Апталықты өткізу жоспары

2011-2012 оқу жылы 17-22 қазан аралығында өткен

Математика пәні апталығы бойынша жүргізілген жұмыстарға

талдау

Жұмыс

бағыты

Сипаттамасы
Нәтижесі
Жұмысбағыты:

Іс- жоспар

Сипаттамасы: Апталық жұмысының жоспарлануы
Нәтижесі:

2011-2012 оқу жылында Математика пәні апталығы 17-22 қазан аралығында пән мұғалімдері Рысмендеева Ж. Қ., Нүсіпалиева Р. К. тікелей ұйымдастыруымен жүргізілді. 15 қазан күні пән мұғалімдерінің отырысы болып, апталықта жүргізілетін іс-шаралар жоспарланды.

Жоспар уақтылы дайындалып, бекітілді. Жоспар кең көлемді, талапқа сай құрылған. Апталық Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ» тақырыбы аясында өткізілді.

Жұмысбағыты:

Безендірілуі

Сипаттамасы: Апталыққа арналған бұрыш шығару
Нәтижесі:

Апталықтың бірінші күні дәлізде апталық бұрышы ұйымдастырылды. Бұрышты безендірген ақпараттар мынадай мазмұнда:

  1. Апталықты өткізу жоспары;
  2. О. Жәутіковтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған қабырға газеті;
  3. Логикалық тапсырмалар жазылған газет.
  4. «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына 20 есеп» оқушылар арасындағы байқаудың талаптары мен кітапша түріндегі тапсырмалары.

Бұрыштың безендірілуі, қабырға газеттерінің мазмұны эстетикалық талапқа сай, апталық тақырыбымен ұштасатын, мазмұны бай.

Жұмысбағыты:

Өткізілуі

Сипаттамасы: Апталықтағы іс-шаралардың жоспарға сай жүргізілуі
Нәтижесі:

Апаталықты өткізу жоспарындағы іс-шаралардың барлығы толықтай қамтылды. Мектепішілік басқа да іс -шаралардың жүргізілуіне байланысты өткізу уақытында ауытқушылықтар болды. 2010-2011 оқу жылымен салыстырғанда жүргізілген жұмыстар саны біршама көтерілді.

:
:
:
:
:
:
:
:

Жылы
Көрме, жарыс, байқаулар
Сыныптан тыс сабақ
Марапатталған топ немесе оқушылар саны
2010-2011
1
3
6
2011-2012
3
6
40
Жұмысбағыты:
Сипаттамасы:
Нәтижесі:
Жұмысбағыты:
Сипаттамасы:
Нәтижесі:
Жұмысбағыты:
Сипаттамасы:
Нәтижесі:
Жұмысбағыты:

Оқушылардың қатысуы

Сипаттамасы: Мектеп оқушылары-ның апталық жұмысына қамтылуы
Нәтижесі:

Апталық жұмысына 5-11 сынып оқушылары тартылды. Оқушылардың қатысу белсенділігі өте жоғары болды.

Тек бір ғана «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына 20 логикалық тапсырма» оқушылар арасындағы байқауына 5-8 сынып арасында 26 оқушы қатысты.

Жүргізілген жұмыстар бойынша беслсене қатысқан, жеңімпаз болған 40 оқушы марапатталды.

Жұмысбағыты:

Қорытынды және ұсыныстар

Сипаттамасы:
Нәтижесі:

2011-2012 оқу жылындағы Математика пәні апталығы жұмысын жан-жақты талдай отырып, төмендегідей қорытынды жасауға болады:

  • Апталықта жоспарға сай жұмыс жүргізілді.
  • Барлық көрсеткіштер бойынша тұрақты динамика байқалады.
  • Апталық жұмысына жақсы деген баға берілді.

Келесі мәселелер бой көтерді :

  • Апталықтың болатыны туралы пән мұғалімдеріне 3 күн бұрын ескертілді. Бұл апталықты өткізу деңгейін бұдан да жақсы көрсеткішке ие болуына кедергі келтірді.
  • Оқушылардың басқа да қоғамдық жұмыстарға тартылуы жоспарланған жұмыстардың уақтылы өтпеуіне себепші болды.
  • Оқушыларды ғылыми - шығармашылық жұмыстарға тарту бойынша ауқымды іс-шаралар жүргізілген жоқ.

Осы мәселелер арқылы 2012-2013 оқу жылында жұмыстың тиімділігін арттыруды көздейтін мынандай ұсыныстар туындайды:

  • Оқу жылының алғашқы күндері Пән апталықтарын өткізу графигі дайындалса;
  • Жоспарлау жұмысын мектепте өткізілетін басқа да іс-шараларды ескере отырып жүргізу.
  • Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлауда Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған бағдарламасын басшылыққа ала отырып жұмыстар жүргізу. Атап айтқанда, оқушыларды ғылыми-шығармашылық жұмыстарға тарту.
  • Оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарының дәстүрлі емес, қызықты түрлерін ұйымдастыру.

Ұқсас жұмыстар
Бірлестік жетекшісі кабинеті
Орыс тілі пәні мұғалімі
Көңілді, тапқыштар, білімділер
Болашаққа үміт, жастарға сенім
Математика пәні бойынша білімдерін тереңдету
Тәрбие ісінің жетекшісі
Физика біліктілері
Математика, физика және информатика апталығы
Психологтың айлық, апталық жоспары. 2013-2014ж
Жылдық жоспар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz