Көзіңе көрінгеннің бәрі

Тақырыбы: «Тапқыр болсаң -талас жоқ»
Мақсаты:
Оқушылардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын, оқып - үйренудегі белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту, әсемдікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру;
Пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Көрнекілігі : Презентация, ғылымдардың нақыл сөздері жазылған плакаттар, зал шарлармен, тапсырмалармен безендірілген.
Барысы :
Жүргізуші : Сәлематсыздарма қадірлі ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі бастағалы отырған «Тапқыр болсаң -талас жоқ» атты математика пәніне арналған сайысымызға қош келдіңіздер!
«Батылдық- балалық шақта шыңдалады» десек, баланы бала ететін тәрбие құрамының бірі- ойын екендігі белгілі. Бұл сайысымызды Вергелидің «Өмірде барлығын біле алатын адам ғана бақытты» деген асыл сөзінен бастағымыз келіп отыр.
Математика -бұралаңсыз, нақты ілім,
Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін
Айдынында сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір
Тарқалмайды қуаныш пен шаттығың
Бүгінгі танымдық сайысымызға 9-сынып оқушылары қатысып отыр.
Өнер менен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде,
Өзіндік менің үнім бар-дегендейін білімпаз-жастар өздерін таныстырып өтсін.
1-ойыншы: Снасапин Темірлан
Өмірдегі ұстанымы:
2-ойыншы : Қанат Әйгерім
Өмірдегі ұстанымы:
3-ойыншы: Поляева Динара
Өмірдегі ұстанымы:
4-ойыншы: Байзақов Жомарт
Өмірдегі ұстанымы:
Және оларға жанкүйерлік жасап өздерінің достары мен құрбылары келіп отыр.
Тартысайық сайыста, Күш жігермен.
Айырылысайық қимас біз, дос көңілмен
Ойын шартымен таныстыру:
Бүгінгі ойын мына дайындалған алаңда өткізіледі. Кімнің ойынды бірінші болып бастайтыны, яғни ойыншы қай қатарда тұратындығы жеребе бойынша анықталады. Ойын алаңы 3 қатарға бөлінген. Ойын шарты бойынша кубикті ортаға лақтырады. Кубиктің жан-жағындағы сандар ойыншының қанша қадам жүретінін білдіреді. Мысалы: « 3» жағы түссе, онда басынан бастап 3 қадам жылжып сол тапсырманы орындау мүмкіндігіне ие болады. Әр қатардың шарттары бірдей. Ойын алаңында мынадай тапсырмалар дан тұрады :
Әріптер тапсырмасыКөзіңе көрінгеннің бәрі есеп шығармашылық тапсырмаЖанкүйерлер тапсырмасыСыйлық«0»«+»«-» Егер кубик әріптерге түссе. Жауабы сол әріптен басталатын сұрақ оқылады. Жауап берсе ары қарай жылжып отырады. Жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншы ойынды жалғастырады.
«Көзіңе көрінгеннің бәрі есеп» шығармашылық тапсырмасы бойынша барлық ойыншы жауап беру мүмкіндігіне ие болады. Жауап берген жағдайда ойыншыларға ұпай қосылады. Егер сол тапсырмада тұрған ойыншы жауап бере алмаса ойынды келесі ойыншы жалғастырады. Ал жанкүйерлер тапсырмасы бойынша сол ойыншының жанкүйерлері тапсырманы орындайды. Сыйлыққа кезіксе онда сыйлық ала ма ойынды жалғастыра ма, таңдау мүмкіндігіне ие болады. Нольге тап келсе, онда ұпай алмайды. Келесі ойыншы жалғастырады. « +» белгісіне кезіксе сол ойыншыға 1ұпай қосылады. «-» белгісі 1 ұпай шегеріледі. Ойынды келесі ойыншы бастайды. Ұпай жетондармен бағаланады.
