Сабақ жоспары :: Биология
Файл қосу
Адамның шығу тегі
Адамның шығу тегі.
Сабақтың мақсаты: Адамның шығу тегімен таныстыру.
Білімділік мақсаты: Адам эволюциясының негізгі кезеңдеріне жалпы шолу
арқылы органикалық дүниенің тарихи даму заңдылықтарының ақиқаттығына көз
жеткізу. Адам эволюциясы жалпы органикалық дүние эволюциясының заңды
жалғасы екендігін түсіндіру арқылы дұрыс дүниетанымын қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың эволюциялық білімдерін тереңдете
отырып, Оқу мен Жазу арқылы Сыни Тұрғысынан Ойлауды Дамыту жобасын қолдана
отырып оқушының өз бетінше ізденуін , зерттеуін қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыра, бірін-бірі
сыйлауға, тыңдауға үйренеді. Өз ойларын ашық айтуға дағдыландыру.
Сабақ типі: Аралас сабақ.
Оқыту әдісі: Лекция.
Тексеру формасы: Тест. Реферат. Венн диограммасы. Кубизм. «Т» кестесі.
Даралық пен ұқсастық.
Көрнекіліктер: Компьютердегі слайдтар.Суреттер. Энциклопедия
кітаптары. Дүние жүзілік карта. Оқушы схемалары.
Сабақтың кезеңдері:
І Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Түгендеу.
ІІ Жаңа тақырып:
Жоспар:
1. Адамның шығу тегі тарихы.
2. Адамның жануарлар дүниесін жүйелеудегі орны.
3. Адамның жануарлардан шыққандығының дәлелдемелері.
4. «Эволюциялық даму тарихы».
Адамның шығу тегінің тарихы:
[pic]
Адамның жануарлар дүниесін жүйелеудегі орны.
• Хордалылар типі.
• Омыртқалылар тип тармағы.
• Сүтқоректілер класы.
• Ұрықжолдастылар класс тармағы.
• Маймылдар (приматтар) отяды.
• Адамтектес маймылдар отряд тармағы немесе тартанаулылар тобы.
• Адамдар тұқымдасы.
• Адамдар туысы.
• Саналы адам түрі.
[pic]
«Адамның жануарлардан шыққандығының дәлелдемелері.
[pic][pic]
[pic]
[pic] [pic]
|Салыстырмалы-анатомиялық |Салыстырмалы-эмбриологиялық |
|Гомологтық мүшелер: аяқ-қолдары. |Зиготадан басталып бөлшектену |
|Аналогтық мүшелер: Адамның тістері |бластулаға айналуы қарапайым шоғырлы|
|акуланың қабыршағына ұқсас. |жануар-вольвекске ұқсайды. Екі |
|Рудименттер: Адамда үшінші қабақ, |қабатты көп жасушалы гаструла |
|құстың көз жабыны. Құлақ |ішекқуыстыларға ұқсайды. Ұрықтың |
|қалқанындағы өсінді, соқыр ішек |даму барысында балыққа ұқсас |
|қалдығы. |желбезектің, құйрықтың болуы, миына |
|Атавизмдер: Түкті адамның болуы, көп|ұқсас бес көпіршіктен тұрады. Жүрегі|
|емшекті адам, құйрықты баланың |қандауыршаның құрсақ қолқа қан |
|дүниеге келуі. |тамырына ұқсайды. Клоаканың болуы |
| |алғашқы сатыларында. |
ІІІ жаңа тақырыпты қорытындылау: класс оқушыларын 4 топқа бөліп әрбір
топқа тапсырма беріледі. «Кіші дөңгелек үстел» стратегиясы бойынша.
Адамның шығу тегі эволюциялық даму тарихы тақырыпта.
1 топ «Дриопитек», «Аустралопитек» Венн диограммасын сызу.
2 топ «Питекантроп», «Неандерталь адамы» Кубизм .
Кубизм сұрақтары:
1. Ежелгі адамдар ( архантроптар) жататын түр қалай
аталады. Қай жылы, қай ғалым тапты, қай жылдары
өмір сүрді.
2. Питекантроптарға тән белгілер. Маймылдар мен
адамдарға ұқсас белегілері?
3. Архонтроптардың адамы: Синантроптар мен Гейдельбер
адамына сипаттама беріңіз?
4. Ертедегі адамдар қалай аталды? Тән ерекшеліктері
табылған жері, қай жылы табылды?
5. Ертедегі адамдардың мекен жайлары, пайдаланған
еңбек құралдары. Қазақстанның қандай аймақтарынан
табылды?
6. Адам эволюциясындағы әрбір кезеңнің адамдарының
тұрмыс-салты ерекшеліктерін атаңдар.
3 топ «Кроманьон адамы», «Саналы адам» “Т” кестесі.
4 топ “Даралық пен ұқсастық” стратегиясын қолдану.
ІV үй тапсырмасын сұрау:Өткен тақырып жаңа тақырыппен байланысты
болғандықтан тест жұмысын алу: 15 мин «Эволюция тарауына»
Тест.
1. Алғашқы эволюционист деп қай ғалымды атайды?
А) Ж.Б.Ламарк. В)Л.Уоллес. С)Ч.Дарвин. Д)К.Линней. Е) Вавилов.
2. Тірі табиғаттың алғаш ғылыми классификациялануын кім ашты?
А) Ж.Б.Ламарк. В)Л.Уоллес. С)Ч.Дарвин. Д)К.Линней. Е)К.Бэр.
3. Алғаш омыртқалылардың ізі қай дәуірде табылды?
А) протерозой. В)Мезозой. С)Кайназой. Д)Полеозой. Е)Девон.
4. Эволюцияның басты қозғаушы күші не?
А)Өзгергіштік. В)Табиғи сұрыпталу. С)Тұқымқуалаушылық. Д)Тіршілік үшін
күрес. Е)Коньюгация.
5 Жануарларда қай органдар аналогиялық болады?
А)Жарқанатың қанаты мен араның қанаты. В)Құстың қанаты мен көбелектің
қанаты. С)Тараққан мен құрбақаның аяқтары мен қолдары.
Д)Тигр мен Кроттың табандары. Е)Бақаның ауызы мен көбелектің ауыз қуысы.
6. Алғаш маймылдар қашан пайда болды?
А)Бор. В)Антропоген. С)Палеоген. Д)Неоген. Е)Силур.
7.Адамның жануарлардан пайда болу іліміне қай ғалым өз еңбегін сіңірді?
А)Ч.Дарвин. В)Ф.Энгельс. С)К.Линней. Д)Ж.Б.Ламарк. Е)Вавилов.
8.Әр алуан тіршілік жағдайында пайда болып, ағзаның құрылым деңгейін
күрделендіретін эволюциялық өзгеріс.
А)Дегенрация. В)Конвергенция. С)Ароморфоз. Д)Дивергенция. Е)Идиоадаптация.
9.Жеке организмдердің даму кезеңі.
А)Эмбрионогенез. В)Филогенез. С)Онтогенез. Д)Биогенез. Е)Социогенез
10. Қай адам “саналы адам” деп аталады?
А)Неадерталец. В)Питекантроп. С)Синантроп. Д)Кроманьон. Е) Homo sapiens
11.Қай дәуірде сүтқоретілер кеңінен таралған?
А)Протерозой. В)Архей. С)Полеозай. Д)Кайназой. Е)Мезозой.
12.Дене мүшелерінің құрылымдары мен атқаратын қызметін және пайда болуының
ұқсастығы қалай аталады?
А)Аналогия. В)Гомология. С)Рудименттер. Д)Атавизм. Е)Гигантизм.
13.Шығу тегі және құрылысы ұқсас емес, бірақ атқратын қызметі бір мүшелерді
не деп атайды?
А)Аналогия. В)Гомология. С)Рудименттер. Д)Атавизм. Е)Гигантизм.
14.Жануралардығ мына аталған қай мүшелері басқа мүшелерге қарағанда ұқсас
емес?
А)Инеліктің қанаты. В)Жарқанаттың қанаты. С)Құстардың қанаты. Д)Қолдары.
Е)Кесірткенің алдыңғы аяғы.
15. Адамның жануарлардан пайда болуына қандай дәлел болады?
А)Ми көлемінің үлкендігі. В)Рудимент және атавизмдердің болуы.
С)Сөйлеу. Д)Абстракты ойлау. Е)Идиоадаптация.
Тест жауаптары:1С 2Д 3Е 4В 5В 6 Д 7 А 8C 9C 10 Е 11Д 12В 13А 14А 15В
Оқушылардың дайындап әкелген сөз жұмбақтарын шешу.
V үйге тапсырма беру: Адамның шығу тегі бойынша «Эссе» жазу.
Пән аралық байланыс: география мен тарих.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Жаратылыстану бағыты бойынша «Жалпы биология» 11 класс
2. Тіршіліктану 10-11 класс .
3. «Энциклопедический словарь юнного биолого».
4. Шың баспасы «Биология»
5. Тарих .
Оқытушы: Рысжанова.Л.С.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Аякөз қаласының
политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.
Адамның шығу тегі.
Жаратылыстану пән мұғалімі:
Рысжанова.Л.С.
Аякөз қаласы. 2009-2010
-----------------------
Адам
антропология
Ең жоғары тұрған тіршілік иесі.
Бір ғана адам-Саналы адам- Home sapiens
Аристотель
Антропогенез
К.Линней приматтар отрядына жатқызды.
Ж.Б.Ламарк, адам тектес маймылдар отрядына жатқызды
Ч.Дарвин адам тектес маймылдар отрядына жатқызды
1871 ж “Адамның шығу тегі және жыныстықсұрыпталу”
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz