Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Орыс тілінде жаз
Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Тақырыбы: «Туған тілім- тірлігімнің айғағы»
Мақсаты: Оқушылардың ана тілін білудің маңызы жайлы айту, ана тілін
құрметтеуге үйрету. Ана тілі туралы өлең, мақал –мәтел, нақыл сөздерді
оқыту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту. Ана
тілін сүюге, ардақтауға үйрету.
«Туған тілім -тірлігімнің айғағы, тілім барда айтылар сөз ойдағы» -демекші,
әр адам баласы өз туған тілін құрметтеп, сыйлау керек. Өз тіліңді біле
тұрып, өзге тілде сөйлегеннен асқан бақытсыздық жоқ. Қазіргі таңда ана
тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде.
Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін, ана тіліміз –қазақ тілі
мемлекеттік тіл деп бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы
күшіне енді. Ана тілінсіз іс өрге баспақ емес. Болашағымызды баянды етер
қаруымыз –тіліміз. Ана тілімізді құрметтейік
2 –жүргізуші: Жетпіс жылдан астам орыстану бағытының ықпалымен жүрген
Қазақстанда қолданыс тілі, іс қағаздар тілі –орыс тілі болды. Осы
кемшіліктің тұстардың орнын толтыруды басты назарға ұстаған орталықтың
негізгі бағыттарының бірі –мемлекеттік тілді меңгеруге көмектесу.
1 –жүргізуші:
Адам қанша болғанменен дарынды әрі табанды,
Туған жерін сүймей
тұрып сүймек емес ғалымды.
Өзге ананың, мазмұнына, мерейіне тор құрар
Алдыменен өз анасын
сүйе алмаған сорлылар.
Нарық ғасыр бәрін сатып жібере ме алтынға,
Кім қалады сол алтынға
сатылмайтын қалпында?
Жалғандық бар ұлтсыздардың беделі мен даңқында,
Ана тілін
сыйламаған сыйламайды халқында.
2 –Жүргізуші:
Туған тілім бабам тілі өз тілім,
Туған тілім анам тілі өз тілім.
Туған тілім далам тілі өз тілім,
Туған тілім адам тілі өз
тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде намысыммен қаным бар,
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып –ақ алыңдар.
Ендігі кезекте Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын қабыл
алыңыздар.
2-жүргізуші:Сол еліміздің тірегіне айналған «Тіл туралы заңның» тарихына
назар аударайық. (Интерактивті тақта арқылы әр жылға тоқталып,мемлекеттік
тіліміздің қалыптасуын оқушылар таныстырып шығады.)
Мақсат:1989 жыл 22-қыркүйек.Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заң
қабылданып,қазақ тіліне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі»
мәртебесі берілді.
Салима:1993 жыл 28-қаңтар. Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы
қабылданып,онда қазақ тілі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі»
болып бекітілді.
Салтанат:1995 жыл 30-тамыз.Республикалық референдумда Қазақстан
Республикасының жаңа Конституциясы қабылданып, Конституцияның 7-бабында
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі-қазақ тілі»,-делінген.
Айгерім:1997 жыл 11-шілде. Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы Заң
Парламентке қайтадан талқыланып,ол Қазақстан Республикасының Президентінің
Жарлығымен бекітілді.Бұл Заң бойынша қазақ тілі- Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік тілі,қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі,-деген.
Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заң 6 тарау,27 баптан тұрады.
(Оқушылар заңның әр тарау,бабын жатқа кезекпен айтады)
Мақсат:
3-бап: Тіл туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан
Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға
қолданылады.
Салима:
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі.
Мемлекеттік тілді меңгеру- Қазақстан Республикасының әрбір азаматының
парызы.
Салтанат:
5-бап: Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару орындарында
орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
Айгерім:
6-бап: Қазақстан Республикасының азаматының ана тілін қолданылуына,қарым-
қатынас,тәрбие,оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауына құқығы бар.
Руслан:
7-бап:Қазақстанда мемлекеттік тілдің және басқа да тілдердің қолданылуына
және оларды үйренуге кедергі келтіретін лауазымды адамдардың іс-әрекеттері
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Гүлжанар:
13-бап: Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі,ал
қажет болған жағдайда,сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер
мемлекеттік тілмен тең қолданылады.
Ғалия:
16-бап
Білім беру ұйымдарында мемлекеттік тіл мен орыс тілі міндетті оқу пәні
болып табылады және білім туралы құжатқа енгізілетін пәндер тізбесіне
кіреді.
Данияр:
17-бап:Мәдени шаралар мемлекеттік тілде және қажет болған жағдайда басқа да
тілдерде жүргізіледі.
Ербол:
18-бап :Қазақстан Республикасы баспа басылымдары мен бұқаралық ақпарат
құралдарында мемлекеттік тілдің,басқа да тілдердің қолданылуын қамтамасыз
етеді.
Айгерім:
19-бап:Мемлекеттік ұйымдардың,олардың құрылымдық бөлімшелердің атаулары
мемлекеттік тілде және орыс тілінде беріледі.
Мақсат:
20-бап:Кісі есімін,әкесінің есімін және тегін ресми құжаттарда жазу
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келуге тиіс.
Салима:
24-бап.Тіл туралы заңды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында
көзделген жауаптылыққа тартылады.