Менің көмекшім:
Ойыншылардың тапсырмаларын дұрыстығын тексеріп отырады. Ойыншылардың ұпайын өз ұяшықтарына салып отырады. Ойын алаңы сызбасы
Жүргізуші:
«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Ақылың мен қайратың екі жақтап»
Олай болса «Тапқыр болсаң-талас жоқ» атты сайысымызды бастаймыз. Іске сәт!
Әріптерге байланысты сұрақтар:
А:
1. Өзінің табысына шаттанып қуанғанда «Таптым!» деп айғайлаған кім? (Архимед)
2. Қар жауғанда жауатын ақшақардың формасы қандай фигураға негізделген/ алты бұрыш/
3. Ақиқаттығы сөзсіз тұжырым (Аксиома)
4. Әрі қиылыспайтын, әрі паралель емес түзулер (айқас түзулер)
Б
1. Бір нүктеден таралған, 2 сәуледен құралған фигура (бұрыш)
2. Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле? (биссектриса)
3. Сан ол сызықпенен бөлінген
Үсті алым, асты бөлім деп аталып,
Әсем түрде керілген
Математиканы ұқпас адамға
Құбыжық боп көрінген
Дұрыс, бұрыс, аралас деп
Түрлері оның берілген (Бөлшек сан)
4. Натурал сан нешеден басталады (1)
Г: 1. Жерді өлшеу туралы ғылым. ( Геометрия)
Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырға (гипотенуза) «Математика - ғылымдардың патшасы, ал арифметика математиканың патшасы» сөзінің авторы? (Гаусс) Бұрыштың өлшем бірлігі (градус) Д:
1. Тік бұрыштан үлкен, жазық бұрыштан кіші бұрыш (доғал)
2. Дөңгелектегі ең үлкен хорда (диаметр)
3. Өмірің сенің қызық,
Жолында жоқ түзу сызық,
Басы да жоқ аяғы.
Бір айналым баяғы. (дөңгелек)
4. Алымы бөлімінен кіші бөлшек (дұрыс бөлшек)
Ж:
180-қа тең бұрыш қалай аталады. (жазыңқы) Геометрия сөзінің мағынасы? (Жер өлшеу) 3. Бес бұтақты ағашта
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер алашқа
Қалады сонда қанша алма. /24/
4. Бірге және өзіне бөлінетін сандар (жай сандар)
П:
Екі қатынастың теңдігі (пропорция) Фигураның барлық қабырғаларының қосындысы (Периметр) ; Геометрияны білмейтіндер Академияға кірмей - ақ қойсын деген кімнің сөзі? (Платон)
4. Егіз туған қос жүйрікЖарысқа шауып терлейді.
Бірін-бірі көрмейді
Дамылсыз қанша шапса да (параллель түзу)
Р:
1. Координаталар жүйесін ең алғаш енгізген адам? (Р. Декарт)
2. Шеңбер бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесінді (радиус)
3. Бүтін сан, бөлшек сандар
Құрамына кіреді
Бұл R белгіні көрсетсеңіз
Қай сан екенін біледі (рационал сандар)
4. Барлық қабырғалары тең параллелограмм (ромб )
Т:
Сызықтық функцияның графигін атаңыз. (Түзу ) Тәулік қай кезде қысқа? Қыста ма әлде жазда ма? (тең ) Сағат үшті көрсеткенде, оның сағаттың және минуттың тілдері қандай бұрыш жасайды? тік бұрышДәлелдеуді қажет ететін тұжырым (Теорема) «Көзіңе көрінгеннің бәрі есеп» шығармашылық тапсырмалар:
Біліп қою аз, сол білгенді істеп, қолдана білуің керек. Ниеттену аз ғана, сол ниетіңді іске асыруың керек» депті неміс жазушысы Гете
1 -тапсырма.
Ауызша есептеу-ойға жаттығу.
Тақтада қазақ алфавитінің әрбір әріптеріне сәйкес кесте берілген. Сіздердің алдарыңызға есептер жазылған кеспе қағаз беріледі. Кеспе қағаздағы есептің жауабы алфавиттің әріптеріне сәйкес келеді. Орта Азияның ұлы математигі Жәмшид әл -Кәшидің жазған еңбегінің, кітабының аты жасырылған. «Арифметика кілті»
2. Берілген суреттің әр бөлігін тиісті түспен боя
3. Цифрларды қолдану арқылы сурет құрастыр
4 «Танграм ойыны» туралы мағлұмат беру
Суреттегі шаршы жеті бөлікке бөлінген. Осы бөліктерден тұратын түрлі фигуралар құрастырыңдар.
Мысалы:
Слайдтан суреттер көрсету танграм сызбасы арқылы көптеген жиһаздар құрастыруға болады /слайд/
5-т апсырма: Сандық пирамиданы құрастыру
Алдыңғы тапсырмаларды орындай отырып есепте қандай заңдылық орындалатынын тауып есепті аяқта
«Логика өнері - адамның ақыл-парасатын жетілдіруге көмектесетін құрал. »
Әбу Насыр Әл-Фараби
6. Логикалық тапсырма
Бесінші қабатқа шығу үшін 80 басқышқа көтерілу керек. Үшінші қабатқа шығу үшін неше басқышқа көтерілу керек? (40. өйткені сіз бірінші қабатта тұрсыз. Бір қабатқа көтеріліңіз. -екінші қабатта боласыз. Ал 4 қабатқа көтерілсеңіз, 5-ші қабатта боласыз. Сондықтан 80-ді 4-ке бөліп, 2-ге көбейту керек) .
7. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп қосу таңбасын қой
= 500 (444+44+4+4+4 = 500)
«Адам өзінің білмеген затынан қорқады, ал білгенімен ұтады» - деп Белинский айтпақшы, бүл кезеңде екі топқа үш есеп беріледі
8. Формулалардың ішндегі дұрыс формулаларды тап
- (а+в) ²=а²+ 2ав+ в
- (а -в) ²=а -2ав +в²
- (а -в) (а+ в) =а²- в²
9. 1 метр 1 дециметрден неше сантиметрге артық
- Сағаттың ¼ -і неге тең?15 минут
11. Электропойыз батысқа қарай 70 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатыр. Ал одан шыққан түтін қалай қарай, қандай жылдамдықпен ұщшады? (электропойыздан түтін шықпайды)
12. Барыс бір секіргенде 288см ұзындыққа секіреді. Неше метр, неше дециметр, неше сантиметр? /2м 8дм 8см/
13. Бірдей санды бірнеше рет
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады? /Дәреже/
«Есепші дұрыс болса, есеп бұрыс болмас»
Жанкүйерлер тапсырмасы
Әр бөлікте бір қоян не бір өсімдік тұратындай етіп үш түзумен бөл
- Екі ұқсас балаларды тап
2-4
3. Сағатты 6 бөлікке бөл, әр бөліктің қосындылары бірдей болатындай етіп
3. Қандай сұраққа «иә» деп жауап беруге болмайды? (Сен ұйықтап жатырсың ба?)
4. Айдос өзінің туған күнін 4 жылда бір атап өтеді. Бұл қай күн?(29 ақпан)
5. Не ауыр? Бір кг түбіт ауы ма, әлде бір кг темір ауыр ма? (екеуі тең)
6. Үндістанның адамдары оны «сунья», ал араб математиктер «сифр» дейді. Біз ол санды қалай атаймыз. /нөл/
7. Үлкен-кіші сандарды сен
Ажыратқын келсе егер
Қандай таңба қояр едің
Кане ойлан білсең егер (теңсіздік)
8. Кез келген арифметикалық амалдарды пайдаланып, бес бірліктен 100 санын шығарып ал /111-11=100/
- Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
10. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)
11. Ең кіші үш таңбалы сан (100)
12. 1 кг тас ауыр ма, 1кг мақта ауыр ма(бірдей)
13. 4 және 5 цифрларымен жазылатын екі таңбалы сандарды ата (44, 45, 54, 55)
14. Түнгі сағат 11-де жауын жауып тұр, 24 сағаттан кейін күн шығып тұруы мүмкін бе?
Айгөлек әнімен:
- Айталық, кел жандырып,
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz