлеуметтік тұрмысты жақсарту, күйзелісті болдырмау

Зиянды әдеттерден аулақ болу

Салауатты өмір салты

Сапалы тамақтану, жеке бас гигиенасын сақтау

Денсаулықты сақтау, нығайту, спорпен шұғылдану

Бос уақытты тиімді пайдалану

Зиянды әдеттер

Есірткі

Темекі

Ішімдік

Темекі

Қызық көрушілікпен еліктеушіліктен пайда болады.

Ашуланшақ, тез ренжиді, зейіні нашарлайды,ұмытшақ,есте сақтау қабілеті
төмендейді, ұйқысы бұзылады.

Жүрек,асқазан, өкпе мүшелері зақымданады

ҚР темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы заңдары 4-5 бап

-Қоғамдық орындарда -Қоғамдық көліктерде-
Жасы 18-ге толмаған жасөспірімдерге темекі өнімін сатуға
-Бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалауға тыйым салынады

никотин, шайыр, күйе.

Ауыз ашиды, сілекей көп бөлінеді, жөтеледі, басы аурып жүрегі айниды.

Емделу үшін 3-6 айдан 2 жылға дейін уақыт керек

Гашиш, героин, анаша, кокайн, апиын, марихуана.

Есірткі

-Отбасына, өзіне, қоғамға, туысқандарына зардабын тигізеді

Иіскеу, шегу, ішке қабылдау, тері астына, тамырға енгізу.

Миы зақымданады, шалықтайды, сандырақтайды, қорқыныш пайда болады. Қан
қысымы жоғарлайды, қолы дірілдейді, жүрек соғыс жиілейді

Денсаулығы нашарайды,ағзаның әрбір мүшесі зақымданады.

-Қызметінен, отбасынан алшақтайды,жақн адамдармен қарым-қатынасы бұзылады.
Кекшіл, қатгез адамға айналады.

Ішімдік

Өзінің бос уақытын дұрыс ұйымдастыра алмауы
-Ішімдіктің денсаулыққа зиянды әсерін білмеуі;
Тұқымқуалаушылық;
-Өзін өзі бағаламау

Қылмысқа ұрынады.
-Зорлық-зомбылық;
-Ұрлық, қарақшылық;
-Жол апат т.б.

Ұқсас жұмыстар
Хор Құттықтаймын ана туған күніңмен
Бесік жырының маңызын ұғындыру
Ата-ана құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Бала тәрбиесіне байыпты қарайық
Біз мектепке барамыз
Әдептілік - әдемілік туралы
Ғ. мүсірепов. "ананың анасы" әңгімесі. презентация
«қыз – еркем, қылығымен көркем!»
Жалпақ палуан
Атам сөзі санамда, Жасы үлкенге жол берем
Пәндер