Мен және менің құқығым: Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары бойынша сабақ жоспары

Тақырыбы: Мен және менің құқығым
Мақсаты: Оқушылардың өз құқығын білу, құқықтық мәдениетін жетілдіре отырып, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы білімдерін шыңдау, құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақыру.
Көрнекілігі: Күй, Сауалнама « Мен және менің құқығым », суреттер, нақыл сөдер, «Балалар құқықтары туралы конвенциясы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы», эпиграф,
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, Сауалнама жүргізу, пікір айту, ой толғау, топпен жұмыс, сурет салу.
Барысы:
І. Ұйымдастыру.
- амандасу (оқушылармен)
1. Заң - бостандық кепілі.
2. «Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар- намысын құрметтеуге міндетті. »
(Қазақстан Республикасының Конституциясы, 34- бап)
- 1989 жыл, 20 қараша - «Балалар құқықтары туралы конвенцияның»
қабылданған күні.
1. Құқық дегеніміз не?
2. Біз білеміз бе?
- «Балалар құқықтары туралы конвенциясын» Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады. 1989 жыл, 20 қараша.
- «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы»,
Алматыда 2002 жылы, 8 тамыз .
3. Сөзжұмбақ шешу: «Құқық»
Мен және менің
1. Конвенция қай айда қабылданған?
(Қараша)
2. Конвенцияны қай ұйымда қабылдады?
(БҰҰ)
3. Құқық бұзушылық деген не?
(Қылмыс)
4. ҚР-ғы балалар құқығы туралы Заңы қай айда
қабылданған? (Тамыз)
5. Заңның 34- бабы не туралы ?
(Бала және қоғам)
6. Конвенцияның қабылданғанына неше жыл?
(Жиырма)
7. Заң қай жерде қабылданған?
(Алматы)
4. Сауалнама өткізу.
Сауалнама : «Мен және менің құқығым»
1. Құқық туралы не білесіз?
- Сіз неге құқылысыз?
- Құқық бұзушы кімдер?
4. Құқық бұзылмау үшін не істеу керек?
5. Біреудің тарапынан құқығыңыздың
(ата - ана, мұғалім, құрбы -дос, туыс, т. б. ) бұзылғаны болды ма? (болса жазыңыз)
6. Құқық бұзбауға қосар үлесіңіз қандай?
5. Қорытынды сөз.