Ғалия : Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылы 20 –қаңтардағы Жарлығына
сәйкес «22 Қыркүйек қазақстан халықтарының тілдер күні» ретінде аталып
келеді. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Себебі әр ұлттың тілі –оның
бақыты, тірегі.
Салтанат: Ұлттық тіл –әр халықтың өзіндік ой -санасы мен парасатын, бүкіл
болмыс тіршілігі мен сезім –түйсігін, ұрпақтан –ұрпаққа жеткізетін күре
тамыр. Онсыз халық аты бар да заты жоқ болар.
Жайна:
Қадірлі бағасы алтын анам тілі,
Сенімен бағаланған балаң түрі.
Төрт бөліп түн
ұйқысын жұбатам деп,
Сенімен әлдилеген анам
мені.
Бесікке
белім буып бітіскемін,
Сөйлесіп, шешем жүнін
түтіскенмін.
«Апа» деп, «Ә» деп жылап, аузымды ашып,
Емшектен еңбек қылып сүт ішкенмін.
Маңымды сеніменен танығанмын,
Сеніменен қуанып, налығанмын.
Дене ауырлап, жан жалқау тартқан шақта,
«УҺ» деп шаршап, деп алып шалығамын.
Тілегенім, қорыққаным бәрі
де сен,
Сасқанда да жармасам
ойбайыммен.
Зәмзәм суы болса дағы
ұжмақтағы,
Тәттілікті көрмеспін сенімен тең.
Айдана:
Тарайтын бойға шымырлап,
Қоңыр күй мақпал әуезі.
Қазақтың тілі шынында –ақ
Шырқамай айтар ән өзі.
Домбыраның да күмбірін,
Құрайтын онда бар дауыс.
Сыбырлап айтсаң құрғырың,
Сағыныш пен
толғаныс.
Сарынды сазды сырсандық,
Кетердей содан ән шығып.
Әміре даусын тұмшарлық
Концерт залдары таршылық.
Айгерім:
Кез –келген ел болашағының ұлт ретінде танылуы –тікелей тіліне байланысты
екендігі баршаға белгілі. Туған тілін құрметтеу, оның қолдану аясын
кеңейтіп, өркендету –Қазақстанның әрбір азаматының негізгі парызы.
Гүлжанат:
Тасыған өзен, тау, сілем,
Ұлы ақын қосқан
өлеңге.
Бүгінде Мұхтар даусымен,
Сөйлейді жалпақ әлемде.
Тарайтын бойға шымырлап,
Қоңыр күй, мақпал әуезі.
Қазақтың тілі шынында –ақ,
Шырқамай айтар ән өзі.
1 –Жүргізуші. Әр адам баласы шындығында өз туған тілін құрметтеу керек.
Туған тілге деген шексіз құрмет, ол өз отбасы ошақ қасынан басталады. Ана
лілі – мемлекеттін, ұлттың, ұлыстардың ұйытқысы.
Данияр:
Ана тілі біздің туған анамыз
Анамызды сыйлап бағып қағамыз
Ана тілін бағаласақ
қалай біз,
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін
кім аялай білмесе,
Анасынан безген ұл деп қараңыз.
2 –жүргізуші:
Ән: «Анамның тілі». Орындайтын: Гүлнұр
1 –Жүргізуші:
Теңдік, бостандық, тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Өз тілімізді, өз
дінімізді қайтару жолында қанша ер азаматтарымыз құрбан болды. Қаншама
жастарымыз аяусыз жазаланып, қыршын кете барды.
Алдарыңызда көрініс: «Менің тілім өлмейді»
Автор: Түрме іші. Қайрат дауыстап өлең оқып отыр. Тергеуші екі күзетшісімен
кіреді.
Тергеуші: Не туралы оқып отырсын? Бүгін сенің жазаланатын күнің білесің бе?
Қайрат: Білемін. Ана тілім туралы өлең оқып отырмын.
Тергеуші: Айтар ақтық сөзіңді айтып қал.
Қайрат: Мен қазақпын, мың өліп мың тірілген
Құшақ жая қарсы алдым сан тілімнен.
Тергеуші: Ей оңбаған шыныңды айт. (қағазды көрсетіп) Орыс тілінде жаз.
Қайрат: Мойныма алдым жаланы,
Болсын халық алғысы.
Бөтен қолда кетпесін,
Туған жердің намысы.
Тергеуші: Әкетіңдер, оны атыңдар!
2 -Жүргізуші:
Дос адамға бары бүгін ырыс болып ұйыған,
Қас адамға әділ үкім қылыш болып құйылған.
«Бірін –бірі
өжет» өсер елдің асылы,
Елім менің –кенім менің сөзі жақын қағатын,
Қанатымен
ұшып құстар құйрығымен қонатын
Дана мақал –өлеңіме дайын тұрған тармақтар,
Әр сөздің астарында саф
алтындай салмақ бар.
1 –жүргізуші.
Қазақ тілі болашақта мерейі үстем, туы мен тұғыры биік, нағыз қазақ атын
шығаратын тіл болады деген сенімдеміз.Туған тілін құрметтеу, оның дамуына
үлес қосу, өз туған тілінде сөйлеу әрбір азаматтың басты парызы.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz