Көмірсулар мен моносахаридтер: глюкозаның құрылымы, қасиеттері, түзілуі және қолданылуы

Шұбарқұдық гимназиясы

11 сынып

Өткізген: Назар А. Н.

химия пәні мұғалімі

2013-2014 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Көмірсулар. Моносахаридтер. Глюкоза.
Сабақтың мақсаты :
Білімділік : Глюкозаның құрылысы, табиғатта түзілуі, алынуы, жалпы қасиеттері, маңызы мен қолданылуы туралы түсінік беру және білімдерін кеңейту;
Дамытушылығы : Оқушылардың зейінін, танымдық белсенділігін, өзіндік пікірін қалыптастыру, ой өрісін, шығармашылық мүмкіндігін дамыту;
Тәрбиелілігі: Оқушыларды сабақтың мазмұнына бойынша алғырттыққа, өз бетінше ізденуге, бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі : жарыс сабақ

Сабақ типі : жаңа сабақ
Сабақ әдісі : ақпаратты - комплексті, түсіндірмелі - эвристикалық, сұрақ - жауап, интерактивті оқыту әдісі
Құрал - жабдықтар: тақырыптық слайд, химиялық ыдыстар, спиртшам, мыс гидроксиді, күміс нитраты, глюкоза ерітіндісі, суреттер

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру
2. Жаңа сабақ
3. Есептер шығару
4. Үйге тапсырма

5. Бағалау
Күтілетін нәтиже:
Глюкозаның молекулалық құрылысын және оның көпатомды спирттерге тән қасиеттерін сипаттай алады.
Глюкозаның химиялық қасиеттерін талдай алады.
Есептер мен жаттығуларды өз бетімен орындай алады.

Танымпаздық іс - әрекеті, ойлау белсенділігі, тапқырлығы артады.
1. Ұйымдастыру
2. Жаңа сабақ

Глюкоза молекуласының құрылысы

Глюкозаның глюкозаның глюкозаның

α - формасы альдегид формасы β - формасы

Табиғатта түзілуі мен алыну жолдары:

1. Фотосинтез реакциясы

6СО 2 + 6Н 2 О → C 6 Н 12 O 6 + 6О 2

2. Формальдегидтен синтездеу

3. Крахмалды гидролиздеп алу

Физикалық қасиеттері:

Глюкоза - түссіз, қатты кристалды зат, дәмі тәтті, суда жақсы ериді

Химиялық қасиеттері:

Альдегид тобына тән реакциялары

1. Күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен

СН 2 ОН-(СНОН) 4 -СНО + Аg 2 0 → СН 2 ОН-(СНОН) 4 -СООН + 2Аg↓

2. Мыс (ІІ) гидроксидімен қыздыру

СН 2 ОН-(СНОН) 4 -СНО + Cu(OH) 2 →СН 2 ОН-(СНОН) 4 -СООН + +Cu 2 O↓+ 2H 2 O

3. Катализатор қатысында сутекпен тотықсыздану

СН 2 ОН-(СНОН) 4 -СНО + H 2 → СН 2 ОН-(СНОН) 4 -СH 2 ОН

Көпатомды спирттерге тән қасиеттері

4. Спирттік ашуы

C 6 Н 12 O 6 → С 2 Н 5 ОН + 2СО 2

5. Сүт қышқылды ашуы

C 6 Н 12 O 6 → 2СН 3 - СН (ОН) - СООН

6. Тотығуы

C 6 Н 12 O 6 + 6О 2 → 6СО 2 ↑ + 6Н 2 О + Q


Есептер шығару.

1топ.

20мл 40% глюкоза ерітіндісіндегі еріген зат пен судың массасын табыңдар

2топ.

Шоколадтың құрамында 47, 5 % көмірсу болады. 150г шоколадтың құрамындағы көмірсудың массасын табыңыз

3топ.

Құрамында 5 % крахмалы бар 1кг картоптан алынатын глюкозаның массасы

Глюкозаның маңызы мен қолданылуы
Глюкоза адам организмінде зат алмасу процесіне қатысады. Тамақ арқылы қабылданған крахмал, қант сияқты күрделі көмірсулар ферменттердің әсерінен ас қорыту жолдарында глюкозаға ыдырайды. Адам организмінде глюкозаның негізгі бөлігі энергия қоры ретінде жұмсалады. Тірі организм клеткаларында глюкоза оттекпен бірнеше саты арқылы біртіндеп тотығады.
Көмірсулар тез ыдырап, организмді тез арада қажет болатын энергиямен қамтамасыз етеді. Ас қорыту каналында полисахариттер моносахариттерге дейін ыдырап, ішек бүрлерінің капилляраларындағы қанға өтеді. Егер қанттың қандағы мөлшері азайса (гипогликемия) организм шаршап, бас айналып, көз қарауытады. Бұл жағдайда қанға немесе тері астына глюкозаның ерітіндісін жіберсе, не кәдімгі қант жесе, аз уақыттың ішінде - ақ гипогликемиялық шок деп аталатын жоғарыда аталған жағдайдың барлығы жойылады.

Үйге тапсырма
“Адам организміндегі глюкозаның маңызы”

Фруктоза және рибоза мен дезоксирибоза

Бағалау


Ұқсас жұмыстар
Крахмал және целлюлоза: құрылымы, қасиеттері, алынуы және қолданылуы
Полисахаридтер: крахмал мен целлюлозаның құрылымы, химиялық-физикалық қасиеттері және биологиялық маңызы
Көмірсулар: түрлері, химиялық қасиеттері және биологиялық маңызы
Азот қышқылы мен нитраттардың құрылымы, қасиеттері және қолданылуы
Көмірсулар мен глюкоза: құрамы, құрылысы, алынуы және химиялық-физикалық қасиеттері (орта мектепке арналған аралас сабақ жоспары)
Кремний және оның қосылыстары: алынуы, құрылымы, қасиеттері және қолданылуы
Алюминий және оның қосылыстары: қасиеттері, құрылымы және қолданылуы
9-сынып химиясы: көмірсулар (глюкоза) - құрамы, құрылысы және адам ағзасындағы маңызы
Күкірт қышқылының құрамы, құрылымы, химиялық қасиеттері және қолданылуы: сабақ жоспары
Метан қатары көмірсутектері: алкандардың құрылымы, қасиеттері және қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz