Физикалық диктант

Ф И З И К А Л Ы Қ О Й Ы Н Ы

2012 оқу жылы

«Қызықты физика»

физикалық ойынының бағдарламасы

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен

жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге

қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін

қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта

алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ойынның слайдтары, қобдиша, физикалық приборлардың суреттері, оқушылардың шығармашылық көрмесі, физикалық тәжірибе жасауға арналған құралдар,

Әдіс-тәсілдері: ауызша жауап беру, тәжірибе жасау, сұрақ-жауап.

Формасы: ойын сабақ

БАРЫСЫ:

Ойынның шарттары:

  1. ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту) ;
  1. «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар) ;
  1. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп) ;
  1. «КІМ ТАПҚЫР!» (Ғажайып жетілік) ;
  1. «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау) ;
  1. СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)
  1. «ТІЛ - ӨНЕР»(жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)
  2. «Физикалық диктант . . . »

- Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Қызықты физика» атты физикалық ойынына қош келдіңіздер!

Уа жарандар, жарандар!

Бәрің бері қараңдар.

Бәріңе жар салайық,

Жылдам шешіп жарысып,

Сұрақ пенен есепті.

Приборларды сөйлетіп,

Жасайық тәжірибені.

Көңілді ойын жасайық,

Асықпайық, саспайық.

Физиканың еліне

Батыл қадам жасайық,

Осылайша шабытпен,

Ойынымызды бастайық!

- Ойынға қатысушы оқушыларға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Ойынға 2 топ қатысады.

  1. «Ойшылдар»тобы
  1. «Тапқырлар»тобы
  1. ТАНЫСТЫРУ

(Ойынға қатысушы екі топ өздерін таныстырады. )

1-топ: «Ойшылдар» тобы

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн ойында ойшылдықпен аламыз.

Сәлемдесуі:

Достарым ерігіп жүрме бос,

Қол ұстас, бірігіп тізе қос.

Жеңіспен мәреге барайық,

Жеңістің ұранын салайық.

2-топ: «Тапқырлар» тобы

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі:

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!

  1. «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар)

2 топқа викториналық сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап - 1 ұпай

1-топ: «Ойшылдар» тобы

  1. Шам, плита жұмысын жасай қалды,

Ал оның есептен-ақ басы айналды. /Электр есептегіш/

  1. Электр тогы дегеніміз не? / зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы/
  1. Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі /Рекс/
  1. Радионың атасы /Александр Сергеевич Попов/
  1. Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. /Әл-Фараби/
  1. Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? /алма/
  1. Заттың ең кішкентай бөлігі? /атом/
  1. Физика не туралы ғылым? /табиғат/
  1. Келвин шкаласында судың қайнау температурасы? /373К/
  1. 1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? /адам ғарышқа ұшты/

2-топ: «Тапқырлар» тобы

  1. Энергияның дененің көбірек қызған бөлігінен азырақ қызған бөлігіне қарай таралуы. -Жылу өткізгіштік
  2. Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысуы -Қатаю, кристалдану.
  3. Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді ?-Спидометр
  4. Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды? /Жетіқарақшы/
  5. Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? /Джоуль/
  6. Ауаның қысымын анықтайтын құрал /Барометр/
  7. Физиканың жылу құбылыстарын зерттейтін бөлімі /Термодинамика/
  8. Сұйықтың бетінде болатын булану құбылысы -Кебу
  9. Келвин шкаласында судың қату температурасы - /273 К/
  10. Сублимация дегеніміз не? - Заттың қатты күйден сұйыққа айналып, буға айналу құбылысы

III. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп) ;

Тапсырма: Сіздің қолыңызда - 500 теңге ақша бар, оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек. Жылқы - 50 теңге, сиыр - 10 теңге, қой - 1 теңге. Ойынға ойыншылармен бірге барлық көрермендер де қатысуға болады. Есептің шешуі ойынның соңында сұралады.

Есепті ең бірінші тапқан ойыншыға - 500 теңге ұтыс беріледі.

50 теңге 10 теңге 1 теңге

- Олай болса, ойынымыздың келесі шартына көшейік.

IV. «КІМ ТАПҚЫР!»

4. Ой жинақтау.

1. 10 Ғалымдар - Орыс тіліне «физика» деген сөзді алғаш енгізген үлы ғалым.

( М. В. Ломоносов)

2. 20 Ғалымдар - 1969 жылы айға алғаш табан тіреген американ ғалымдары кім? (Н. Армстронг пен Э. Олдрин)

3. 30 Ғалымдар - Сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін зерттеген ғалым. (Блез Паскаль)

4. 40 Ғалымдар - Атмосфералық қысымның ауа райына байланысты өзгеретінін алғаш байқаған қай ғалым еді. ( Э. Торричелли)

1. 10 Формула - Бұл қандай формула. (жылдамдықтың уақытқа байланысты формуласы)

2. 20 формула - бұл қай өрнек. ( қозғалыс заңы)

3. 30 формула - қай формула. (дененің тығыздығы)

4. 40 формула - бұл қай өрнек. (Қылтүтіктің көтерілу биіктігі)

1. 10 Өлшем бірлік - м/с қандай формуланың өлшем бірлігі. (жылдамдықтың)

2. 20 Өлшем бірлік - м 2 қандай формуланың өлшем бірлігі. (аудан)

3. 30 Өлшем бірлік - Паскаль қай формулаға тиісті. (қысым)

4. 40 Өлшем бірлік - Ньютон қандай формуланың өлшем бірлігі. (күш)

1. 10 аспаптар - Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған аспап. (Ареометр) .

2. 20 аспаптар - Сұйықсыз сөзінің грекше баламасы. (анероид)

3. 30 аспаптар - Ұшақтардың ұшу биіктігін қадағалап отыратын аспап. (альтиметр)

4. 40 аспаптар - Сфигмотанометр дегеніміз қандай аспап. (Жүрек соғуын өлшейтін аспап) .

1. 10 Салт-дәстүр - Айтыстың ен көне түрі (Бәдік)

2. 20 салт-дәстүр - Сәукелені желегімен кім, қай уақытта киген ? (Жаңа түскен келін)

3. 30 Салт дәстүр - Өмілдірік деген не? (Ер тұрман әбзелі)

4. 4 0 Салт-дәстүр Үш қуатты ата (ақыл, жүрек тіл)

V. «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау) ;

2 топтың ойыншысы 2 конвертті таңдайды. Дұрыс жасалған тәжірибеге - 10 ұпай.

«А» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы

Тапсырма: 1. Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал.

Не байқалады?

Жұмыртқа стақан түбіне дейін түседі, яғни батады.

Себебі: Жұмыртқаның тығызыдығы судың тығыздығынан артық .

2. Жұмыртқаны стақанның ішінен ал, стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық ерігенше араластыр. Енді жұмыртқаны стақанға ептеп сал.

Не байқалады?

Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады, яғни батпайды.

Себебі: тұзды судың тығыздығы жұмыртқаның тығыздығынан артық, сондықтан да жұмыртқа батпайды.

«В» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: Стақан, өлшемдері стақан диаметрінен үлкен қалың қағаз

Тапсырма: Стақанды жиегіне дейін су толтыр.

1. Бетін қағазбен жап.

2. Бір қолыңмен стақан түбінен ұстап екінші қолыңның алақанымен су төгілмейтіндей етіп қағаз бетін стақанға қысып ұста.

3. Енді түбін жоғары қаратып, стақанды өте шапшаң төңкер.

4 Қолыңды ептеп қағаздан ажырат.

Не байқалады?

Су стақаннан төгілмейді. Қағаз стақанға кептеліп қалған тәрізді. Төңкерілген стақандағы су неге төгілмейді?

Себебі: Стақан түбіндегі қатты қағазға төменнен жоғары әсер ететін ауаның қысым күші стақан ішіндегі судың салмағынан көп болады. Сондықтан қатты қағаз стақанға тығыз жабысып, су төгілмейді.

VI. СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)

Тапсырма: Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады?

Жауабы: МЫСЫҚ

VII. «ТІЛ - ӨНЕР»

(жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)

Дұрыс жауапқа қазақ тілінде - 10 ұпай, орыс тілінде - 10 ұпай, ағылшын тілінде - 10 ұпай.

Сұрақтар:

  1. Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланады күн сайын жарық үшін. (ток, ток, energy)

2 Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, ruler)

3. Суға салсаң батпайы,

Отқа салсаң жанбайды. (мұз, лед, ice)

4. Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)

5. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа, воздух, air)

6. Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді. (күн, солнце, sonne)

VIIІ. «Физикалық диктант . . . »

1. Табиғаттағы физикалық құбылыстарды әрі денелердің физикалық қасиеттерін зерттейтін ғылым . . . деп аталады. (Физика)

2. Пішіні мен көлемін сақтау . . . тән қасиет. (қатты денеге)

3. Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, оның . . . соғұрлым жоғары болады. (температурасы)

4. Коперниктің « . . . айналуы туралы» деп аталатын еңбегі 1543 жылы жарық көрді. (Аспан сфералары)

5. Басқа денелер әрекет тигізбегенде дененің тыныштық күйін сақтау құбылысы . . . деп аталады. (инерция)

6. Латынша деформация . . . , . . . деп аталады. (бүліну, бұзылу)

7. Сүттің майлылығын анықтау үшін қолданылатын ареометрлер - . . . деп аталады. (лактометр)

8 . . . деп сұйықтың беттік қабатында әрекет ететін күш. (беттік керілу күші)

9. Атмосфералық қысым . . . байланысты өзгереді. (биіктікке)

10. Денені бір орыннан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы . . . деп аталады. (механикалық жұмыс)

Енді «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп) кезеңінің жауабын тыңдап көрейік

Тапсырма: Сіздің қолыңызда - 500 теңге ақша бар, оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек. Жылқы - 50 теңге, сиыр - 10 теңге, қой - 1 теңге. Ойынға ойыншылармен бірге барлық көрермендер де қатысуға болады. Есептің шешуі ойынның соңында сұралады.

Екі топтың ойыншыларының бағалау парағы бойынша қорытындысын шығару.

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Р/с: Р/с
Ойын шарттары: Ойын шарттары
Ойшылдар: Ойшылдар
Тапқырлар: Тапқырлар
Р/с: 1
Ойын шарттары: ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту) ;
Ойшылдар:
Тапқырлар:
Р/с: 2
Ойын шарттары: «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар) ;
Ойшылдар:
Тапқырлар:
Р/с: 3
Ойын шарттары: «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп) ;
Ойшылдар:
Тапқырлар:
Р/с: 4
Ойын шарттары: «КІМ ТАПҚЫР!» (берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру) ;
Ойшылдар:
Тапқырлар:
Р/с: 5
Ойын шарттары: «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау) ;
Ойшылдар:
Тапқырлар:
Р/с: 6
Ойын шарттары: СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)
Ойшылдар:
Тапқырлар:
Р/с: 7
Ойын шарттары: «ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)
Ойшылдар:
Тапқырлар:
Р/с: 8
Ойын шарттары: «Физикалық диктант . . . »
Ойшылдар:
Тапқырлар:
Р/с:
Ойын шарттары: Жалпы ұпайы
Ойшылдар:
Тапқырлар:

Олар жайлы төреші,

Көрермендер өздерің.

Ақ - қарасын айырып,

Куә болды көздерің.

Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендеріңе көп рахмет!

Шын сезінген көрерменге

Айтамыз біз мың рахмет! - дей. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!

«Қызықты физика» «Плитка және үтік» физикалық ойынынан көрініс

Сахнада үтік пен плита өзара артықшылықтарын айтып, мақтанып жатады.,

Плитка: Менің адамдарға тигізетін пайдалы өте көп. Менің қызуыма олар тамақ пісіреді, шай кофе қайнатады.


Ұқсас жұмыстар
Жылу құбылыстары. 8 сынып
Сабақты қортындылау
Жылу мөлшерін есептеудің формуласы
Сұйықтар мен газдардың қысымы
Қатты денелер
Өлшем бірлігі
Тарауды қайталау
Молекула - кинетикалық теорияның негіздері
Дене температурасының оның молекулаларының жылдамдығына тәуелділігі. Заттың агрегаттық күйлері және оларды молеклалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру
Лоренц күші
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz