6-сынып математика пәні: Кері пропорционал шамалар тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Сабақ жоспарының құрылымы

Сыныбы: 6

Пәні: Математика

Пән мұғалімі: Шөменова Л. Ш

1. Сабақ тақырыбы: Кері пропорционал шамалар

2. Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі:

Кері пропорционал шамалар туралы түсінік қалыптастыру, тақырыпқа есептер шығару

3. Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі:

Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс

4. Сабақтың нәтижелері (Оқушылар білетін, түсінетін болады және жасай алады) :

Білу: Кері пропорционал шамалар туралы білетін болады (барлығы) ;

Түсіну: Кері пропорционалдықтың қасиетін түсінеді (барлығы) ;

Қолдану: Есеп шығаруда ережені қолдана алады (көпшілігі) ;

Талдау: Кері және тура пропорционал шамаларды ажырата біледі (көпшілігі) ;

Жинақтау: Кері пропорционал шамаларға мысалдар келтіре алады (кейбіреуі) ;

Бағалау: Өзінің және өзгенің жұмысын бағалай алады (кейбіреуі)

5. Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау (әрбір оқушыны оқыту туралы білу) :

Мадақтау, өзін-өзі бағалау, жұптарда өзара бағалау, топтарда өзара бағалау, бағдаршам әдісі

6. Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу:

Мен тапсырма мақсатына қол жеткізуге көмектесемін. Мен сондай-ақ қатарларды аралап шығамын.

7. Ресурстар мен жабдықтар (алдын ала тапсырыс беру қажет тех. құрылғылар тізімі) : пауер пойнт, үлестірмелер, плакаттар

Сабақ барысы

Бөлім
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушылар іс-әрекеті
Ресурстар
Бөлім: Кіріс пе
Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларды топқа бөлу
Оқушылар іс-әрекеті: Стикерлерге ондық бөлшектер, жай бөлшектер және натурал сандар жазылады, сол сандар арқылы топтарға отырады
Ресурстар: Стикерлер, жұмыс парағы
Бөлім: Психологиялық тренинг «Көтеріңкі көңіл-күй»
Мұғалім іс-әрекеті: Оқушылар бүгінгі сабаққа тілегін жазып, бір-біріне береді
Бөлім: Тұсау кесер
Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырамын және жұмыс жоспарымен таныстырамын
Оқушылар іс-әрекеті: Оқушылар күн мен сабақтың тақырыбын жазады.
Ресурстар: Үлестір ме қағаздар
Бөлім:
Мұғалім іс-әрекеті: Үй тапсырмасын сұрау
Оқушылар іс-әрекеті: Тапсырманы жұптарда өзара тексеріп бағалайды
Ресурстар:
Бөлім: Негізгі бөлім
Мұғалім іс-әрекеті:

Математикалық диктант /ортақ жеке жұмыс/

Жұмыс кері байланыс парақтары арқылы тексерілетін болады

Оқушылар іс-әрекеті:

Оқушылардан сұралатын болады, біліммен бөліседі

а) Сөйлемді толықтырыңдар:

«Екі қатынастың теңдігі . . . деп аталады»

«Егер бір шама бірнеше есе артқанда (кемігенде), екінші шама сонша есе артатын (кемитін) болса, онда мұндай шамалар . . . деп аталады»

«Натурал санды бөлшекке немесе бөлшекті натурал санға бөлу үшін . . . »

«Картадағы кесінді ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын . . . деп атайды»

Ресурстар: Плакаттар, жұмыс парағы
Бөлім:

Ой қозғау /топтық жұмыс/

  1. Кері пропорционал шамалар дегеніміз не?
  2. Кері пропорционал шамалардың қасиеті
  3. Кері пропорционал шамаларға мысалдар

Топ жұмысы бағдаршам арқылы бағаланады

Мұғалім іс-әрекеті: Оқушылар топпен талқылайды. Талқылап болғаннан кейін тақырыпты топ баяндамашысы түсіндіреді.
Бөлім:
Мұғалім іс-әрекеті:

Оқулықпен жұмыс /топтық жұмыс/

1-топқа: №172 (1)

2-топқа: №172 (2)

3-топқа: №174

Оқушылар іс-әрекеті: Оқушылар есептерді топта талықлап содан кейін тақтаға жазатын болады (Әр топтан орындығына стикер жапсырылған оқушы есепті тақтада шығарады)
Ресурстар:
Бөлім:
Мұғалім іс-әрекеті:

Венн диаграммасы

Тура және кері пропорционал шамалар

Оқушылар іс-әрекеті:
Ресурстар:
Бөлім:
Мұғалім іс-әрекеті:

Бөшкеден шыққан басқатырғылар /топтық жұмыс/

№1. Жылдамдығы 75 км/сағ поезд екі қаланың арасын 6 сағат жүрді. Поезд осы аралықты 5 сағатта жүріп өту үшін қандай жылдамдықпен жүруі керек?

№2 Кітапта 132 бет бар. Бір бетте 40 жол, бір жолда 27 әріптен жазылған. Егер бір бетке 48 жол, бір жолға 30 әріптен жазылса, осы кітапта неше бет болар еді?

№3 Дайындалған мал азығы 75 сиырға 184 күнге жетеді. Егер сиырлар саны 40 сиырға өссе, осы дайындалған мал азығы неше күнге жетер еді?

Оқушылар іс-әрекеті: Оқушыларға бөшке ішіне салынған есептер беріледі.
Ресурстар:
Бөлім: Қорытынды
Мұғалім іс-әрекеті:

Бақылаушылардың, топ басшылардың пікірін тыңдау.

Түсінбеген 1 сұрағын стикерге жазуды тапсыру

Оқушылар іс-әрекеті:

Топ жетекшілері сабақ басында қойылған критерийлер бойынша өз тобын және басқа топтарды бағалайтын болады.

Сонымен бірге оқушылар сабақ рефлексиясын және сабақ барысында түсінбеген 1 сұрағын стикерге жазып тапсырады.

Ресурстар: Бағалау парағы

Ұқсас жұмыстар
4-сынып математикасы: пропорционал бөлуге арналған сабақ жоспары
Физика пәні: §6.4 Фотоэффект тақырыбы бойынша сабақ жоспары
6-в сыныпқа арналған математика сабақ жоспарлары: жай және ондық бөлшектер, проценттер, қатынас, пропорция, тура және кері пропорционалдық, масштаб пен бақылау жұмыстары
6-сынып математика пәні: Рационал сандарға амалдар қолдану сабақ жоспары
6-сынып математика пәні: Санды теңсіздіктердің қасиеттері - сабақ жоспары
8-сыныпқа арналған ағылшын тілінде математика пәні: тіктөртбұрыш тақырыбы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
6-сынып математика: санды теңсіздіктердің қасиеттері бойынша сабақ жоспары
Қысқа мерзімді жоспар: 3-сынып математикасы - пропорциялы тең бөліктерді табу және төртінші пропорционал бойынша есептер
6-сынып математика: Рационал сандарды көбейту бойынша сабақ жоспары
6-сынып физикалық географиясы: Өзен тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz